Сіби білім беру


Өзін-өзі бақылау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет15/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   256
Байланысты:
Nesterenko-E-lektrlik-montazhdau-zh-my-stary-tehnologiyasy-.-O-u-raly-

 
Өзін-өзі бақылау сұрақтары
I.
1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының әдістерін атаңыз және оларға 
анықтама беріңіз.
2.
ЭМЖЖ дегеніміз не және оның негізгі бөліктері қандай?
3.
ЭМЖЖ әзірлеу негізі не? 
4.
ЭМЖЖ қалай жіктеледі? 
II.
1. Ғимаратты салу жұмыстары кешенінің кезеңдерін ата? 
2.
ПОС дегеніміз не? 
3.
Ғимаратты монтаждауға қабылдау барысында тексеру неге негізделеді? 
4.
Заманауи электрлік монтаждау өндірісін ұйымдастырудың басты бағытын 
атаңыз.
5.
Электрлік монтаждау өндірісін индустрияландырудың негізгі тәсілін 
атаңыз.
III.
1. ЭМЖЖ бөлімдеріне сипаттама беріңіз. 
2.
Құрылыс және электрлік монтаждау жұмыстарын жүргізудің уақыт 
бойынша сәйкестендірудің артықшылықтарын атаңыз. 
3.
Электрлік монтаждау жұмыстарының негізгі кезеңдерін сипаттаңыз. 
4.
Сіз тұратын ғимаратты салу кезінде қандай электрлік монтаждау 
жұмыстары жүргізілген?


31 
3 тарау. ЭЛЕКТРЛІК МОНТАЖДАУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ 
НЕГІЗДЕРІ 
3.1.
 
Электрлік монтаждау материалдары мен бұйымдары 
Электрлік құрылғыларды монтаждау үшін қолданылатын материалдар мен 
бұйымдарды төрт негізгі топқа жіктеуге болады: 
электрлік кабельдер, сымдар және шнурлар
электрлік оқшаулау материалдары мен бұйымдары; 
металл және құбырлар; 
монтаждық және электрлік орнату бұйымдары және бөлшектер. 
Электрлік кабельдер, сымдар, шнурлар, электрлік оқшаулау 
материалдары мен бұйымдары 
Кабельдер мен сымдар электрлік энергия кәрізіне (беру және тарату) 
арналады, сонымен қатар, электрлік қондырғының әр түрлі элементтерін 
жалғастыру үшін қажет. Кабельдерді күш және бақылау кабельдері түрлеріне 
жіктейді. Бұлардан басқа, арнайы мақсаттағы кабельдер, мысалы, тау-кен 
әзірлемелеріне арналған, кемеге, жылжымалы құрамға арналған және т.б. 
кабельдер шығарылады. 
Кабель
бір немесе одан артық оқшауланған тоқ өткізгіш тарамдардан 
құралады, олар саңылаусыз (металл немесе бейметалл) қабықшаның ішінде 
болады, оның үстінен төсеу және пайдалану шарттарына тәуелді бронь немесе 
қорғаныштық жабындар салынады. 
Кабельдердің негізгі элементі тоқ өткізгіш тарамдар, оқшаулама, қабықша, 
бронь және сыртқы жабындары болады. Тағайындалуы мен пайдаланылуына 
сәйкес кабельдердің жекелеген элементтері олардың құрылымында болмауы 
мүмкін. Тоқ өткізгіш тарамдар алюминий немесе мыстан дайындалады. 
Өткізгіш мыс
әр түрлі қоспалардан тазартылған қызғылт-сары түсті балқу 
температурасы 1083 °С, сызықты кеңеюінің температуралық коэффициенті 
10*10
6
1/°С тең металл түрінде болады. Мыс жақсы механикалық қасиеттерге 
және иілгіштікке ие, бұл одан диаметрі 0,03 ... 0,01 мм сым және жұқа 
таспалар алуға мүмкіндік береді. Сым түріндегі мыс атмосфералық 
коррозияға тұрақты, оған ауада қапталатын жұқа оксид қабаты мүмкіндік 
береді және ол әрі қарай оған оттегінің өтуіне кедергі келтіреді. 
Отандық өнеркәсіп тазалық деңгейі әр түрлі алты маркалы өткізгіш мыс 
шығарады. Мыстың қоспалары висмут, сурьма, темір, қорғасын, қалайы, 
мырыш, никель, фосфор, күкірт болып табылады. Өткізгіш бұйымдарды 
дайындау үшін (орағыш және монтаждау сымдары мен кабельдер) өткізгіш 
мыстың қоспа мөлшері 0,05...0,1 % сұрыптарын пайдаланады. 
Диаметрі аз мыстан жасалған сымдардың керілген жағдайда бұзу кернеуі 
жоғары және меншікті электрлік кедергісі көп болады. Аса жоғары 
температурада (300 °С артық) жұмыс жасауға арналған диаметрі аса аз 
сымдар үшін (0,01 мм) оттексіз мыстан жасалған сымды пайдаланады, ол аса 


32 
жоғары тазалығымен ерекшеленеді. Меншікті кедергінің температуралық 
коэффициенті барлық мыс маркалары үшін ТК=0,0043 1/ °С. 
Алюминий
мыстан кейінгі екінші орындағы өткізгіш материал болып 
табылады, оның салыстырмалы жоғары өткізгіштігі мен атмосфералық 
коррозияға тұрақтылығы оны кеңінен қолдануға жағдай жасайды. Ауада 
алюминий аса жылдам жұқа оксид қабықшасымен қапталады, ол оны 
оттегінің өтуінен қорғайды. 
Алюминий сымдардың басқа металдардан жасалған сымдармен жалғанған 
орындарына ылғал түскен жағдайда гальваникалық бу түзілуі мүмкін. 
Гальваникалық будың түзілуінің алдын алу мақсатында жалғанған орындарды 
ылғалдан мұқият қорғау керек (мысалы, лакпен қаптау). Алюминий сымдар 
мен тоқ өткізгіш бөлшектерді бір-бірімен ыстық немесе суық дәнекерлеу 
арқылы жалғауға болады, сонымен қатар, арнайы флюстер қолдану арқылы 
дәнекерлейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет