4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері Бағдарламаның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімділігін арттыру
Нысаналы индикаторы: Қазақстан 2015 жылға қарай «Транспаренси Интернэшнл» рейтингінде сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексі бойынша 180 елдің ішінен 90-шы орынды иеленетін болады.
Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу ұйғарылып отыр: 1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ұлттық заңнаманы жетілдіру және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
2. Сыбайлас жемқорлық қауіптерін азайту бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттыру;
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру;
4. Көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендету.
Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері. Бірінші міндетті іске асырудың қорытындылары бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізіледі: - 2016 жылға дейін Сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы және Сыбайлас жемқорлық үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік туралы конвенциялар ратификацияланып, оның негізгі ережелері ұлттық заңнамаға имплементацияланады.
- 2015 жылға қарай Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі елдердің (ГРЕКО) тобына кіреді.
Екінші міндетті іске асырудың қорытындылары бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізіледі: - уақытын және шығындарын қоса алғана, бизнесті тіркеу мен жүргізуге (рұқсаттар, лицензиялар, сертификаттар, аккредитациялар алуға, сондай-ақ консультациялар алуға) қатысты операциялық шығындар 2011 жылмен салыстырғанда 2015 жылы 30%-ға төмендейді;
- берілетін лицензиялардың жалпы санының электрондық түрде берілетін лицензиялардың үлесі: 2011 жылы – 7 %, 2012 жылы – 20 %, 2013 жылы – 50 %, 2014 жылы – 70 %, 2015 жылы – 100 % құрайды;
- мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «тиімді қызмет» деген бағалаумен орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың үлесі 2011 жылы 30 %-ға, 2012 жылы 35 %-ға, 2013 жылы 40 %-ға, 2014 жылы 45 %-ға, 2015 жылы 50 %-ға артады;
- жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігіне қанағаттану деңгейі 2011 жылы 52 %-ға, 2012 жылы 54 %-ға, 2013 жылы 56 %-ға, 2014 жылы 58 %-ға, 2015 жылы 60 %-ға артады;
- 2015 жылға қарай әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтердің 50 %-ы электрондық нысанға ауысуы: 2011 жылы 10 %-ға, 2012 жылы 20 %-ға, 2013 жылы 30 %-ға, 2014 жылы 40 %-ға, 2015 жылы 50 %-ға қамтамасыз етіледі.
Үшінші міндетті іске асырудың қорытындылары бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізіледі: - мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына қанағаттанатын халықтың үлесі 2015 жылға қарай кемінде 60 %-ды құрайтын болады;
- халықтың құқықтық сауаттылығы: 2011 жылы 20 %, 2012 жылы 21 %, 2013 жылы 22 %, 2014 жылы 23 %, 2015 жылы 24 % құрайды.
Төртінші міндетті іске асырудың қорытындылары бойынша мынадай нәтижелерге қол жеткізіледі: - жалпы ішкі өнімнен көлеңкелі экономиканың деңгейі 2013 жылға қарай – 19,4 %, 2015 жылға қарай – 19,3 %-ды құрайды.
Бағдарламаны іске асыру жөніндегі негізгі орындаушысы Агенттік, бірлесіп орындаушылары – Жоғарғы Сот, Бас прокуратура, Ішкі істер, Әділет, Қаржы, Экономикалық даму және сауда, Сыртқы істер, Байланыс және ақпарат министрліктері және басқа да мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар болып табылады.