Сибирская государственная геодезическая академия


Картографияның сандық технологиясы



бет46/59
Дата26.12.2023
өлшемі5,82 Mb.
#143786
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   59
Байланысты:
¦Ы¦¬TБ¦¬TЖ¦¦¦¬¦¦ ¦¦¦-¦¬

4.8 Картографияның сандық технологиясы

Зертханалық жұмысына арналған әдістемелік нұсқаулары


Жұмыстың негізгі талаптары

  1. Экспорт оқу картасының кескіндік тіркемесі және оны алдын-ала өңдеуі

  2. Типтік обьектілер бойынша қабат құру және семантикалық базалық мәлімет құрылымын жасау

  3. Сандық картаны құру

    1. Тура типті обьектіге векторизация

    2. Сызықты типті негізгі обьектіге бағытталған вектаризация

    3. Алаң типті негізгі обьектілерді векторизациялау

    4. Мәтінмен жұмыс жасау

    5. Обьектілерді өзгерту

3.6 Мәлімет базасына ақпаратты қолмен және автоматты түрде енгізу


4.9 Экспорт, оқу картасында растрлық кескінді тіркеу және оны өңдеу


Керекті мәліметтер: масштабы 1:50000 болатын карталық кескіннің фрагменті СК-42 проекциясы, Жер бедерінің биіктігі 10 м болатын қима. Оқытушы беретін тапсырманы орындауға арналған растр.


Растрлық кескіннің тіркемесі
Растрлық кескін – бұл картаны компьютерде көрсету, сурет, фото немесе нүкте растрын таңдау түріндегі графикалық материал болып табылады. MapInfo бағдарламасындағы растрлық кескін, векторлық картаны құру үшін көруге арналған. Оған әрине өзгертулерді енгізбеу керек. Тіркеме негізінен растрлық картадағы координат жүйесін енгізумен бекітіледі. Бұл жүйені жүргізу үшін, координат нүктесіндегі қиылысын және картадағы проекцияны анықтау қажет.


Координата нүктесіндегі қиылысын анықтау
1. Сканерленген топографиялық картадан төрт нүктесі айқын білініп тұрған координатты анықтау (бұрыштан алу).
2. ҚҰЖАТ>КЕСТЕНІ АШУ командасын орындау арқылы растрлық құжатты ашу. Растр құжатының форматын таңдау, содан кейін құжаттың атын және АШУ батырмасын басу. MapInfo растрлық кескіннен не жасау керек екенін сұрайды: КӨРСЕТУ немесе ТІРКЕУ (сурет 47).

Сурет 47. ГАЖ MapInfo бағдарламасындағы растрлық кескінге қосу режимі





  1. ТІРКЕУДІ таңдау. «Тіркеу кескіні» диалогы шығады. Диалогтың төменгі бөлігінде керекті растрлық кескін көрсетілетін болады, (сурет 48).




Сурет 48. «Кескінді тіркеу» диалогты терезе


4. Проекция батырмасын басу арқылы проекцияға растрлық кескін береміз, картаның нұсқасын құру үшін (мысалы, категория: Гаусса-Крюгер (Пулково 1942), проекция: (GK аймақ 3).
5. Растрлық қиылысымен жүзеге асырылатын өлшем бірлігін көрсетіңіз, ОК батырмасын басу (Бірлік батырма, мысалы метр).



Сурет 49. «Проекцияны таңдау» диалогты терезе





  1. Оқу картасында анықталған координаттағы кескінге тіркелген бір нүктеге курсорды басу. Мысал ретінде, меридиан қиылысында немесе километр торлары сызығында «Бақылау нүктесін өзгерту» диалогы шығады (сурет 50).




Сурет 50. «Бақылау нүктесін өзгерту» диалогы


Растрлық кескінге немесе қағаз нұсқадағы картаны алып, бұл диалогқа координатты беру, ОК басу.
Гаусс-Крюгер проекциясына картаның растрлық кескін қиылысы километрлі торда төрт сандық белгімен белгіленеді, ал меридиан 00 және экватор болатын километр қашықтығын көрсетеді, оған 3 нольді қосамыз. Мысалы:
Х = 8380000
Y = 4924000
Егер координатқа градуспен /мин/ секундпен енгізсе, онда оны градусқа аударуды ұмытпау керек. Мысалы:
45030/ = 45,50
45020/ = 45,33333330
45040/ = 45,66666660
Градусты ондық градусқа ауыстыру үшін, (БАҒДАРЛАМА>КАТАЛОГ БАҒДАРЛАМАСЫ) қолданамыз. «Тіркеу кескін» диалогын толтырғаннан кейін керекті мәліметтер ТАВ-құжатта сақталады. MapInfo бағдарламасымен жұмысты істеу үшін сіз кестені жаңадан ашасыз, ҚҰЖАТ>КЕСТЕНІ АШУ командасын орындау арқылы, ол үшін керекті растрлық құжатын ашу және тіркеу процедурасын қайталап қажет емес.

  1. Координатқа сәйкес басқа бақылау нүктесін аламыз, ОК басу. Растрлық кескінге картаның терезесі шығады. Терезеде кескіннің масштабын «+»және «-» батырмасы арқылы өзгертіп көруге болады. Масштабты кішірейту арқылы нүкте қиылыстарының жағдайын анықтағанда улкен нақтылыққа көз жеткізуге болады.

Ескертулер:

  1. Қиылыс-ол үлкен бір жауапкершілікті момент болып табылады, сондықтан оны ұқыпты келтіру қажет;

  2. MapInfo растрдың трансформалық функциясын жүктемейді. Растр қиылыстан кейін жағдайдың қате мүмкіндігі орталық қатынаста орын алады;

  3. Терезеде қиылыстың оң жақ координата нүктесінің пиксельді қателігін көрсетеді. Олар оптимальды түрде 0, бірақ карта деформиралды түрде болса, онда 1,2,3... пикселге дейін қателіктер болады;

  4. Егер қателік өте үлкен болса, онда координатты дұрыс енгізбеген немесе нүкте дұрыс қойылмаған;

  5. Егер проекция берілмеген болса, онда MapInfo Professional «Ені/Ұзындығы» қондыру немесе кестенің проекциясын қондыруымыз қажет.



Тіркеу шегінің мәні
Жаңа растрлық кескінде тіркеу үрдісі болған кезде, бақылау нүктелері үшін диалогта «Кескінді тіркеу» тіркеу шегінің мәні беріледі. Шегінің астында «Бақылау нүктесін өзгерту» диалогында берілген Х және У координатасы және кескіндегі нүктелердің арақашықтарының айырмашылықтарымен түсіндіріледі. Шектің мәні кішкентай болуы маңызды. Үлкен шекті тіркеме векторлық қабаттан және растрлыққа орналасқанда ауытқу жасайды. Координаттағы бақылау нүктелерін көрсеткенде максималды нүктеге жетуге талпыну керек. Бақылау нүктелерін көбірек қойсақ, онда тіркеменің нақтылығын ұзартуға болады. Бұл үшін КЕСТЕ>РАСТР>КЕСКІНДІ ТІРКЕУ командасын орындау қажет. «Кескінді тіркеу» диалогына және картаға жаңа бақылау нүктесін қойып «Қосу» батырмасын басу. Тіркеме диалогымен картаның векторлық нүктелері координатта бір-бірімен сәйкес болуы қажет. Қосымша нүктені кескіннің орталық бөлігіне қосу керек.
Растрлық кескінді құрастыру көрсеткіші
Картаның терезесінде растрлық кескінге пайда болса, онда кескінге түсті орналастыру қажет.
КЕСТЕ>РАСТР>КЕСКІНДІ ҚҰРАСТЫРУ командасын орындау. «Кескінді құрастыру» диалогында ашық және жартылай көрінгіштік беруге болады (сурет 51).



Сурет 51. «Кескінді құрастыру» диалогты терезесі


«Кескінді құрастыру» диалогы растрлық кескінге өзгеріс енгізбейді, ол тек қана MapInfoдағы режим көрсеткіштерін өзгертеді. Растрлық кескіннің жаңа стильді көрсеткіштерін MapInfo кестелік құжат түрінде жазады. Растрлық кескіннің жаңа стильді көрсеткіші. ОК батырмасын басқаннан кейін бастап жүзеге асады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет