Сибирская государственная геодезическая академия


Мәліметтерді геоақпараттық өңдеу технологиясы



бет33/59
Дата26.12.2023
өлшемі5,82 Mb.
#143786
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   59
Байланысты:
¦Ы¦¬TБ¦¬TЖ¦¦¦¬¦¦ ¦¦¦-¦¬

2.7 Мәліметтерді геоақпараттық өңдеу технологиясы

Мәліметтерді ГАЖ негізінде геоақпараттық өңдеудің технологиялық процесі, негізгі мәліметтерді картографиялық материалдарды сандық түрге келтіру, аумақтық мәліметтер банкінен, жергілікті жердің геоақпараттық үлгісін құру және алу, кеңістіктік талдау, кеңістіктік шешімдерді және шығарылатын құжаттарды мәтіндік, кестелік, графикалық және картографиялық, сонымен қатар геоақпараттық үлгілер, сандық және электронды карталар түрінде дайындау болып табылады (сурет 20).



Сурет 20. Мәліметтерді геоақрпараттық өңдеу процесі




2.8 ГАЖ негізінде кеңістіктік шешімдер шығарудың интеллектуализациясы

Геоинформатиканың негізгі мақсаты кеңістіктік мәліметтерді жинау, геоақпаратты алу және ұсыну, бізді қоршаған кеңістік жайлы жаңа білімнің қалыптасуы болып табылады.


«Мәліметтер», «ақпарат» және «білім» негізгі ұғымдары өзара ұқсас, бірі- бірімен байланысы бар, алайда мағыналары бойынша өзгешеленіп, сәйкес анықтамаларды беруді талап етеді.


«Мәліметтер»
«Мәліметтер» сөзі латынның «datum» сөзінен шыққан, тура аудармасы «факт».
Геоинформатикада мәліметтер деп, сандық немесе сапалық бейнеленген бақылау, өлшеулер, қоршаған кеңістік объектілерін сипаттау нәтижелерін кез келген формализацияланған түрде ұсынылатын факторлар жиынын айтады.
«Ақпарат»
Латын тілінен аударғанда «informatio» - түсіндіру, баяндау.
Информатикада ақпарат деп, өмір сүру әрекетімен жұмыс істеу процестерінде тірі ағзалар, басқаратын машиналар қабылдайтын қоршаған дүние, осындағы болып жатқан процесстер және т.б. жайлы мағлұматтарды айтады.
Физикада ақпарат ішкі күйімен қоршаған орта әсерін қабылдау, мәліметтерді және хабарларды басқа объектілерге, заттармен құбылыстарға беру қабілеттілігі бар ақиқат, ақпараттық жүйе заттарының, құбылыстарының және процестерінің қасиеттерінің бірі болып табылады.


«Білім»
Латынша «scientia» - білім, тану.
Геоақпаратта білім деп, географиялық ақиқаттың семантикалық аспектілерінің адам миында немесе техникалық жүйеде көрініс табуын түсінеді.
Геоинформатикада пәндік білімдер (жалпы қолжетімді) де, сонымен қатар қоршаған кеңістік жайлы біздің түсінігімізді бейнелейтін дара (эмпирикалық) білім қолданысқа ие.


«Мәліметтер», «ақпарат» және «білім» түсініктерінің байланысы:

  • мәліметтер өңдеу жолымен ақпаратқа айналдыруға болатын «шикізат» ретінде ұсынылады, яғни мәліметтерді ақпаратты алудың негізі деп қарастырады.

  • мәліметтер қоршаған орта объектілеріне қатысты, дискретті тіркелген фактілерге сәйкес келеді және соның негізінде біз ақиқат дүние жайлы ақпаратты аламыз.

  • ақпарат – бұл белгіленген келісімдер негізінде адаммен мәліметтерге мән- мағына беру (яғни білімдерді).

  • мәліметтерді тапсыруға, адаммен немесе техникалық құралдармен өңдеу мен интерпритациялауға ыңғайлы шартты түрде, ұсынылған фактілермен түсініктерді білдіретін, ақпараттың атрибуты ретінде қарастыруға болады.

  • ақпарат – бұл түсінілген (қабылданған) және түсінікті ақпарат!

  • білім ақпаратты интерпретациялау нәтижесінде алынуы мүмкін.

Адам алынған мәліметтер негізінде ақиқат дүние жайлы ақпаратты қалыптастырады және соның негізінде сол ақиқат дүние туралы жаңа білімдер пайда болады.

Геоинформатикада қарастырылған түсініктердің түр тармағы пайдаланылады:



  • геокеңістіктік мәліметтер – объектілердің кеңістіктік қасиеттерін, құбылыстарын, процестерін және қоршаған геокеңістіктің оқиғаларын бақылаумен, өлшеу нәтижесінде алынған мәліметтердің ерекше түрі;

  • геоақпарат – қоршаған геокеңістіктің кеңістіктік аспектілерін суреттеуге бағытталған ақпараттың ерекше түрі;

  • геокеңістіктік білімдер – бізді қоршаған геокеңістіктің кеңістіктік қасиеттері жөніндегі ерекше білімдер.

Қарастырылған негізгі түсініктерге сәйкес информатика облысында бағдарламалық жүйелердің эволюциясы да болған. (Сурет 21).



Сурет 21. Бағдарламалық жүйелердің эволюциясы

Сараптамалық (эксперттік) жүйелер


Сараптамалық жүйе – пайда болатын есептерді шешу үшін, салыстырмалы тар, пәндік облыстан білімдерді пайдаланатын жасанды интеллект жүйесі сондай-ақ бұл сарапшы адам қатысқандай, яғни нақты сұрақ бойынша қажетті ақпаратты (қабылданған және түсінілген мәліметтерді) жеткізіп беретін, мүдделі тұлғамен диалог жүргізуі арқылы болуы тиіс.


Сараптамалық жүйе сарапшылардың білімдері негізінде құрылады және 4 компонентке негізделеді:
1. мәліметтер (фактілер);
2. қорытындының ережелері (процедуралық білімдер);
3. басқару құрылымдары;
4. метабілімдер (өз бетімен оқу нәтижелері).
Сараптамалық жүйенің құрамы:

  • білім базасы;

  • логикалық қорытынды машиналары;

  • түсіндіру және пайдаланушылармен қатынас модулі;

  • метабілімдер модулін қалыптастыру.

Сараптамалық жүйелер облысындағы негізгі ұғымдар:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет