Сіби білім беру


Трансформатор майын кептіру және тазарту әдістері



Pdf көрінісі
бет203/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   256
Трансформатор майын кептіру және тазарту әдістері
13.3 кестесі
Май сынамаларын іріктеу шарттары 
Операция
Технологиялық нұсқаулар
Ыдыстарды 
іріктеу
Кең аузы және тығыздалған тығыны бар шыны құтыны 
немесе пергаментті қағазбен оралған қыртыс тығыны бар 
қолайлы шыны бөтелкені алу. Электрлік беріктікке сынау 
кезінде ыдыс сыйымдылығы кем дегенде 0,5 л болу 
керек, 0,7...0,8 л — қысқартылған талдама үшін және 1,5 
л — толық химиялық талдама үшін.
Ыдыстарды 
әзірлеу
Сабынмен және сілтілік ерітіндімен жуу, 90 °С 
температурасы кезінде 2 сағат ішінде ыдысты кептіру 
және тығындармен жабу. Заттаңбасы бар жапсырмалар 
жасау (нөмір, іріктеу күні, аппарат және т.б.). 
Бөтелкелерді қайта пайдаланған кезде тығындарды әркез 
міндетті түрде ауыстыру керек.
Ыдыстарды 
іріктеуге арналған 
температуралық 
шарттар
Жазда құрғақ ауа райында, қыста — аязда, жауын-
шашындарсыз. Сынама іріктеуге арналған ыдыс 
температурасы құйылатын май температурасынан 3... 5 
°С астам шамаға ерекшеленбеуі тиіс. Сынаманы іріктеу + 
5 °С төмен болмайтын май температурасы кезінде 
жүргізіледі
Сынама іріктеуге 
дайындық
Шүмекті таза шүберекпен шаңнан және дақтардан 
тазарту. Майға 3...5 л май ағызу. Шүмекті шаю үшін 
екінші рет аздап май ағызу. Ыдысты трансформатор 
бағынан алынған маймен екі рет шаю.
Трансформаторда
н сынамаға майды 
іріктеу 
Төменгі бүйірлік шүмектен немесе арнайы шүмек-
тығыннан жүргізу. Майсыз тасымалданатын 
трансформаторлардан – бак түбіндегі тығын арқылы. 
Майды іріктегеннен кейін дереу тығынмен жабу. 
Тығынды тасымалдау үшін парафин немесе сүргіш құю. 
Салқын уақытта көшеден орынжайға кіргізілген шыны 
ыдысты ол орынжай температурасына дейін қызғаннан 
кейін ашу керек.


475 
13.4 кестесі 
Әдіс
Әдіс сипаттамасы
Қолдану саласы
Майдың 
ластануының 
сипатына 
байланысты 
центрифугалау 
(айыру):
Центрифуга барабанында ортадан тепкіш 
күш әсерімен май бірнеше қабатқа бөлінеді: 
қабырғалар бойынша – ең үлкен ауыр 
ластану қабаты, кейін – судың және майдың 
жеңілдеу қабаттары, ал ортасында — ең 
жеңіл сұйықтық немесе ауа
Құрамында елелуі 
ластану және су 
мөлшері бар майды 
тазарту
ағарту
(кларификация)
Центрифуга майдан механикалық 
қоспаларды және суды бөлу үшін барабан-
кларификатормен бірге қолданылады, осы 
жағдайда тазарту өнімдері барабанның 
лайұстарында жиналады
Бұруды талап 
етпейтін,майды 
оның құрамында 
шағын мөлшерде 
(0,3...0,4 %) болатын 
шлакты, көмірді 
және суды тазарту
тазарту
(пурификация)
Центрифуга барабан-пурификатормен бірге 
қолданылады, осы жағдайда 3 % және одан 
астам мөлшердегі суы бар ластанған май 
бір-бірінен бөлуге болатын, меншікті 
салмағы әр түрлі екі сұйықтық қоспасы 
ретінде қарастырылады.
Майды судан оның 
үздіксіз бұрылуымен 
тазарту
Ашық типті 
центрифуга 
көмегімен айыру 
(вакуумсыз)
Ең қауіпті май қоспаларын – тұнба 
түріндегі суды немесе эмульсияны (яғни 
қалқыма күйде болатын) жою. Бірақ май осы
жағдайда ауамен айтарлықтай қанығады — 
тотығады
Майда қалқыма 
күйде болатын 
ылғалды жою
Вакуумды 
айырғышты 
пайдалану
Трансформатор майын тереңірек және 
толық кептіру, одан ылғалды және ауаны 
шығару, сонымен қатар гигроскопиялық 
қасиеттерге ие майларды кептіру 
Майдан онда еріген 
ылғалды және ауаны 
жою




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет