Сіби білім беру


Люминисцентті шамдары бар шамшырақтарды құрастыру



Pdf көрінісі
бет70/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   256
Люминисцентті шамдары бар шамшырақтарды құрастыру 
ерекшеліктері.
Люминисцентті шамдары бар шамшырақтар елеулі 
ұзындыққа және салыстырмалы шағын қуатқа ие, сондықтан оларды 
үздіксіз жарқырайтын желілерге немесе шағын үзілістері бар желілерге 
орнатады. Желілер санын азайту үшін шамшырақтарды екі қатармен 
орнатады. 
Дара люминисцентті шамшырақтар қабырғаларда және бағаналарда 
тіреуіштер көмегімен орнатылады. Сонымен қатар дара шамшырақтарды, 
және шамшырақтар тобын орнату үшін құбырлық аспалар, қарнақтар, 
профильдерден және бұрыштамалардан жасалған аспалар, құрастыруды 
6.4
сур
.
К290 тіреуіші көмегімен көпірде ДСШ бар шамшырақты орнату: 
1 — тарату қорабы; 2 — ашалы тетік; 3 — қосу реттеу аппараты; 4 — көпір төсемесі 
Қызмет көрсету кезіндегі 
шамшырақ жайғасымы 


165 
жеңілдететін, типтік майыстырылған перфорацияланған профильдер 
қолданылатындықтан, осы жағдайда аспа бекіністерінің саны азайтылады 
және жарқырайтын желілердің түзу сызықтығы және бөлшектеусіз 
шамшырақты алу және орнату мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. 
Әр түрлі типті люминисцентті шамшырақты орнатудың жоғарырақ 
деңгейде кемел әдісі – бұл оларды магистральдық тарату қораптарында 
ілу. КЛ-1 (6.5 сур.) және КЛ-2 қорабы сәйкесінше люминисцентті 
щамдарды бір қатармен және екі қатармен ілу үшін және оларда 
қоректендіргіш желі сымдарын төсеу үшін арналған Ішке майыстырылған 
қорап жиектері сымдарға арналған арналар түзеді. Жұмыстық және 
апаттық жарықтандыру сымдары қораптың әр түрлі бөлімдерінде 
өткізіледі. Шамшырақтар қораппен бірге жеткізілетін және оның төменгі 
бөлігінің саңылауында бекітілетін арнайы ұстағыштарда ілінеді. 
Ұстағыштарды қорап бойымен жылжытуға болады, бұл шамшырақты кез 
келген жерде ілуге мүмкіндік береді. Шамшырақтармен жабылмайтын 
қорап саңылауы қақпақтармен жабылады. Сымдардың қоректендіргіш 
магистральдан сымдарға тармақталуы қорап ішінде шағын өлшемді 
қысқыштарда магистральді кесусіз жасалады. Сымдарды енгізу шеткі 
жиектен дәнекерленетін жапқыштар арқылы немесе қораптың төменгі 
жағында жүргізіледі. 
Қораптардың жеке секцияларын (әрқайсысы 2 м-ден) қапсырмалар 
және бұрамалар көмегімен шектеусіз ұзындықтағы үздіксіз желіге 
жалғауға болады. Қораптармен бірге оларды орнатуға арналған типтік 
бөлшектер жеткізіледі (арқанды аспалар, қапсырмалар, тіреуіштер), 
 
6.5сур. Шамшырақтарды бір қатармен ілуге арналған КЛ-1 қорабы: 
1 — тақтайша; 2 — қақпақ; 3 — нөлдік қысқыш; 4 — шағын өлшемді қысқыш; 5 — ұстағыш; 6 
— байланыстырғыш қапсырма; 7 — шамшырақ 


166 
олардың көмегімен олар жабындарға, арқалықтарға, бағаналарға
қабырғаларға, фермаларға бекітіледі және ілінеді. 
Қораптардағы шамшырақтар ұстаушыларында ілініске сым буындары 
түріндегі тізбектер немесе аспалар бар, олар қызмет көрсету, шамдарды 
ауыстыру, жөндеу үшін шамшырақтарды түсіруге мүмкіндік береді. 
Люминисцентті шамшырақтар блоктары және жиынтықты жарықтандыру 
желілері ЭДШ-да жиналады. Люминисценттік шамшырақтар блоктары 
және жиынтықты жарықтандыру желілері ЭДШ-да жиналады. Алдын ала 
жоба бойынша жарықтандыру желілерінің байламалары (тік және 
көлденең), оларды өткізу шарттары және әдістері, шамшырақтарды 
қоректендіру сұлбалары, сонымен қатар байлама жүзеге асырылатын 
ғимараттың құрылыс элементтерінің өлшемдері нақтыланады. Орын 
бойынша нақтыланған жоба негізінде шеберханаларға тапсырыс беріледі, 
сонымен қатар жиынтықты тізімдеме ұсынылады. 
Объектілерге жарықтандыру желілері үш іріленген элемент түрінде 
жеткізіледі: жиынтықты бекіністер; сымдар төселген жиынтықты 
қораптар; жарықтық эффектіге тексерілген шамдары бар люминисцентті 
шамшырақтар. Іріленген элементтердің құрастыру аймағына жеткізілуі 
контейнерлерде жүргізіледі. Құрастыру келесі реттілікте орындалады: 
жиынтықты бекіністер ғимаратты құрылыс элементтеріне орнатылады, 
желінің жиынтықты учаскелері еден белгісінде жиналады, жиынтықты 
қораптар секциясында шамдары бар шамшырақтар орнатылады, жиналған 
учаске жарықтық эффектіге тексеріледі; 
желінің жиналған учаскелері жобалық белгіге көтеріледі, бекітіледі
кейін бір жарықтандыру желісіне өзара жалғанады. 
6.6суретінде қабырғада, бағанада, алаңда және т.б. люминисцентті 
шамшырақты тіреуіш (ЭДШ бұйымы) көмегімен бекіту нұсқасы 
көрсетілген. Құбырдан жасалған тіреуіш бұрылыстық болуы мүмкін, 
мысалы, шамшырақтарды алаңдарда немесе өтпелерде орнатқан кезде, 
себебі қажет кезде оларды қабырғалар бойымен уақытша бұруға болады 
және осылайша ықтимал зақымданулардың алдын алуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет