2тарау. ҒИМАРАТТАР МЕН ҚҰРЫЛЫМДАР ЖӘНЕ ЖАЛПЫ
ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
2.1.
Құрылыс нормалары мен ережелері туралы ұғымдар
Ресей халық шаруашылығының дамуында капиталды құрылыстың, яғни
зауыттар, фабрикалар, электр станциялары, шахталар, ауруханалар, жолдар,
тұрғын үйлер және басқа да нысандардың атқаратын рөлі зор.
Құрылыс
жұмыстарының өндірісімен байланысты барлық талаптар, ережелер мен
нормалар «Құрылыс нормалары және ережелері» (ҚНжЕ) жинағына
жинақталған,
оларды барлық құрылыс, жобалау және монтаждау ұйымдары,
сонымен қатар, құрылыс материалдарын шығаратын ұйымдар орындауға
міндетті болады.
ҚНжЕ – Ресей Мемқұрылыс нормативті құжаттарының жинағы, ол
жаңа
құжаттарды әзірлеу және қолданыстағы құжаттарды қайта қарау тәртібін
белгілейді, осым құжаттарды бекітуге тапсыру, оларды қолданысқа беру мен
ақпаратты тіркеу және сақтау ережелерін айқындайды. ҚнжЕ талаптары
барлық ведомстворлар үшін міндетті болып табылады.
ҚНжЕ алты бөлімге жіктеледі, олардың әр
қайсысы бірнеше топтардан
құралады және құрылыс нормалары мен ережелерінің құрамы мен сәйкес
белгіленуі үшін (шифр) анықталады. Шифр ҚНжЕ белгіленуі, бөлімнің
номерін (бір сан), топтың номерін (екі сан) және құжаттың номерін (екі сан)
қамтиды, олар нүктемен бөлініп жазылады және сызықшадан кейін құжаттың
бекітілген жылы жазылады. Мысалы, ҚНжЕ 2.03.05—82.
Құжаттардың номерлері тіркеу барысында
әрбір топ шегінде немесе
аталған топ үшін әзірленген құжаттарға сәйкес берілетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: