Сіби білім беру


Шамшырақтарды арқанда бекіту



Pdf көрінісі
бет71/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   256
Шамшырақтарды арқанда бекіту.
Электрлік сымдар жүйесін 
кіріктірілген салмақ көтеретін арқаны бар АРТ маркалы арнайы 
сымдармен орындаған кезде салмағы 5 кг дейін болатын шамшырақтар 
У230 немесе У231 арқанды тарату қораптарында бекітіледі (6.7, 
а
сур.
),
ал 
жеке салмақ көтеретін арқанда (сымда) шоғырсымды пайдаланған кезде – 
У247 ілмегімен жинақтағы У245 немесе У246 тарату қораптарында. 


167 
Арқанды электрлік сымдар жүйесін өндірістік орынжайларда КОР-73 
немесе У409 тарату қораптарын қолданумен орындалған жағдайда
салмағы 15 кг дейін болатын шамшырақтар К354 аспаларында бекітіледі 
(6.7, б сур.). Осындай аспада диаметрі 6...8 мм болатын арқанда бекіту 
үшін арналған екі қалыптанған табан бар. Аспада КОР-73 қорабын бекіту 
үшін бір-бірінен 92 мм қашықтықта45° бұрышымен орналасқан екі 
саңылау қарастырылған, ал У409 қорабын бекіту үшін — бір-бірінен 120 
мм қашықтықта тігінен орналасқан екі саңылау. Қораптарды және 
шамшырақтарды ауыстыру арқаннан аспаны шешусіз жүргізіледі. 
Арқанды тарату қораптары және аспалар бекітілетін жерлерде 
қорғаныстық жерге тұйықтауды салу кезінде сенімді электрлік түйіспені 
қамтамасыз ету үшін кіріктірілген арқаннан оқшаулағыш қабықша 
алынып тасталады, ал салмақ көтеретін сымнан (илемдік) – ЭДШ-да 
жағылған поливинилхлоридті немесе сыр қабықшасы. Арқанның немесе 
сымның қаптамасыз учаскелері және металл қорап корпусындағы қысқыш 
құрылғы жылтырлыққа дейін тазартылады, антикоррозиялық майламамен 
қапталады және қысқыш бұрамалармен бекітіледі. 
Шамшырақтар топтық желігеУ230, У231 қораптарында кіріктірілген 
арнайы жинақтық қысқыштар көмегімен жалғанады; У245, У246 
қораптарында У739 пластмассалық корпустағы тармақтау қысқыштары 
көмегімен; КОР-73, У409 пластмассалық қораптарында дәнекерлеумен 
немесе ГАО сериялы қауыздарда тығыздаумен, кейін қосылыс орнын 
оқшаулаумен жалғанады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет