Сибирская государственная геодезическая академия



бет30/59
Дата26.12.2023
өлшемі5,82 Mb.
#143786
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   59
Байланысты:
¦Ы¦¬TБ¦¬TЖ¦¦¦¬¦¦ ¦¦¦-¦¬

5. Оверлей қабаттарды топологиялық салу:
Бір-біріне екі немесе одан да көп қабаттарды салу операциясы, нәтижесінде келесілер пайда болады:

  • бастапқы қабаттардың графикалық композициясы (графикалық оверлей);

  • құрамында бастапқы қабаттардың кеңістіктік объектілерінің композициясы, осы композицияның топологиясы, атрибуттары, арифметикалық және бастапқы объектілер атрибуттарының логикалық туындылары бар бір туынды қабат.

Объектілердің кеңістіктік шектеулігіне қарай оверлейдің 9 түрін ажыратады:
1) нүктені- нүктелер, сызықтар, полигондар үстіне;
2) сызықтарды –нүктелер, сызықтар, полигондар үстіне;
3) полигондарды- нүктелер, сызықтар, полигондар үстіне.



Оверлей нәтижесінде үстіне қойылатын қабаттардың екеуінің де атрибуттарына ие объектілерді, автоматты түрде ерекшелеуге болады. Мысалы, егер «қала құрылысы» қабатының үстіне «су басу аймағы» қабатын қойса, су тасқынын болжау кезінде су тасқынына кіретін қалалық аумақтың объектілері ерекшеленеді.







6. Желілер талдауы (желілік талдау)
Желілік талдау - желілік құрылымды қалыптастыратын сызықтық объектілерге жасалатын кеңістіктік- аналитикалық операциялардың тобы:





Мысалы тораптың
ортасы ретінде, «минутына
машиналарды өткізу қабілеті» сипатымен
көше қиылысы қарастырылады



7. беттердің талдауы:
1) көлбеу бұрышты есептеу, науаның сызықтарын анықтау;
2) жарқабақтардың экспозициясын анықтау;
3) изосызықтарды құру және берілген қималар профильдерінің генерациясы;
4) биіктіктердің интерполяциясы;
5) көрінетін/ көрінбейтін аймақтар шекараларын анықтау;
6) тальвегтер және су айрықтарының желісін үлгілеу;
7) жер бедерінің үлгісі бойынша, берілген жазықтыққа қатысты көлемдерді анықтау;
8) су жинағыш хауыздарды жиектеу;
9) үш өлшемді кескіндердің генерациясы;
10) үш өлшемді және екі өлшемді кескіндерді қатар қолдану.


8. Кеңістікте объектілерді үлестірудің талдауы:

  • Орналастырып қою (бірқалыпты, бірқалыпты емес);

  • реттілік;

  • шоғырлану немесе бытыраңқылық;

  • байланыстылық немесе байланыссыздық.




      1. Картографиялық визуализация

Картографиялық визуализация кешенінің құрамына, келесі негізгі функциялар кіреді:



  • шартты белгілер (графикалық атрибуттарды) кітапханасын құру, редакциялау, басқару және пайдалану;

  • барлық типті шектеулі (нүктелік, сызықтық, аудандық) объектілер кластарына шартты белгілерді тағайындау, құру және редакциялау;

  • растрлық және/ немесе векторлық форматта шартты белгілерді құру;

  • стандартты картографиялық шартты белгілерді қолдау;

  • тақырыптық қабаттар кітапханасын құру, редакциялау, басқару және пайдалану;

  • тақырыптық қабаттарда кез- келген тәртіпте объектілер класын салу, қиыстыру, шығарып тастау және қосу;

  • тақырыптық қабаттарда кез келген тәртіпте және берілген бейнелеу режимінде ( фонды бояумен, фоннан жарық өтуімен) объектілер класын салу, қиыстыру, шығарып тастау және қосу;

  • еркін түрде немесе берілген масштабтау коэффициентімен кескінді (ерекшеленген бөлікті, барлық аумақты) масштабтау;

  • кескіннің терезеде көлденең немесе тік орын ауыстырудың қадамдарын, меңзегішпен оның центрін көрсету бойынша, кескінді центрлеуді болмаса, объектінің атрибуттарын берумен орын ауыстыруы;

  • алдыңғы кескіндерге қайтып оралу;

  • растрлық төс етек пен векторлық кескінді бірлесіп пайдалану;

  • объектілердің көріну немесе көрінбеу шарттарын орнату немесе алып тастау;

  • берілген объектілер класына жазбаларды шығару, көрінбеушілікті алып тастау және бұрын көрінбеген жазбаларды көрсету;

  • рамканың сыртындағы көркемдеуді және ЦКИ бетінің легендасын шығару;

  • ЦКИ- де бір немесе бірнеше объектілердің бөлінуі (меңзегішті нұсқаумен, семантиканы берумен, аумақ бойынша объектілерді іріктеу сұранысы бойынша, топологиялық сипаттамалары бойынша, атрибутивті мәліметтерге арналған логикалық жағдайлар бойынша);

  • әртүрлі картографиялық кескіндерді аумақтың бір бөлігіне бірнеше терезелерде шығару және орын ауыстыруы кезінде, олардың өзара сәйкестігін қамтамасыз ету;

  • ЦКИ-ң жеке объектілеріне арналған ішіне салынған графикалық (карталар, фотографиялар, сызбалар, суреттер) немесе мәтіндік файлдарды бейнелеу;

  • Статистикалық көрсеткіштері бойынша, картаграммаларды алу және оларды кескіндеу.

2.4.8. ГАЖ- өңдеудің соңғы өнімін қалыптастыру

Бұл функциялардың тобы ГАЖ- өңдеу нәтижелері бойынша шығарылатын құжаттарды құруға бағдарланған:



  • берілген құрылым мен ұсынылу формасына сәйкес, мәтіндік есеп берулердің (сонымен қатар кестелер) қалыптасуы;

  • графикалық кескіндердің қалыптасуы және графикалық терминалды құрылғыларда (плоттер, сканер) шығуы;

  • терминалды құрылғының жұмыс істеу өрісінен асып кететін өлшемді, ЦКИ-ң қалыптасуы және шығарылуы;

  • картограммалардың қалыптасуы және шығарылуы;

  • сандық және электронды карталардың, атластардың қалыптасуы;

  • сандық анықтамалық-картографиялық мультимедиялық өнімнің қалыптасуы (анықтамалық-картографиялық ГАЖ).

2.4.9. ГАЖ- қосымша айқындауыштарын жасауды қамтамасыз ету


Берілген функциялар тобы арнайы мақсаттармен нақты пәндік облыстың мазмұнын бейнелейтін, ГАЖ-қосымша айқындауыштарын жасауға арналған және келесі функциялардан тұрады:



  • бағдарламалаудың, жасап шығару ортасының мамандандырылған кірістірілген тілін пайдалану;

  • бағдарламалаудың кірістірілген тілінде қосымша айқындауыштарды жасап шығару үшін, жүйенің функциялары мен операцияларының макротілін пайдалану;

  • бағдарламалаудың сыртқы тілі үшін, жүйенің функциялар және рәсімдер кітапханасын пайдалану ;

  • функциялар және жүйе операцияларының кітапханаларын құру және кеңейту;

  • қабықша мен қосымша айқындауыш арасында мәліметтерді динамикалық айырбастау технологияларын пайдалану.

2.4.10. Жүйенің әкімшілік етуі


Осы топты құрайтын функциялар жүйені басқару және оның жұмыс істеу қабілеттілігін қамтамасыз етуге арналған:



  • жүйені орнатудың бақылау мысалы бар инсталляциялық бағдарламасын пайдалану;

  • пайдаланушыларды және олардың қолжетімділік құқықтарын тіркеу;

  • жүйені нақты ГАЖ жобасына икемдеу;

  • жүйені рұқсат етілмеген кіруден және апаттық жағдайлардан сақтау;

  • апаттық жағдайлардан кейін, жүйенің жұмыс істеу қабілеттілігін қалпына келтіру;

  • пайдаланушыларға арналған нұсқауларды, көмек жүйесін және үйретуші бағдарламаны пайдалану;

  • жүйе жұмысының статистикасын жүргізу.

Қарастырылған функциялар жүйесі нақты бағдарламалық пакеттің, мүмкіндіктерін бағалау, ГАЖ әртүрлі бағдарламалық пакеттерін салыстыру, ГАЖ инструменталды бағдарламалық құралдарын құру үшін техникалық тапсырмаларын жасау, ГАЖ бағдарламалық құралдарын сертификациялау мақсатында қолданылуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет