Сіби білім беру


Қағазды оқшаулаумен кабельді бөлу



Pdf көрінісі
бет88/256
Дата03.11.2023
өлшемі9,83 Mb.
#121623
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   256
Қағазды оқшаулаумен кабельді бөлу
келесі тәртіпте жүргізіледі. Бөлу 
көлемдерін анықтап (сур. 7.6) кабельдік сызық көмегімен немесе арнайы 
кестелер бойынша және кермені диаметрі 1.1,5 мм (2—3 орама) болат 
мырышталған тоқу сымымен жасау, кабель ұшынан кермеге дейін кендір 
қаптаманы тарқатады (сур. 7.7, 
а).
Қаптама материалын жоймай,
муфталарды монтаждау кезінде қолдану үшін кабельдің бөлінбеген 
бөлігіне орайды. 
Бірінші кермеден Б қашықтықта (сур. 7.6) (немесе ішкі орнатуда 
кабельдің соңынан В) сауытқа болат сымды кермені салады, бұл ретте 
сауытты екі қолмен ұстап, қолғапта оның жастықтарының ленталарының 
тартылуын
орауға 
қарсы 
бағытталған 
күшпен 
біршама 
босатады.
Сауытты екінші керме жиегі бойынша кесіп, қолмен тарқатып (қолғаппен) 
жояды (сур. 7.7, б, в). 
Жастық лентасының сауытын да тарқатып, керме жиегі бойынша 
кеседі. Битум қоспасынан, пластмассалық ленталар, поливинилхлоридті 
немесе полиэтиленді құбыршектен, нығыздалған қағаздан және 
герметикалық қабықшадағы битумдық құрамның тағы бір қабатынан 
тұратын күшейтілген жастықтарда келесі қабаттарды ретті түрде жояды: 
ыстық трансформаторлық маймен (40...50°С) сыртқы битумдық қабатты 
Сур. 7.6. Кабельді бөлу сызбасы: 
1 — сыртқы жабын; 2 — сауыт; 
3
— қорғасын немесе алюминий қабықша; 
4 — белдік оқшаулау; 5 — тарамдардың оқшаулауы; 6 — кабель тарамы; 
7, 
8
— кабельдік жіп немесе қатты жіптерден керме; 
9, 10
— сым 
кермелер 


202 
жуады; пластмассалық ленталарды тарқатады және жояды, көлденең кесіп, 
құбыршекті кесіп, керме жиегін де кеседі; жанарғының отымен шамалы 
жылытады және нығыздалған қағазда шешеді, бензинге салынған 
шүберектермен қабықшадан битумдық қабатты кетіреді. 
Б және О + П+ Б қашықтықтарында (кермеден сауытқа дейін) (сур. 7.6.
көр.) арнайы кабельдік пышақпен жуандығының жартысына (сур. 7.7. 
қар.) қабықшаға екі сақиналы кесуді орындайды. Содан кейін сыртқы 
сақиналы қимадан 10 мм қашықтықта қабықша жиегінен бастап екі 
көлденең қатар кесуді оындайды. Екі сақиналы кесіктер арасында белдікті 
қалдырады. Оның ені 1 кВ кернеуде 20 мм, ал кернеу кезінде 6.10 кВ — 25 
мм құрауы тиіс. 


203 
а
— қорғаныстық жабынды тарқату; б — сауытты кесу; в — сауытты шешу; г — 
қабықты шешу; 
д
— жолақты жою; 
е
— қабықты шешу; 
ж
— алюминий қабықшасын 
бұрандалық кесу 
Сур. 7.7. Кабельді қағаз оқшаулаумен бөлу операциясы: 


204 
Тегіс алюминий қабықшаны жою үшін пышақтың кесетін ролигін
оның сақиналық кесік кезіндегі күйіне қатысты 45° бұрады, пышақты 
кабельге бекітеді және екінші сақиналы кесіктен кабельдің аяғына дейін 
бұрандалық кесуді жүргізеді (сур. 7.7, ж). Кабельдің ұшынан қабықшаны 
қысып, тістеуік көмегімен оны бұрандалық кесік бойынша шешіп алады. 
Белдік оқшаулаулдың құрсауының жиегі бойынша жұлады және 
тарқатады, содан кейін – белдің оқшаулаудың кабельдік қағазын шешіп 
алады. 
Кабельдік қағаз жоғары кернеулі кабельдердің негізгі оқшаулағышы 
болып табылады. Кабельге орағаннан кейін, оны электрлік оқшаулау 
майымен ылғалдайды. Кабельдік тарамға оралған соң, қағаздан алынған 
лента механикалық тартуға ұшырайды, ал кабельді салу үдерісінде – 
иілулерге, сондықтан кабельдік қағаз тарту және бүгу кезінде едәуір 
жоғары механикалық беріктікке ие болуы тиіс.
Кабельдік қағаздар сульфаттық целлюлозадан, жоғары механикалық 
қасиеттерді, жоғары нығыздылық пен төменгі кеуектілігін қамтамасыз ету 
мақсатында ірі ұнтақтылығы басым болады. Сіңіргіш сұйық заттар (май 
немесе май-шайырлы құрам) сіңіру кезінде қағазбен жіңішке пленкалар 
және арналарға бөлінеді, олардың электрлік беріктігін арттырады. 
Сіңірілмеген 
кабельдік 
қағаздың 
тығыздығы 
6...9 
МВ/м, 
ал 
трансформаторлық май сіңірілгендері – 70.80 МВ/м құрайды.
Кернеуі 35, 110 және 220 кВ күштік кабельдердің тарамдарын 
оқшаулау үшін шығарылатын кабельдік қағаздар бір бірінен қабаттардың 
санымен, жуындығымен, көлемдік салмағымен, ауа өткізгіштігімен және 
басқа сипаттамаларымен өзгешеленеді.
Тарамдарды бөлу және иілуі келесі жолмен жүргізіледі. Операция 
алдында кабельге муфтаның немесе құйғыштың дайындамасы киілгенін 
тексеріп (түзетілген және тазартылған муфталар немесе құйғыштарбарлау 
басында кабельдердің бір ұшына кигізілуі тиіс және алдын ала таза 
шүберек оралған учаскеде орналасуы тиіс), тарам оқшаулауларының 
ұштарына жіп құрсауларын кигізеді. 
Тарамдардың иілуі үшін шаблон қолданылады. Кез келген иілудің 
радиусы кемінде қосылатан тарамдардың он метрі болуы тиіс. 
Оқшаулаудың ластануы мен ылғалдануынан аулақ болу үшін, иілу 
оқшаулауын және бөлуін полиэтиленді және медициналық қолғаптармен 
жүргізу қажет. Бөлу кезінде оқшаулауды қабықша жиегімен бүлдіріп 
алмау үшін барлық тарамдарды түбінен ұстайды.
Тарамдардың ұшынан Г қашықтықта (7.6 сур. қараңыз) немесе И 
қашықтықта, белдік оқшаулауының кесігіне кабелдік жіптен керме 
кигізеді немесе құрғақ жіп (2-3 орам) кигізеді, тарамдардың ұшынан 
кермені шешіп, керме жиегінде ширек бойынша кабельдік қағазға алады.
Содан кейін жерге тұйықтау өткізгішін монтаждайды. Ол мыс, 
көпсымды болуы тиіс. Тарамдардың 10, 16...24, 50...120, 150...240 мм

қимасымен ұсынылатын жерге тұйықтау сымдарының қималары 
сәйкесінше 6, 10, 16 және 25 мм
2

Жерге тұйықтау сымының ұзындығы жалғаулық муфталардың 


205 
көлемдерімен және ұштық муфталардың тіреу түрлері мен бітеулермен 
анықталады. 
Қорғасындық жалғаулық муфталарды қолданғанда жерге тұйықтау 
сымы кабельдің өткізгіш қабықшаларына құрсаумен ғана бекітіледң. 
Кабель сауытын тазартады және қызмет көрсетеді (екі сауыттық лентаны). 
Жерге тұйықтау сымын сауытқа болат сымды құрсаумен бекітеді және 
екісауыттық лента мен құрсауға дәнекерлейді. Егер кабель сымдық 
сауыттан тұрса, онда құрсау мен сауытты дөңгелете дәнекерлейді. Жерге 
тұйықтайтын сымның бос ұшын кабельдің бөлінбеген бөлігі бойына 
орналастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет