Сыбайлас-жемқорлық


-жүргізуші: «Сыбайлас жемқорлық» деген не? (Слайд №4)



бет2/4
Дата31.10.2022
өлшемі28,45 Kb.
#46564
түріВикторина
1   2   3   4
1-жүргізуші: «Сыбайлас жемқорлық» деген не? (Слайд №4)
“Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. 
Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.
2- жүргізуші. Келесі кезекте бейнероликке берсек (Слайд №5,6)
Осы бейне роликті көрген кезде қандай сезімде болдыңдар?
Роликтегі адамдардың әрекеті дұрыс па? //видео

2-жүргізуші: ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, тікелей өзі немесе делдал арқылы өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”. (Слайд №7)
1-жүргізуші:
Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары:
- қоғамның бақытты болашағын тежейді;
- елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді;
- жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді. (Слайд №8)
2-жүргізуші: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢДАР: (Слайд №9, 10)

  1. ҚР 37 мемлекет қабылдаған конвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылдады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік –құқықтық актілерде қабылданды

Оларға «Мемлекет қызмет туралы» (1995) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (1998) ҚР заңдары жатады.
• ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану
• Коммерциялық сатып алу
• Қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану
• Билікті немесе қызметтік өкілеттілікті асыра пайдалану
• Пара алу
Қылмыстық жалғандық жасау
2001 жылы Мексикада БҰҰ - ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қоюға арналған. Дүниежүзілік конференция ашылды БҰҰ. 2003 ж 9 желтоқсан күнін халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн деп жариялады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет