Сіби білім беру



Pdf көрінісі
бет123/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   256
Өлшеу 
құралдарын 
жіктеу.
Өлшеу 
құралдарына 
жататындар: тағайындалуы, әрекет тәртібі, метрологиялық сипаты 
мен басқа параметрлері бойынша бөлінетін өлшемдер, өлшеу 
құрылғылары, өлшеу түрлендіргіштері, өлшеу қондырғылары, 
өлшеу жүйелері. 
Мысалы, тағайындалуы бойынша басқа өлшеу құралдарын 
тексеру үшін қызмет ететін және үлгілік ретінде ресми бекітілген 
үлгілік және түрлі өлшеулерді орындау үшін қолданылатын, бірақ 
басқа өлшеу құралдарын тексеру үшін қызмет жасамайтын жұмыс 
өлшеу құралдары деп бөлінеді.
Өлшегіш құрылғылар шығыс сигналдарында болатын 
өлшегіш ақпаратты беру формасы бойынша аналогты және сандық 
болып бөлінеді. Аналогты деп шығыс сигналы өлшенетін шаманың 
(кіріс сигналының) физикалық аналогы болып табылатын құралды 
айтады. Мысалы, электромеханикалық вольтметрдің жылжымалы 
рамкасының қозғалуы - өлшенетін кернеу аналогы. Сандық деп 
сандық формада өлшенетін шаманың мәні туралы ақпараты бар 
шығыс сигналының құралы аталады. 
Есептік құрылғы түрі бойынша аналогты өлшегіш құралдар 
көрсетуші және тіркеуші, ал ақпараттық параметрінің түрі бойынша 


288 
біріктіруші және жинақтаушы болып бөлінеді.
Көрсетуші
деп көрсеткіштерді тек есептеуді ғана 
қамтамасыз 
ететін 
құралды 
(жылжымалы 
нұсқар 
және 
жылжымайтын шәкіл немесе жылжымайтын нұсқар мен 
жылжымалы шәкіл көмегімен) айтады.
Тіркеуші 
деп өлшеу ақпараттарын автоматты түрде белгілеу 
қарастырылған құралды айтады. Тіркеуші құралдарда өлшеу 
нәтижелері диаграмма түрінде жазылады (бір нүктелі өздігінен 
жазатын құралдар) немесе сандық формада басылады (басатын 
аналогты көп нүктелі құралдар, бір нүктелі және көп нүктелі сандық 
құралдар). Біріктіруші деп кіріс шамасы уақыт немесе басқа 
тәуелсіз айнымалы бойынша біріктірілетін құралды айтады 
(мысалы, электр энергиясының есептегіші уақыт бойынша қуатты 
біріктіреді). 
Жинақтаушы
деп көрсеткіштері оған түрлі каналдар 
бойынша өткізілген екі және одан көп шамалардың қосындысымен 
функционалды байланысқан құралды атайды. 
Өлшенетін шама бойынша өлшегіш құралдарды жіктеу 
құрал атауында бейнеленеді, мысалы, вольтметр, жиілік өлшегіш 
және т.б. Аралас деп (мультиметр) екі (және одан көп) әртүрлі 
атаулы шамаларды өлшеуге мүмкіндік беретін құралды айтады, ал 
тұрақты да, сондай-ақ, айнымалы тоқта жұмыс жасайтын құралдар 
әмбебап деп аталады. 
Өлшем 
деп берілген мөлшердегі физикалық шаманы алу 
үшін тағайындалған өлшегіш құралды айтады. Бір мағыналы, көп 
мағыналы және өлшемдер жинағы ажыратылады. Бір мағыналы 
өлшем бір өлшемдегі бір физикалық шаманы жаңғыртады, мысалы, 
қалыпты элемент, тұрақты сыйымдылық конденсаторы, гір. Көп 
мағыналы өлшем түрлі өлшемдегі бірдей атаулы физикалық 
шамалардың бірқатар мәндерін жаңғыртады, мысалы, айнымалы 
сыйымдылық 
конденсаторы, 
индуктивтілік 
вариометрі, 
миллиметрлі бөлінулері бар сызғыш. Өлшемдер жинағы түрлі 
өлшемдегі бірдей атаулы шамалардың бірқатар мәндерін жаңғырту 
үшін арнайы таңдалған өлшемдер жинақтамасын береді, сонымен 
бірге, өлшемдер жеке де, түрлі үйлесімде де қолданылуы мүмкін. 
Өлшемдер жинағының мысалдары: кедергі магазині, сыйымдылық 
магазині, гір жинағы. 
Физикалық шаманы өлшегенде өлшем міндетті түрде 
қолданылады. Нұсқарға дейін кірісінен бір бағытта кіріс шамасы 
түрленетін тікелей әрекеттегі құралдарда бұл оларды дайындау 
кезінде өлшемдер көмегімен калибрленген арнайы құрылғы. 
Салыстыру құралдарында кіріс шамасын өлшеммен тікелей 


289 
салыстыру жүзеге асады. Мұндай құралдарға мысал ретінде 
белдіктер мен потенциометр болып табылады. 
Тұрақты тоқтың ЭҚК өлшемі
қалыпты элемент (ҚЭ) болып 
табылады, яғни ЭҚК тура белгілі қайтымды гальваникалық элемент. 
ЭҚК шығуының жоғары дәлдігі оны құрылу қағидасымен 
қамтамасыз етіледі. 
Тұрақты және айнымалы тоқ тізбектерінде
R электрлік 
кедергі өлшемдері өлшегіш шарғылар мен резистор магазині болып 
табылады. Шарғыны орау үшін мангин сымы немесе лента 
қолданылады. Осындай шарғының атаулы кедергісі 
R
ат
= 10
n
Ом 
(ондағы 
n= 
-5...9, нөлді қосқанда).үлкен кедергіні қамтамасыз ету 
үшін (10 Омнан жоғары) шарғыда аса жұқа мангин сымды шыны 
оқшаулауда қолданады. Перспективті бағыт прецизионды баспа 
резисторларын пайдалану болып табылады. 
L индуктивтілік және М өзара индуктивтілік өлшемдері
жоғары сапалы оқшаулауыш материалдан жасалған тегіс тірекке 
оралған оқшаулауыш мыс сымнан жасалған өлшегіш катушкалар 
болып табылады. 
С сыйымдылық өлшемдері
ретінде иінтіректі немесе ашалық типті 
ауыстыратын құрылғылармен құрылымдық бірікке өлшегіш 
конденсаторлар және сыйымдылық магазиндері қызмет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет