|
-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары
|
бет | 6/6 | Дата | 06.01.2022 | өлшемі | 0,8 Mb. | | #11780 |
| Байланысты: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» - 4-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл:
- 1) заңдылық;
- 2) адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы;
- 3) жариялылық пен ашықтық;
- 4) мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы;
- 5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану;
- 6) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану;
- 7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды көтермелеу;
- 8) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.
5-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттері - 5-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттері
- 1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.
- 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай:
- 1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру;
- 2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою;
- 3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;
- 4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
- 5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|