Сіби білім беру


Аспалы төбеде шамшырақтарды құрастыру



Pdf көрінісі
бет73/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   256
Аспалы төбеде шамшырақтарды құрастыру
.
Аспалы төбелер 
құрылысы әдетте архитектуралық ұйғарымдармен, мысалы, оларда 
шамшырақтарды кіріктіру қажеттілігімен шарттасады. 
Аспалы төбе артында санитарлық-техникалық құрылғыларды және 
коммуникацияларды орналастыру үшін арналған биіктігі адамдардың өтуі 
үшін жеткілікті болатын техникалық қабат болған кезде, шамшырақтарды 
құрастыру пайдалану кезінде оларға үстіңгі жақтан қызмет көрсетуді 
ескерумен жүргізіледі. Техникалық қабат болмаған кезде және аспалы 
төбе астында тек желілер өткізу және шамшырақтарды кіріктіру үшін 
жеткілікті кеңістік қана болған кезде, соңғыларын оларға төменгі жақтан 
қызмет көрсетуге болатындай орнатады. 
Люминисцентті шамдары бар шамшырақтарды орналастыру үшін
аспалы төбелерде бұрыштамадан немесе басқа құрылымдардан жасалған 
металл профильмен периметр бойына жиектелген қажетті пішіндегі 
саңылаулар (тесіктер) қарастырылады. Тексерілген шамшырақты саңылау 
жиектемесіне орнатады және биіктік бойынша реттелетін төрт бекініс 
қапсырмасы көмегімен бекітеді.


170 
6.9 сур. КТШ орнату: 
1 — металл түтіктегі сым; 2 — тарату қорабы; 3 — аспалы төбе; 4 — шамшырақ корпусы; 5 — 
шамшырақ негізі; 6 — қыздыру шамы; 7 — серіппелі ысырма; 8 — саңылау; 9 — бұрыштама; 10 — 
бойлық ойығы бар қапсырма;11 — жабын 
Шамшырақ корпусы және саңылау жиегі арасындағы саңылау шамшырақ 
жинағына кіретін төрт бұрыштамадан жасалған жақтаумен жабылады. 6.9
сур. Қыздыру шамы бар кіріктірілетін төбе шамшырағының (КТШ) 
орнатылуы көрсетілген. Саңылау жиегінен 10...15 мм қашықтығында 
орнатылатын тарату қорабына қол жеткізу үшін серіппелі ысырмаларды 
шеткі жайғасымға жылжытып, стационарлық орнатылған негіз арқылы 
шамшырақ корпусын шығару жеткілікті. 
Шамшырақтар топтық желіге металл түітікке салынған, шамшырақ 
корпусын тарату қорабымен жалғайтын икемді мыс сыммен жалғанады. 
Металл түтік ұзындығы 600.700 мм қыздыру шамдары бар шамшырақтар 
үшін және 800.1000 мм люминисцентті шамдары бар шамшырақтар үшін. 
Егер төбелер жанбайтын материалдардан жасалса, өрт инспекциясымен 
келісу бойынша қораптан шамшыраққа дейінгі учаскеде металл түтіксіз 
КРПТ маркалы шоғырсымды пайдалануға болады. 


Аспалы төбе жұқа сәндік металл тілімдерден жасалған кезде 
кіріктірілген шамшырақтар оның салмақ көтеретін құрылымдарына 
бекітіледі. Осы жағдайда тармақтау қорабына қол жетімділік алу және 
шамшырақтарға қызмет көрсету үшін аспалы төбе материалынан жасалған 
алмалы қақпақтармен жабылатын қосымша саңылаулар қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет