Сыбайлас жемқорлық



Дата31.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#78137

Сыбайлас жемқорлық

Сыбайлас жемқорлық (лат. corruptio - сатып алу) - мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тарихы 1992 жылдың басынан басталды – «Қылмыстың ұйымдасқан түріне және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі шаралар туралы» жарлығы 1992 жылдың 17 наурыз айында шыққан.

Сыбайлас жемқорлық екі жолмен жүзеге асырылады:

  • 1. Мемлекеттік қызыметшінің өзі алдына келген адамды пара, сыйақы беруге мәжбүрлеу.
  • 2. Белгілі бір адам, бұл ұйымдасқан қылмыс өкілі болуы мүмкін, мемлекеттік кызыметшіге көп жағдайда психологиялық қысым көрсетіп, оны «сатып алу» мақсатында пара, сыйақы алуға итермелейді.

Сыбайлас жемқорлық:

  • Сыбайлас жемқорлық құбылысының өзіне тән белгілері бар.
  • Әрбір мемлекет қазіргі құқықтық дәстүрлер негізінде өздерінің жемқорлыққа қарсы құралдар жиынтығын анықтайды.
  • Сыбайлас жемқорлық – бұл, ең алдымен, әлеуметтік құбылыс.

Нәтижесінде: Қызыметке ретсіз қабылдау және көтермелеу, қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу.


Жемқорлықтың жалпылама белгілері
Лауазымды адам
Ақша немесе мүлік пара алу
Пара беруші

сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!


жемқорлық
Параға сатып алу
сатқындық
Көрәнбейтін қылмыстың бір түрі

Тарихи Дамуы

  • Сыбайлас жемқорлықтың даму тарихы ежелгі кезеңнен бастау алады. Атақты француз философы Шарль Луи Монтескье: «Көптеген ғасырлар тәжірибесі көрсеткендей, қолында билігі бар адам, қылмыс жасауға бейім тұрады және де тиісті шекке жетпейінше, сол бағытта әрекет жасай береді», - деп айтқан . Қарт тарих шумерлар мен семиттер дәуірінде де мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық дендегенін айтады. Мысалы, Лагаш Патшасы (Ирак жерінде іргесі қаланған ежелгі мемлекет) Урукагина шенеуіктер мен судьялардың жемқорлыққа салынуын айыптаған ең алғашқы патша болып саналады. Ол лауазымды тұлғалардың қызметтерін теріс пайдалануын сынап отырған. Патша әкімшілігі жанындағы храм қызметкерлерінің халықты дінмен қорқытып, пара талап етуін тоқтатқан. Салт-дәстүрді желеу етіп, рәсімдер үшін жиналатын төлемдерді азайту мақсатында мемлекеттік басқаруға өзгерістер енгізген. 

Сыбайлас жемқорлық және онымен күрес сонау ежелгі заманда пайда болған. Сазға жазылған сына жазудың арқасында қазіргі уақытқа дейін жеткен тарихи мәліметтерге сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресуші боп танылған бірінші билеуші б.з.д. 2400 жылда өмір сүрген шумерлік билеуші болған. Ол жемқорлық үшін өте қатал жаза енгізген. Өкінішке орай, тақтайшаларда, оның оң нәтижеге жеткен жетпегені туралы айтылмаған. Жемқорлықты айыптау көптеген діни кітаптарда кездеседі, бірінші кезекте Құран мен Библияда. Ал б.з.д. IV ғасырда Индияда «Арташастра» трактаты жазылған болатын, онда жемқорлықтың түрлері мен онымен күресу тәсілдері талқыланған. Қоғамның дамуына және кітапбаспаның пайда болуына қарай ол туралы жиірек және көбірек жазылатын болды. 1787 жылы қабылданған АҚШ Конституциясына сәйкес сыбайлас жемқорлық президентке сенімсіздік жариялануға себеп болатын екі қылмыстың бірі болып табылады.

  • Сыбайлас жемқорлық және онымен күрес сонау ежелгі заманда пайда болған. Сазға жазылған сына жазудың арқасында қазіргі уақытқа дейін жеткен тарихи мәліметтерге сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресуші боп танылған бірінші билеуші б.з.д. 2400 жылда өмір сүрген шумерлік билеуші болған. Ол жемқорлық үшін өте қатал жаза енгізген. Өкінішке орай, тақтайшаларда, оның оң нәтижеге жеткен жетпегені туралы айтылмаған. Жемқорлықты айыптау көптеген діни кітаптарда кездеседі, бірінші кезекте Құран мен Библияда. Ал б.з.д. IV ғасырда Индияда «Арташастра» трактаты жазылған болатын, онда жемқорлықтың түрлері мен онымен күресу тәсілдері талқыланған. Қоғамның дамуына және кітапбаспаның пайда болуына қарай ол туралы жиірек және көбірек жазылатын болды. 1787 жылы қабылданған АҚШ Конституциясына сәйкес сыбайлас жемқорлық президентке сенімсіздік жариялануға себеп болатын екі қылмыстың бірі болып табылады.

Тарихқа сыбайлас жемқорлықпен сәтті күрестердің көптеген мысалдары мәлім. Міне солардың тек біреуі ғана. Франция, XVIII ғасырдың аяғы. Якобиндік диктатура қазасынан кейін билікті мемлекет тарихындағы ең сыбайластық тәртіп Директория жаулап алды. Директория басқарған жылдары Франция құлдырады. Кейін билікке бірінші консул болып сыбайлас жемқорлықпен батыл күрес бастаған Наполеон келді. Бұл күрес қатігездікке емес, жазаның бұлтартпастығына сүйенген. Бірнеше ай ішінде Наполеон керемет жетістіктерге жетті, сонымен қатар Директория кезінде ұрланған ақшаларды қазынаға қайтарды.

Тарихқа сыбайлас жемқорлықпен сәтті күрестердің көптеген мысалдары мәлім. Міне солардың тек біреуі ғана. Франция, XVIII ғасырдың аяғы. Якобиндік диктатура қазасынан кейін билікті мемлекет тарихындағы ең сыбайластық тәртіп Директория жаулап алды. Директория басқарған жылдары Франция құлдырады. Кейін билікке бірінші консул болып сыбайлас жемқорлықпен батыл күрес бастаған Наполеон келді. Бұл күрес қатігездікке емес, жазаның бұлтартпастығына сүйенген. Бірнеше ай ішінде Наполеон керемет жетістіктерге жетті, сонымен қатар Директория кезінде ұрланған ақшаларды қазынаға қайтарды.

Қазіргі уақытта ең танымал болып сингапурлық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес моделі танылады. Тәуелсіздік алған сәтінде 1965 жылы Сингапур сыбайлас жемқорлығы ең жоғарғы көрсеткішті ел болған: шенеуіктерге парасыз бір шешімді де рұқсат та берілмейтін.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет