Сіби білім беру


Өзін-өзі бақылау сұрақтары



Pdf көрінісі
бет39/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   256
Өзін-өзі бақылау сұрақтары
I.
1. Берілетін кезде электрлендірілген құралдар қалай тексеріледі? 
2.
Электрлендірілген құралдарды дұрыс пайдалану қалай қамтамасыз 
етіледі? 
3.
Қуат кернеуі 42 В электр құралдарын қай жерде қолданады? 
II.
1. Қандай жағдайларда электр құралдарын тұйықтау үшін нөлдік 
жұмыс тарамдарын қолдануға болмайды? 
2.
Электрлендірілген механизмдердің қос оқшаулауы нені білдіреді? 
3.
Сендер қандай жоспарлау-алдын алу жөндеу түрлерін білесіңдер және 
олардың кезеңділігі қандай? 
III.
1. 
Электр 
құралдарын 
іске 
қосқан 
кезде 
бөлетін 
трансформаторлардың қандай ерекшеліктері бар және қай мақсатта 
қолданылады? 
2. Кернеулі құрылғылардағы жұмыс істеу ережелері қандай? 


92 
4 тарау. ЭЛЕКТРЛІК ЖАРЫҚТАНДЫРУ
ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ МӘЛІМЕТТЕР 
 
4.1.
 
Жарықтандырғыш электр құралдары 
Жарықтандырғыш электр құралдары деп аумақтарды, ғимараттарды, 
құрылыстарды жарықтандыруға арналған арнайы электротехникалық 
құрылғыларды айтады. 
Жарықтандырғыш электрлік құралдар заманауи тұрғын үйлердің, 
мекемелердің, қоғамдық орындардың және өндірістік кәсіпорындардың 
қажетті элементі болып табылады, олар тарату құралдарынан және топтық 
электрлік желілерден, магистралдық құрылғылардан құралады, сонымен 
қатар, бекіткіш, ұстап тұратын және қорғаныштық құрылымдары болады. 
Жарықтандырғыш 
электр қондырғыларының басты ерекшелігі 
қолданылатын сызбаларының әр алуандығы мен электр сымдарының 
жасалу тәсілі, шамдардың құрылымы мен басқа да жарық көздері 
қасиеттері болып табылады. Қазіргі кезде қуатты электр қондырғыларында 
автоматика және телебасқару құралдары қолданылады. 
Жарық көзінің тағайындалуына қатысты жалпы, жергілікті, аралас, жұмыс 
және апатты жарықтандыру түрлерін ажыратады. 
Жалпы 
деп ғимаратты немесе оның бір бөлігін жарықтандыруды 
айтады. 
Жергілікті деп
жұмыс орындарын, заттарды немесе беттерді 
жарықтандыруды айтады, мысалы, өңделетін бөлшекті немесе токарлық 
білдектегі қандай да бір затты жарықтандыру. 
Аралас
жалпы және жергілікті жарықтандыруды қамтиды. 
Жұмыс жарығы
деп өндірістік және қосалқы ғимараттардың қызметін 
қамтамасыз ету үшін қажетті жарық түрін айтады.
Апатты деп
жұмыс жарығы істен шыққанда жұмысты уақытша 
жалғастыру немесе адамдарды эвакуациялау үшін қажетті жарықты 
айтады. Апатты жарықтандыру өндірістік ғимараттарда, дәліздер мен 
баспалдақ алаңдарында орналасады. Апатты жарықтандыру шамдары 
басқа шамдардан түсі бойынша ерекшеленуі және электр желісіне жұмыс 
жарығынан бөлек басқа желі арқылы жалғануы керек.
Жалпы, жергілікті, жұмыс және апатты жарықтандырудың электрлік 
қорегі қалыпты ғимараттарда 127 және 220 В кернеумен, ал арнайы 
қауіптілігі жоғары ғимараттарда және аса қауіпті орындарда 12, 24, 36 В 
кернеумен беріледі.
Сонымен қатар, жарықтың тасымалды, күзет және жарықты қоршайтын 
түрлерін ажыратады. 
Тасымалды 
жарықтандыру тасымалды қол шамдары көмегімен жүзеге 
асырылады, олардың кернеуі қалыпты ғимараттарда 127-220 В болса, 
қауіптілігі жоғары және ашық кәсіпорын аумағында 12 В желі кернеуіне 
тең болады. 
Күзет
жарығы күзетілетін аумақтың қоршауының маңайына 
орнатылады, ол ішкі және сыртқы аумақты бір мезгілде қамтитындай етіп, 


93 
қоршауға тікелей жанаса есеппен орнатылады.
Жарықпен қоршау
жарығы биік ғимараттар мен басқа да құрылыстарға 
ұшақтардың тәуліктің қараңғы мезгілінде ұшуын қамтамасыз ету үшін 
орнатылады. 
Жарықтандыруға 
қойылатын басты талап жарықтың қажетті 
параметрлерін қамтамасыз ету болып табылады, ол жұмыс шарттарымен, 
оның ішінде, қоршаған нысандар өлшемдерімен, оларды ажырату 
мүмкіндігімен, олардың түстерімен және фонымен, фонның шағылуы 
коэффициентімен, қол жетімді және қауіпті заттардың болуымен, жарығы 
мол шағылысатын беттердің болуымен (электрлік және газ дәнекерлеу, 
металл балқыту кезінде) анықталады. 
Жарықтандыру электрлік қондырғыларын монтаждау барысында 
жарықтандырудың реттелетін параметрлерін сақтау жұмыс шарттатын 
жақсартуға, еңбек өнімділігін арттыруға және дайындалатын өнім сапасын 
арттыруға жағдай жасайды, жұмыскерлердің шаршағыштығының алдын 
алажы, электр энергиясын үнемдейді. Электр энергиясын тиімді пайдалану 
және жарықтандыру шығындарын төмендету үшін барлық шығарылатын 
электр энергиясының 10...12 % жұмсалады. Ол халық шаруашылығындағы 
басты міндет болып табылады.
Жарықтандыру электрлік қондырғыларын монтаждау жоба бойынша 
іске асырылады, мұнда жарық желісі есебі беріледі. Электрлік 
қондырғыларды монтаждау өндірісіне қойылатын талаптар, оның 
нормалары мен ережелерін ЭОЕ және ҚНжЕ анықтайды, сонымен қатар, 
зауыттардың монтаждау нұсқаулары, өндірушілердің нұсқаулықтары да 
қолданылады. 
Кернеу шығынын есептеу өткізгіш материалдардың минималды 
жағдайында жүзеге асырылады.


94 
4.1 сурет. орын 
ауыстыру сызбасы 
 
Талап етілетін сымдар қимасын есептеу барысында 
екі сымды желіде в негізінен кернеу 
и
г
электр 
энергиясының көзі (генератор) белгілі болады, 
одан бастап l жүктемеге дейінгі қашықтық және 
қысқыштардағы кернеу и
к
электр энергиясын 
қабылдағыштардың қалыпты жұмысы үшін қажет 
болады, сонымен қатар, тоқ күші мен жүктеме 
қуаты жа беріледі.
Ом заңына сәйкес екі 4.1 суретте берілген сымды 
желіден: и
г
= !Л
л
++ 
IR
K + 
IR

и
н. 
Желі сымдарының кедергісі R
л
= р 2l/s, мұнда р — 
сым материалының меншікті кедергісі; 21 — 
желінің жалпы ұзындығы; s — сымдардың қажетті 
қимасы. Айырым и
г
- и
н
= A U желідегі кернеу
шығыны болып табылады. 
Көп жағдайда жүктеменің тоқ күші тұрақсыз болады және AU кернеу 
шығынының сәйкес өзгерістері орын алады, осы себепті қабылдағыш 
қысқыштарындағы кернеудің ауытқуын атаулы максималды және 
минималды мәндері бойынша есептейді. 
ЭОЕ сәйкес күш желілерінде (оның ішінде, айнымалы тоқ желілерінде) 
кернеудің шекті шығындары қорек көзі желісінен желінің қашықтықтағы 
нүктесіне дейін қалыпта режимде 5 % аспауы керек, қашықтықта 
орналасқан жарықтандыру шамдарының кернеуі тұрғылықты ғимараттарда 
қашықтықтаеы жарық шамдарының кернеуінен 5 % артық төмендемеуі 
керек (себебі бұл жағдайда шамдардың жарық ағыны төмендейтін болады), 
ал өнеркәсіптік кәсіпорындар шамдары және қоғамдық ғимараттар 
шамдары номиналды кернеуден 2,5 % ауытқиды. 
Қорек жарықтандыру желісінің есепті жүктемесі шамдардың өндірістік 
белгіленген қуатына тәуелді болады, ол жарық техникалық есептеу арқылы 
анықталады және сұраныс коэффициенті тарату құрылғылары үшін 0,6 тең 
болады, қойма және кәсіпорынның қосалқы ғимар аттары үшін 0,8, 
зертханалар мен емдеу мекемелері үшін – 1 тең болады (1 қосымша). 
Жарық электрлік қондырғыларының қорегі жекелеген жарықтандыру 
трансформаторларынан немесе бір мезгілде күш тұтынушылары (электрлік 
қозғалтқыштар, 
электрлік 
дәнекерлеу 
аппараттары) 
жалғанған 
трансформаторлардан беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет