Сибирская государственная геодезическая академия


Бөлім 1. Геоақпараттық картографиялау (кеңістіктік ресурсты алу)



бет2/59
Дата26.12.2023
өлшемі5,82 Mb.
#143786
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Бөлім 1. Геоақпараттық картографиялау (кеңістіктік ресурсты алу)


1.1 Геоақпарат ұғымы және оның негізгі түсініктері


Геоинформатика Информатика жалпы түсінігінің жеке жағдайы. «Информатика»ақпаратты алу, жинау, сақтау, түрлендіру, тарату және қолдануды қарастыратын қолданбалы зерттеулер облысындағы ғылым болып табылады. Иинформатика алғаш рет 60 жылдары Францияда ақпаратты автоматты турде өңдейтін облысқа ат беру кезінде information және automatique сөздерінің тіркесінен пайда болған.(F. Dreyfus, 1972)[1].
Информатиканың және ақпараттық жүйелердің пайда болуы адамның іс-әрекетінің барлық салаларындағы ақпарат көлемінің ұлғаюымен байланысты және бұл өз кезегінде ақпараттық мемлекет, электронды үкімет, ақпараттық қоғам ұғымдарын туғызды. Ақпараттық қоғам-ақпараттық қажеттілікті қанағаттандырудың қоғамдық- экономикалық және ғылыми- техникалық процесі ұйымдастырылған және әр түрлі формада көрініс тапқан ақпараттық ресурстарды пайдалану негізіндегі жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың ақпаратты алу және пайдалану құқығын іске асыру болып табылады. Ақпараттық қоғамда адамдардың көпшілігі ақпаратты шығарумен, сақтаумен, өңдеумен және сатумен айналысады. Осы мақсатта ғылыми және практикалық салаларда жаңа бағыттар пайда болады.

Бүкіл адамзаттың даму тарихы 3 кезеңге бөлінеді:



  • 6000 жыл ауылшаруашылық кезеңіне созылған;

  • 150 жыл өнеркәсіптік (индустриалды) кезең деп есептелген;

  • XX және XXI ғасырлар тоғысында адамзат ақпараттық дәуірге аяқ басты.

Бұл адамзат өркениетінің бүгінгі таңдағы негізгі даму факторы болып ақпараттық ресурстар, ал ақпарат адам іс- әрекетінің барлық түрінің ажырамас бөлшегі екендігін көрсетеді.
Геоақпарат- ақпараттың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Геоақпарат-бізді қоршаған географиялық кеңістіктің (геокеңістіктің) кеңістіктік- координатталған ақпараты.
Геокеңістік- бұл табиғи және техногенді сипаттағы географиялық объектілер аумағында орналақан кеңістіктік қасиеттерімен қызықтыратын табиғи құбылыстардың, техногенді және табиғи процестермен оқиғалардың жиынтығы болып табылады.
Аумақтық басқарудың мақсаттарындағы 70% шамасындағы шешімдер геоақпаратты пайдаланумен байланысты. Бұл кеңістіктік ақпараттың экономикадағы және қоғам өміріндегі маңыздылығын көрсетеді. Соңғы жылдары «кеңістіктік белсенді» үкімет немесе қоғам түсінігі пайда болды.
Бұл ақпараттың орналасуы және кеңістігі бойынша оның қоғамға пайдалылығын, өндірістің дамуы мен шығармашылық шабыттың өсуіне септігін тигізе отырып, азаматтар мен іскер адамдарға қолжетімділігін көрсетеді, ал орын мен орналасудың кеңістіктік аспектісі ақпарат пен ақпараттық процестерді ұйымдастыру үшін, қолданылатындығын көрсетеді. Сол себептен адамзаттың күнделікті өмірде кеңістіктік ақпаратты қолдануда түбегейлі төңкеріс уақытына жақындады деген шешімге келуге болады.
Геоақпаратты алу және пайдалану жөніндегі сұрақтар геоинформатика жаңа ұғымына негізделеді.

Геоақпарат анықтамалары


Геоинформатика географияда қоршаған ортаны зерттеу және талдау құралы ретінде пайда болды және үш аспектілерде анықталады:





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет