Сибирская государственная геодезическая академия



бет31/59
Дата26.12.2023
өлшемі5,82 Mb.
#143786
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   59
Байланысты:
¦Ы¦¬TБ¦¬TЖ¦¦¦¬¦¦ ¦¦¦-¦¬

2.5 ГАЖ мәліметтер көздері

Геоинформатикада мәліметтер көздері ретінде материалдардың 4 түрі анағұрлым кең пайдаланылады:



  • картографиялық;

  • аэроғарыштық;

  • статистикалық;

  • қызметтік.

Әрбір топтың өзінің артықшылықтарымен кемшіліктері бар, сондықтан ГАЖ- өңдеуде сапалы нәтижеге жету үшін, олардың үйлесімін пайдаланады.

Картографиялық материалдар


ГАЖ- өңдеуде, өте әртүрлі географиялық және топографиялық карталар пайдаланылады, оларды 6 үлкен блокка біріктіруге болады:

  1. Жалпы географиялық және топографиялық карталар;

  2. Табиғат карталары;

  3. Халықтың қоныстану карталары;

  4. Экономика карталары;

  5. Халыққа қызмет көрсету карталары;

  6. Саяси, тарихи, әкімшілік карталар.

1. Жалпы географиялық және топографиялық карталар
Бұл топқа келесі карталар кіреді:

  • Топографиялық (масштабы 1:200 000 және одан үлкен)

  • Шолу-топографиялық (масштабы 1:200 000 кіші және 1: 1 000 000 дейінгілерді қоса алғанда)

  • Шолу (масштабы 1:1 000 000 кіші)

Жер бедері, елді мекендер, гидрография, коммуникация жолақтары, өсімдік жамылғысы, жолдар, шекаралар туралы негізгі геоақпаратты құрайды.


2. Табиғат карталары
Бұл топқа келесі карталар кіреді:

  • физика-географиялық и ландшафтты;

  • геологиялық құрылысты және жер қойнауы қорлары (геологиялық, тектоникалық, гидрогеологиялық, пайдалы қазбалар, инженерлік-геологиялық және т.б.);

  • геофизикалық (магнитті өрістің, гравитация өрісінің, сейсмикалық құбылыстармен вулканизмнің, жер қыртысының қозғалысы және т.б);

  • жер бедерінің карталары (гипсометриялық, морфометриялық, геоморфологиялық және т.б.);

  • беттік сулар карталары (гидрографиялық, су және мұз режимдері, ағын сипаттамалары, гидрологиялық құбылыстар және т.б);

  • топырақ және жер ресурстары карталары (топырақтық, топырақтың тұздалуы, эрозия карталары, өсімдік жамылғысы, ормандар, табиғи жем- шөп өсетін шабындықтар және т.б).



3. Халықтың қоныстану карталары

  • демографиялық;

  • этнографиялық;

  • миграция;

  • аумақта орналасу;

  • қоныстандыру;

  • еңбек ресурстары және т.б.



4. Экономика карталары

  • өнеркәсіп карталары (салалар бойынша – мұнай шығаратын, азық-түлік, тоқыма, металл өңдеу, химиялық және т.б);

  • ауыл шаруашылық карталары (малшаруашылық, ауылшаруашылық өнімдері, егін шаруашылығы, жер қорлары және т.б);

  • орман шаруашылығы карталары (орман ресурстары, дайындамалары және т.б.);

  • көлік карталары (түрлеріне қарай бөлу – автомобильді, теміржол және т.б);

  • құрылыс карталары (күрделі құрылыс, құрылыс, материалдық-техникалық база, құрылыс және монтаждық ұйымдар және т.б);

  • байланыс карталары;

  • қаржы және сауда карталары;

  • сыртқы экономикалық іскерлік (экспорт, импорт және т.б);

  • жалпы экономикалық карталар және т.б.



5. Халыққа қызмет көрсету карталары

  • білім карталары;

  • ғылыми карталар;

  • мәдениет карталары;

  • денсаулық сақтау карталары;

  • дене шынықтыру және спорт карталары;

  • туризм карталары;

  • тұрмыстық қызмет көрсету карталары және т.б.



6. Саяси, әкімшілік және тарихи карталары

  • дүние жүзін мемлекеттік ұйымдастыру карталары;

  • елді әкімшілік- аймақтық бөлу карталары;

  • әр түрлі тарихи кезеңдерде халықты орналастыру және мемлекеттік ұйымдастыру карталары және т.б.



Мәліметтердің картографиялық көздерінің артықшылықтары:

  1. барлық объектілердің, процесстердің, құбылыстардың және оқиғалардың, дәл координаталық байланысы бар;

  2. геометриялық және семантикалық ақпарат бір құжатқа біріктірілген;

  3. картада жинақталған, ақпаратта «ақ дақтар», картографиялық аумақ шегінде үзілістер жоқ.



Мәліметтердің картографиялық көздерінің кемшіліктері:

  1. картадағы ақпарат көп жағдайда ескірген (10 – 15 жылға дейін);

  2. ақпаратты пайдалану үшін, картаны сандық түрге келтіру (компьютерлік қалыпқа келтіру керек) қажет, алайда бұл көп күшпен құралдардың шығындарын келтіреді;

  3. тез ағып өтетін процестер мониторингі үшін, карталарды пайдалану нәтижесіз.

Мәліметтердің аэроғарыштық көздері:


Бұл топқа арнаулы түсіріс құралдары көмегімен ғарыштық және авиационды орналасу тасымалдағыштары көмегімен алынатын мәліметтердің барлық түрі жатады (сканерлі, оптикалық, радарлы, лазерлі және т.б).


Бұл құралдар электромагниттік сәулеленудің әртүрлі сипаттамаларын толқындардың кең диапазонында тіркейді (ультра күлгін, жарықтық, фотографиялық, инфрақызыл, жыжулық инфрақызыл, микро толқынды).
Мәліметтердің аэрокосмостық көздерінің артықщылықтары:

  1. ақпаратты алудың жеделдігі және қашықтылығы;

  2. геометриялық және семантикалық ақпарат бір құжатта- түсірісте біріктірілген;

  3. түсіріс объектілерінің кеңістіктік байланысын үлкен дәлдікпен алу мүмкіндігі.




  1. Мәліметтердің аэрокосмостық көздерінің кемшіліктері:

  1. мәліметтерді алудың қымбаттылығы;

  2. мезгілдік факторлардың (өсімдік жамылғысы, қар жамылғысы) және табиғат жағдайларының әсері (бұлттылық);

  3. «ақ дақтардың» бар болуы;

  4. мәліметтерді күрделі өңдеу қажеттілігі.

Мәліметтердің статистикалық көздері


Мәліметтер көздерінің тобына біріншіден, мемлекеттік статистиканың- Ресейдің Госкомстатының материалдары, сонымен қатар экономиканың, мемлекеттік қызметтің жеке салаларының статистикалық есептілігінің материалдарымен гидрогеологиялық, метеорологиялық, океанографиялық, экологиялық және т.б. бағыттар бойынша жүйелі қадағалау нәтижелері кіреді.




Мәліметтердің статистикалық көздерінің артықшылықтары:

  1. халықтың экономикасының және өмір сүру әрекетінің барлық жақтарын қамтудың толықтылығы;

  2. мәліметтерді алу және өңдеу әдістемесінің бірлігі;

  3. ақпаратты компьютерлік түрде ұсыну және жинақтау;

  4. пайдаланушылар үшін, материал бағасының салыстырмалы түрде төмендігі.




  1. Мәліметтердің статистикалық көздерінің кемшіліктері:

  1. өте ескірген ақпарат (қолға түсуінен бастап 6-12 ай шамасында);

  2. аумақ жайлы мағлұматтардың кеңістіктік байланысының жоқтығы;

  3. объектілерді идентификациялау жүйелерінің, кеңістіктік құрастырушышы жоқ және геодезиямен картографиялаудағы идентификациялау жүйелеріне сәйкес келмейді.

Мәліметтердің қызметтік көздері:


Бұл топқа құрамында аумақ жайлы мағлұматтары бар және жеке кәсіпорындармен ұйымдарда құрылған барлық материалдар жатқызылады.


Бұл материалдарды пайдаланудың негізгі мәселесі болып, олардың қалыптарының, форматтарының, мазмұнының, құрылымдарының әртүрлілігі болып табылады, сол себепті де ГАЖ- өңдеу шегінде өзара байланысу қиындығына алып келеді. Бұл уақытта осы материалдар құрамында шешілетін есептерге жақын ақпарат бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет