Сіби білім беру


Өзін-өзі бақылау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет13/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   256
Байланысты:
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

Өзін-өзі бақылау сұрақтары
I.
1. Ғимараттар мен құрылыстарға анықтама беріңіз 
2.
Ғимараттар мен құрылыстардың негізгі бөліктерін атаңыз 
II.
1.Ғимараттар геометриялық белгілері бойынша қалай жіктеледі? 
2.
Ғимараттардың қандай типтерін білесіздер? 
3.
Ғимараттар мен құрылыстардың отқа тұрақтылық деңгейлерін атап шығыңыз? 
4.
Ғимараттар мен құрылыстардың негізгі бөліктеріне анықтама беріңіз? 
III.
1.Ғимарат пен құрылыстың айырмашылығы неде 
2.
Ғимарат пен құрылыстың ортақ белгілері қандай? 
3.
Қабырғалар қандай болуы мүмкін, айырмашылығы неде? 


26 
2.3
 
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын басқару және ұйымдастыру 
құрылымы 
Электрлік монтаждау тресті құрамына электрлік монтаждау және реттеу 
жұмыстарының басқармасы, өндірістік-технологиялық жинақтау және 
механикаландыру басқармасы, зертхана, оқу орны және басқа да бөлімшелер 
енеді. Электрлік монтаждау басқармасы құрылыс нысандарда жұмыстар 
атқаратын монтаждау учаскелерінен, өндірісті дайындау учаскесінен, 
электрлік монтаждық әзірлемелер шеберханасынан (ЭМШ), жабдықтарды 
және көлікті жинақтау учаскесінен құралады. 
Құрылыс 
– 
монтаждау 
кәсіпорындарының 
ұйымдастырушылық 
құрылымы жоғарыда сипатталғандардан өзгеше болуы мүмкін, дегенмен, кез 
келген жағдайда ол икемді басқару жүйесі түрінде болады. 
Ғимараттарды салу бойынша жұмыстардың тұтас кешенін бес кезеңге 
жіктеуге болады: дайындық жұмыстары; нөлдік цикл – нөлдік белгіге, яғни 
бірінші қабаттың еденіне дейін барлық жер асты құрылымдарын тұрғызу 
жұмыстары (қазаншұңқыр және ор қазу, іргетасын құю, жертөле дайындау
құбыр жүйелерін тарту, гидрооқшаулау және т.б.); жер үсті бөлігін тұрғызу – 
құрылыс-монтаждау, 
санитарлық-техникалық, 
электрлік 
монтаждау 
жұмыстары және құрылғыларды монтаждау; әрлеу жұмыстары; аумақты 
абаттандыру (аумақты көгалдандыру, жолдар, тротуарлар салу, сыртқы 
жарықтандыру және т.б.). 
Осы жұмыстардың барлығын орындау әр түрлі әдістермен жүзеге 
асырылуы мүмкін. 
Тізбекті әдіс
жеке ғимараттар немесе үлкен 
ғимараттардың бөліктері (немесе орамдар) ретімен салынады, яғни кейінгі 
орамдағы құрылысты алдыңғысындағы жұмыстар толықтай орындалғаннан 
кейін бастайды. 
Параллель әдіс
жағдайында ғимаратты немесе оның 
жекелеген бөліктерін салуды бір мезгілде жүзеге асырады. Бұл жағдайда 
құрылыс мерзімі біршама қысқарады, бірақ бір мезгілде жұмысшылардың, 
сәйкес машиналар мен механизмдердің саны көп болуы талап етіледі. Тиімді 
және кеңінен қолданылатын 
ағынды әдістің
мәні нысанды салудың 
технологиялық әдісін жеке жұмыс түрлеріне бөледі, бұл жағдайда олардың 
әрқайсысының ұзақтығы бірдей болуы керек. Мұнда құрылыстың жалпы 
ұзақтығы кемиді және жұмыс күші, материалдық ресурстар, машиналар және 
механизмдер тиімді пайдаланылады. 
Құрылыс негізінен құрылыс ұйымының жобасы бойынша жүргізіледі 
(ҚҰЖ), ол негізгі нысандарды салу кезегі көрсетілген жиынтық күнтізбелік 
жоспардан; жұмыс өндірісінің желілік кестелерінен; негізгі құрылыс, 
монтаждау және арнайы жұмыстар көлемі туралы деректерден, қажетті 
жұмыскерлер саны мен құрамынан; қосалқы ғимараттар мен құрылымдар, 
жолдар мен қоймалар, монтаждау механизмдерінің орналасқан орны 
көрсетілген бас құрылыс жоспарынан; жұмыс өндірісі әдістері және негізгі 
техникалық-экономикалық көрсеткіштері көрсетілген түсіндірме жазбадан 
құралады.
Жобалық институтта дайындалған жоба негізінде құрылыс немесе 


27 
монтаждау ұйымы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет