5.5 Сабақ № 5
Тақырыбы: ГАЖ - MapInfo тақырыптық картаны құру.
Мақсаты: Мәліметтерді анализдеу үшін тақырыптық картаны құру мен колдану методикасын
меңгеру. ("Карта России и таблицы CITY_200" жобасындағы ГАЖ негізінде)
Тақырыптық карталар мәліметтердің байланыстары мен заңдылықтарын көруге мүмкіндік береді, мысал үшін:
Халық тығыздығының картасы (аймақ тәсілімен);
Қалалар картасы (халық санына байланысты өлшемді белгілер тәсілімен).
1. Аймақ картасын құру
Бұл тәсіл объектілер ауданының мәліметтерін сәйкестендіру үшін қолданылады.
MapInfo-ны жүктеңіз, Файл > Открыть Таблицу командасын орындаңыз және C:\TEMP\RUSSIA каталогын таңдаңыз.
RUS_OBL.TAB файлына көрсетіңіз. “Открыть” батырмасын басыңыз. Терезені үлкейту батырмасын басыңыз. Экранда Ресей картасы пайда болу керек.
Енді аймақты халық тығыздығының еңбекке жарамды жас мөлшерінен бастап бояуға болады. Ол үшін барлық ауданды аймақты халық тығыздығының еңбекке жарамды жас мөлшері бойынша топқа немесе аймаққа бөлу керек.
1. Карта > Создать тематическую карту командасын орындаңыз. Бірінші диалог пайда болады “Создание тематической карты Шаг 1 из 3”.
2. “Диапазоны” деген батырманы басыңыз. “Далее” батырманы басыңыз. Екінші диалог пайда болады “Создание тематической карты Шаг 2 из 3”.
3. “Таблица” терезесінде RUS_OBL таңдаңыз. В окошке “Поле” терезесінде “Выражение” таңдаңыз. Біратты диалог ашылады. “Колонки" тізімін қолдана отырып, “Операторы”, “Функции” → “Summa_2/Area(obj, “sq km”)” таңдаңыз. “Далее” батырманы басыңыз. Үшінші диалог пайда болады “Создание тематической карты Шаг 3 из 3”.
4. Бұл диалогта аймақ бойынша берілген стандартты бөлім көрсетліеді. Осындай аймақты қолданғыңыз келсе, OK батырмасын басыңыз..
Шартты түстердің мағынасын білдіретін тақырыптық қабат пен аңыз пайда болады.
Өлшемді белгілер (значки)
Бұл тәсіл сызықтық және нүктелік объектілердің мәліметтерін сәйкестендіру үшін қолданылады.
Ең алдымен Ресей картасын тазалаймыз және оған үлкен қалаларды қосамыз:
“Операции” панелінде “Управление слоями” батырмасын басыңыз. “Управление слоями” диалогы пайда болады.
Құрылған аймақтың тақырыптық қабатын өшіріңіз.
Аңыз терезесінің жүйелік мәзірін екі рет көрсетіңіз, оны жабу үшін.
Файл > Открыть таблицу командасын орындаңыз. “Открыть таблицу” терезесі пайда болады. D:\TEMP\RUSSIA\ каталогын таңданыз.
Белсенді картада (Ресей) CITY_200.TAB кестесін ашыңыз. Картада Ресейдің үлкен қалалары пайда болады.
Енді әрбір қалаға белгі орнатамыз, оның өлшемі қала тұрғынының санына пропорционалды болады.
1. Карта > Создать тематическую карту командасын орындаңыз.
2. Бірінші диалогта “Создание тематической карты Шаг 1 из 3” выберите “Значки” таңданыз және “Далее” батырмасын басыңыз.
3. Екінші диалогта “Создание тематической карты Шаг 2 из 3” “Таблица” терезесінде CITY_200 таңданыз. “Поле” терезесінде “Pop_1995” таңданыз және “Далее” батырмасын басыңыз.
4. Үшінші диалогта “Создание тематической карты Шаг 3 из 3” берілген белгілір өлшемі көрсетіледі. OK батырмасын басыңыз.
5. Әрбір қала белгілермен белгіленеді, оның өлшемі “Pop_1995” аймағына байланысты болады.
Барлық карта қабатына аңыз құрамыз.
Карта > Создать легенду командасын орындаңыз.
Барлық қабаттың аңызын қосу үшін "Создание легенды" диалогында "Далее" батырмасын басыңыз.
Аңыз құрудың стандарттық орнату түрі қолданылуы үшін "Завершить" батырмасын басыңыз.
Карта қабаттарына сәйкес бөлімдерге бөлінген бөлімдермен жаңа терезе пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |