СЫҒымдалған табиғи газды пайдаланатын автобустар жұмысының Қауіпсіздігі жөніндегі



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата03.03.2017
өлшемі3,36 Mb.
#6648
  1   2   3   4   5   6

СЫҒЫМДАЛҒАН ТАБИҒИ 

ГАЗДЫ ПАЙДАЛАНАТЫН  

АВТОБУСТАР 

ЖҰМЫСЫНЫҢ  

ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӨНІНДЕГІ 

ОҚУ ҚҰРАЛЫ

Алматы, 2016 ж .



Біріккен Ұлттар Ұйымының 

Даму Бағдарламасы мен 

Ғаламдық экологиялық 

қорының «Алматы қаласының 

тұрақты көлігі»

 


ӘОЖ 656 .13 (075 .8)

А36


Айтхожина Ш .С .

А36 «Сығымдалған табиғи газды пайдаланатын автобустар 

жұмысының қауіпсіздігі жөніндегі оқу құралы»/ Ш  .С . Айтхожина, 

Е . А .-К . Тохтаров . - Алматы: Ex-Libris, 2016 ж . - 84 б .

Сығымдалған табиғи газбен жүретін автобустарды қауіпсіз 

пайдалану жөніндегі оқу құралы

Басылым қоғамдық көліктерді жүргізушілер мен СТГ жүретін 

көліктермен жұмыс істейтін техникалық мамандарға арналады . 

Осы басылымда ұсынылған көзқарас авторлардың пікірін 

білдіреді және БҰҰДБ қоса алғанда, Біріккен Ұлттар Ұйымының 

позициясын білдіруі міндетті емес .

Басылым Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы мен 

«Алматы қ  . орнықты көліктері» Ғаламдық Экономикалық 

қорының қолдауымен әзірленді және қазақ тіліне аударылды .

ISBN: 978-601-275-713-2 

Айтхожина Ш .С .,

Тохтаров Е .А .-К ., 2016

 


3

Мазмұны

КІРІСПЕ  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  . 4

СТГ жұмыс істейтін автокөлік құралдарын техникалық-

пайдалану  

көрсеткіштері    .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  . 5

Сығымдалған табиғи газ – отын ретінде   .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  . 7

Қазақстан автокөліктерінде СТГ пайдаланудың жай-күйі және  

перспективалары   .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .13

CNG-СТГ неге сығымдалған табиғи газ?    .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .17

СТГ пайдалану үшін газбаллонды жабдықтар  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .18

СТГ арналған жоғары қысымды ыдыстармен жұмыс істеуге 

қойылатын талаптар    .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .26

Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстардың жұмыс режимі мен  

қызмет көрсету қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулық   .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .31

СТГ арналған автокөліктерінің босаған баллондарын сақтайтын 

орын .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  . 36

СТГ арналған баллондарды техникалық куәландыруға  

қойылатын талаптар    .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .37

Газ баллонды автобус жүргізушілеріне қойылатын техникалық 

қауіпсіздік талаптары  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .46

YUTONG автобусындағы газ жүйесінің құрамы    .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .48

СТГ автомобильлдің жылжымалы құрамын пайдалану 

ерекшеліктері    .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  . 55

СТГ жұмыс істейтін автобуысқа қызмет көрсету және күтім 

жасау    .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .57


4

Газ жабдықтарының негізгі конструктивтік ерекшеліктері    .  .  .61

Шеберхана ұйымдастыру және автокөлікке техникалық қызмет 

көрсету . Қозғалмалы құрамға қызмет көрсету   .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .66

СТГ қолданатын автокөлікті техникалық пайдалану  

ережелеріндегі айырықша талаптар  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .71

Жүргізушіге СТГ арналған автокөлікте қауіпсіз пайдалануды  

күнделікті қамтамасыз ету жөнінде жаднама   .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .77

Әдебиет:    .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .  .82


5

КІРІСПЕ

Пайдалану жөніндегі басшылық сығымдалған табиғи газбен 

жұмыс істейтін автобусты пайдалану мен қызмет көрсетудің қа-

жетті ережелерін қамтиды . Автокөлікті пайдалануды бастамас 

бұрын Сізден осы басшылықпен мұқият танысып алуыңызды 

өтінетініміз . Оқулық тікелей сығымдалған табиғи газ пайдала-

натын көліктерде жұмыс істейтін жүргізушілерге, механиктерге, 

слесарьларға арналады .

Сізден «Жүйе құрамы», «Жұмысы туралы қысқаша мәлімет-

тер», «Қызмет көрсету және күтім» тарауларымен айырықша 

мұқият танысуыңызды өтінеміз .

Сіздің қате әрекетіңіз жарақаттануға, автобустың және оның 

тораптарының істен шығып қалуына, дайындаушы-зауыттың 

кепілдік міндеттемесінің тоқтатылуына алып келуі мүмкін .

Автобустың қауіпсіз және бас тартпай жұмыс істеуі үшін осы 

нұсқаулықта жазылған пайдалану және техникалық қызмет 

көрсету жөніндегі барлық нұсқауларды орындаңыз

Бұл жүйе үшін күнделікті қызмет көрсетілу қажет етілмейді, 

жүйеге қызмет көрсетуді мамандар орындаған, егер жүргізуші 

бұзушылықты анықтаса, жөндеу үшін мамандарға уақтылы ха-

барлауы тиіс .

Автобус паркке қайтып оралған кезде бақылау-жіберу пунктін-

де техникалық қараудан өткеннен кейін мамандандырылған 

постыға газ баллон жабдығының саңылаусыздығын тексеру-

ге жіберіледі . Саңылаусыздығын тексеруге газ тұрба құбыры-

ның барлық жалғағыштары, газ баллон мойнындағы оймасы, 

бекіту-сақтау арматурасы және т . б . жатады . Саңылаусыздығын 

тексеру кезінде баллондағы қысым 2,0 МПа (20 кгс/см

2

) кем 


болмауы тиіс, бұл қоректендіру газ жүйесінің манометрінің көр-

сеткіші бойынша анықталады .



6

Бұзылушылық болмаған және қоректендіру газ жүйесінде саңы-

лау болмаған жағдайда автокөлік жууға, бұдан әрі (қажет бол-

са) СТГ құюға және тұраққа қоюға жіберіледі .

Автобусқа техникалық қызмет көрсету автобусқа техникалық 

қызмет көрсетуге арналған шеберханалар ұйымдастырылған 

автокөлік паркінде жүргізіледі . Қызмет көрсету станциялары қа-

жетті запас бөлшектермен, арнайы құралдар мен аспаптардың 

жинағымен қамтамасыз етілген . Қызмет көрсету бойынша бар-

лық жұмыстарды тәжірибелі мамандар орындайды .



7

СТГ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН АВТОКӨЛІК 

ҚҰРАЛДАРЫН ТЕХНИКАЛЫҚ-

ПАЙДАЛАНУ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Автокөлікке СТГ пайдаланудың мынадай бірқатар оң қасиеттері бар:

•  мотор майының сұйылуының болмауы және ластануының 

азаюы оның жұмыс істеу мерзімін арттырады, нәтижесінде 

май шығыны бензинді қозғалтқышпен салыстырғанда 10–

15 % кемиді;

•  цилиндрлі поршенді топ бөлшектеріндегі күйенің анағұрлым 

аздығы қозғалтқыштың моторесурсын орташа алғанда 35–

40 % арттырады;

•  тұтандыру білтелерінің жұмыс істеу мерзімі 40 % артады;

•  зиянды заттардың шығарылуы, әсіресе жұмыс істеліп біткен 

газдармен бірге CO, сондай-ақ қозғалтқыш жұмысының шуы 

төмендейді;

•  автобус қозғалтқышы газды дизель циклі бойынша жұмыс 

істеген кезде жұмыс істеліп біткен газдармен бірге қатты бөл-

шектердің шығарындылары 3–4 есе азаяды және канцеро-

гендік заттар анағұрлым төмендейді .

Бұдан басқа, газдың бір шаршы метрінің (бір литр бензинге 

баламалы) босату бағасы бір литр бензиннің бағасынан 50 % 

жоғары емес көлемде бекітілген .

Оң қасиеттерімен қатар автокөлік құралдарын СТГ көшірудің 

мынадай бірқатар кемшіліктері де бар:

•  автобусты бастапқы қыздыру уақыты 24–30 % ұлғаяды;

•  ең жоғарғы жылдамдығы 5–6 % кемиді;

•  тіркемесі бар жүк таситын автокөліктерді пайдалану қиындайды;

•  газды бір рет құйғаннан кейінгі жүру ұзақтығы бір рет мұнай 

отынын құйғандағы жүру ұзақтығының 65 % аспайды .


8

Қосымша газ баллонды аппаратура болуынан ТҚ және АЖ ең-

бек сыйымдылығы 4–6 % артады .

Табиғи газ ауамен араласқанда өрт жарылғыш қаупі бар кон-

центрация пайда болатын заттар тобына жатады .

Жарылғыш қаупі бар концентрация (метан бойынша) ауамен 

көлемді үлесте араласқан кезде: төменгісі – 5 %, жоғарғысы – 

15 % құрайды .

Үй-жайдағы және жұмыс орындарындағы ауада газдың (метан 

бойынша) болуы оның тұтануының төменгі қоюлану шегінен 

(ТТҚШ) 20 %, демек көлемі бойынша 1,0 % артық болмауы тиіс .

Токсикологиялық сипаты бойынша, көмірсутекті газдардың 

қоспасы болып табылатын табиғи газ МЕМСТ 12 .1 .007–76 

қойылған талаптар жағдайында қауіптілігі 4-сыныптық заттарға 

жатады .

Жұмыс аумағы ауасындағы сығымдалған табиғи газдың көмір-

сутек концентрациясы көмірсутегіне қайта есептегенде шекті 

жол берілгеннен (ШЖҚ)– 300 мг/м

3

 аспауы тиіс . Жұмыс аумағы 



ауасындағы күкіртті сутегінің шекті жол берілген концентрация-

сы көмірсутегімен күкіртті сутегінің С1-С2–3 мг/м

3

 қоспасынан 



10 мг/м

3

 аспауы тиіс .



Жұмыс аумағында газдың болуы және оның құрамы иіс бой-

ынша немесе газ талдағышпен анықталады . Одорирленген газ 

ауада көлемі бойынша 1 % болған кезде газдың иісі кемінде 3 

балл болады .

Газдың концентрациясын газ талдағыштармен анықтау кезінде 

ол жарылыстан қорғауышта орындалуы тиіс екенін ескеру керек .

Автомобил газ толтыру станциясында (АГҚКС) автомобиль бал-

лонына ГБТҚ құйылатын газдың температурасы қоршаған ауа 

температурасынан 15 °C дан асуы мүмкін, бірақ +60 °C жоғары 

болмауы тиіс .

Баллондардағы газ қысымы әрбір құю аяқталғаннан кейін 

анықталады . Құюға берілетін газдың температурасы тұтынушы-

ның талабы бойынша анықталады .


9

Сығымдалған табиғи газ –  

отын ретінде

Негізін метан CH4 (82 % дан 98 % дейін азғана этан араласқан 

C 2H6 (6 % дейін), пропан C 3H8 (1,5 % дейін) мен бутан С4Н10 

(1,0 % дейін) құрайтын табиғи газ, өзінің физикалық-химиялық 

қасиетіне қарай автомобиль отынына қойылатын мынадай та-

лаптардың көбін қанағаттандырады:

•  біркелкі жанатын қоспа жасау үшін ауамен жақсы араласады;

•  жанатын қоспаның жоғары колориясына және жоғары ок-

тан санына (ОЧМ>102–105 бірлік) ие болады, бұл қозғал-

тқыштың цилиндрінде тұтанып тез жануға жол бермейді және 

сығымдаудың жоғары дәрежесін пайдалануға мүмкіндік бе-

реді;


•  қозғалтқыштың бетін тотықтандырғышты, қозғалтқыш кар-

теріндегі мотор майының қышқылдануы мен сұйылуын туды-

ратын заттардың ең аз санын қамтамасыз етеді;

•  жану өнімдерінде улы және канцерогенді заттардың аз пайда 

болуын қамтамасыз етеді;

•  компоненттік құрамының тұрақтылығын сақтау қабілетіне ие;

•  қозғалтқыштың қоректену және от алдыру жүйесінде күйік 

пайда болу мен ластануға ықпал ететін шәйірлі заттар мен 

механикалық қоспалары аз болады .

Табиғи газдың кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға болады:

•  цитан санның (ЦЧ=10) төмен болуы және нәтижесінде мұнай 

отынымен салыстырғанда нашар тұтануы (640÷680 °C) (мы-

салы бензинде – 270÷330 °C);

•  сұйық мұнай отымен салыстырғанда жану жылдамдығының 

кемуі;

•  ауаның тығыздығымен салыстырғанда газды ауа ортасы 



тығыздығының аздығы .

10

Табиғи газдың энергетикасы кен орнына байланысты газдың 

жалпы салмағының 85–99 % құрайтын метанмен анықталады . 

Метанның физикалық-химиялық қасиетінің мейлінше таралған 

мотор отыны (бензин, керосин, дизел отыны және т . б .) солар-

дан тұратын басқа көмірсутектерден айтарлықтай айырмасы 

бар . Бұл метанды аса бір тұрақты табиғи қоспа етеді және со-

нысымен газды мотор отыны ретінде пайдаланғанда айырықша 

құнды сапа береді .

Поршенді ЖҚЖ үнемділігін көтеру бойынша жұмыстар қозғал-

тқыштар мен оларды пайдалану режимін жетілдіру, отынның 

жаңа түрлерін іздеп табу бағытында жүргізіледі .

Қозғалтқыштың техникалық-экономикалық көрсеткіштері көбі-

не пайдаланылатын отынның сапасына байланысты . Қозғал-

тқыштың сенімді, үнемді және бұзылмай жұмыс істеуін қамта-

масыз ету үшін отын мынадай талаптарға жауап беруі тиіс:

•  жанған кезде жоғары жылу беруі;

•  қозғалтқыштың іске жеңіл қосылуымен, қоспа жасау, бір ре-

жимнен екінші режимге бір қалыпты ауысу және түрлі кли-

маттық жағдайларда пайдаланған кезде қозғалтқыштың 

тұрақты жұмыс істеуімен шарттасатын қоспа жасаудың жақсы 

қасиетіне ие болуы;

•  барлық пайдалану режимдерінде тез тұтанып жанбау;

•  қозғалтқыш бөлшектерінің қатты қызып кетуі мен тозуына 

алып келетін күйенің пайда болуын болдырмау;

•  онымен тікелей байланыс жасағанда да, сол сияқты жану 

өнімдерінің пайда болуынан бөлшектің тотығуын тудырмау;

•  тасымалдау және сақтау кезінде тұрақты болуы, демек өзінің 

бастапқы қасиетін өзгертпеуі;

•  қату температурасының төмен болуы;

•  адамға және қоршаған ортаға зиянды әсер етпеуі .

Төрт еселік карбюраторлы қозғалтқыштағы жұмыс процесі 

былай жүзеге асырылады . Бірінші тактіде – ол кезде поршень 

жоғарғы өлі нүктеден (ЖӨН) төменге (ТӨН) қарай қозғалатын, 



11

кіру қақпақшасы ашық, ал шығу қақпақшасы жабық болатын 

сору тактісінде – қоспа жасалатын камерада разрядтау жүзеге 

асады . Соның нәтижесінде ауа ауаны тазартқыштан карбюра-

тордың қоспа жасайтын камерасына түседі және отынды басты 

циклдерден іліп алады, отын кіргізу коллекторында қозғалы-

стағы ауамен араласады және отын ауа қоспасын құрап буға 

айналады .Соңғысы қозғалтқыштың жану камерасына түседі, 

онда алдыңғы циклдан қалған отын өнімдерінің жанатын қал-

дықтарымен қосымша араласады . Жұмыс қоспасы пайда бола-

ды . Екінші тактіде, сығымдау тактісінде поршень ТӨН-нен ЖӨН-

ге қарай қозғалған кезде, жұмыс қоспасы қосымша араласады, 

сығымдалады, температурасы көтеріледі және сұйық фазадағы 

отын қалдықтары буға айналады .

Сығымдау дәрежесіне байланысты жану камерасындағы қы-

сым 1 …1,2 МПа көтеріледі, қоспаның температурасы 260 

…370 °C ұлғаяды . Үшінші тактіде, жұмыс барысы тактісінде, дай-

ындалған қоспа оталдыру білтесінен шыққан ұшқыннан тұтана-

ды . Қоспа жанған кезде бөлініп шыққан жылу энергиясы қисық 

тиекті-шатун механизмінің көмегімен механикалыққа айнала-

ды . Соңғы төртінші такті, шығару тактісі кезінде, отынның жанба 

өнімдері цилиндрден және жану камераларынан атмосфераға 

шығарылады . Содан кейін процес қайталанады .

Метанның жану жылылығы 49,4 МДж/кг құрайды . Автомо-

биль бензиніндегі бұл көрсеткіш 45,2 МДж/кг тең, бұл 9 % кем . 

Авиациялық керосинмен салыстырғанда метанның басымдығы 

тағы – 11 % жоғары .

Газды қозғалтқыштың отын үнемдеуі – автомобиль моторының 

анағұрлым маңызды көрсеткіші – отынның октан санымен және 

отын-ауа қоспасының от алғыштық шегімен анықталады .

Октан саны, қысымы жоғары дәрежелі қуатты және үнемді 

қозғалтқыштардың отын қабылдау мүмкіндігін шектейтін отын-

ның тез тұтанып жану тұрақтылығының көрсеткіші болып табы-

лады . Заманауи техникада октан саны отынның мынадай со-

рттылығының басты көрсеткіші болып табылады: ол неғұрлым 

жоғары болса, отын соғұрлым сапалы және қымбат . Метан мо-



12

лекуласының жоғары тұрақтылығы арқасында табиғи газ бар-

лық көмірсутекті отындар ішінде октан санының 105 тен 120 

бірлікке дейінгі анағұрлым жоғары санына ие болады, демек 

тез тұтанып жану тұрақтылығы осы көрсеткіштің эталоны – изок-

таннан да жоғары . Ресейде айтарлықтай көп тараған бензин-

дердің октан саны: 76 (А-76), 86 (АИ-92), 95 (АИ-96 немесе 

«Экстра-95») .

Бұл сапа табиғи газды қолданыстағы ұшқыннан тұтанатын 

қозғалғыштардың барлық түрлері үшін ғана емес, қуаттылығы 

мен үнемділігін жақсарта отырып, осы қозғалтқыштардың 

сығымдау дәрежесі бойынша форсирлеу үшін де қолдануға 

мүмкіндік береді .

Қозғалтқыштан барынша көп қуаттық талап етілмеген кездегі 

режимдерде (қаладағы қозғалыс) табиғи газбен жұмыс істей-

тін автомобиль, бензинмен жұмыс істейтінге қарағанда анағұр-

лым үнемді . ВГАЗҒЗИ арнайы қойған тәжірибелер газбен жұмыс 

істейтін ЗИЛ 130 автомобильінің сағатына 25 тен 50км/сағ . 

дейінгі жылдамдықпен 100 км жұмсалатын отын шығыны сол 

автокөліктің осы шарт бойынша бензинмен жұмыс істегеніне 

қарағанда 2 есе кем екенін көрсетті .

Газбен тығыз жұмыс істейтін қозғалтқыштың тозу тұрақтылығы, 

отын мен мотор майының өзара әрекетіне байланысты . Бензинді 

қозғалтқыштардағы жағымсыз құбылыстардың бірі салқын іске 

қосу кезінде отын цилиндрге буланбай түскен уақытта қозғал-

тқыш цилиндрдің ішкі бетіндегі бензиннің майлы қабыршығын 

жуып кетуі болып табылады . Осы жағдайда бензин сұйық күйде 

майға түседі, онда ериді және майлау қасиетін нашарлатып оны 

сұйылтады . Екі эффекті де қозғалтқыштың тозуын жылдамда-

тады . Табиғи газ қозғалтқыштың температурасынан тәуелсіз 

әрқашан газ фазасында қалады, бұл белгіленген факторларды 

толығымен болдырмайды . Атап айтқанда, сондықтан жұмыс 

істеп тұрған кездегі қозғалтқыштың ұзақ жұмыс істеуі бензиндіге 

қарағанда 1,4–1,6 есе жоғары болып шығады .

Газ қозғалтқышының экологиялық қауіпсіздігі 21 ғасырдың ба-

сында, газды моторлы отынға даусыз басымдық беретін басты 



13

фактор болды . Бұл қауіпсіздік мынадай факторлармен анықта-

лады:

•  жылдам бітетін ресурстар шығынын сақтау;



•  газбен жұмыс істейтін қозғалтқыштардың, мұнай отынын 

пайдаланатынға қарағанда ауаға ластаушы заттарды анағұр-

лым аз шығаруы;

•  жылу газдарын шығару төменділігі .

Метанның табиғи ресурстары мұнай запасынан бір саты жоға-

ры . Бұл ретте мотор отыны ретінде табиғи газ пайдаланылған 

жағдайда, іс жүзінде жер қойнауынан өндірілгендердің бар-

лығы жіктелген арналымы бойынша пайдаланылу мүмкіндігі . 

Демек мұнай отынын қолдану, отын қолданылған сайын табиғи 

ресурстарының көптеп таусылуын талап етеді . Есептер көлік 

құралдары газ отынына көшірілген жағдайда, адамзат үшін газ-

дың запасы 200 жылдан кем еместі құрайтынын көрсетеді . Сол 

кезде мұнай ресурстары 30–50 жылдан кейін, демек энергоре-

сурс саясатын қайта құру үшін өте қысқа мерзімде таусылады .

Ластаушы заттардың атмосфераға шығарылуын төмендеуі 

газ отынын қолдану кезінде табиғи газдың осы қасиеттерімен 

анықталады, бұл қозғалтқыштардың отын үнемдеушілігінің 

жоғары болуын қамтамасыз етеді . Бензин қозғалтқышы кедей-

лену шектеріндегі жоғары мәнділігінен (1 кг ауаға 54 г отын) бай 

қоспаға реттелуге мәжбүр, бұл қоспадағы оттегінің жетіспеуіне 

және отынның толық жанбауына алып келеді . Нәтижесінде мұн-

дай қозғалтқыштың пайдаланылған газды шығарындысында 

қашанда оттегі жетпеген кезде түзілетін тұншықтырғыш газ (СО) 

анағұрлым көп болуы мүмкін . Қозғалтқышта оттегі жеткілікті 

болған жағдайда, жану кезінде жоғары температура (180 0С 

астам) дамиды, содан ауаның азоты артық оттегіден азот то-

тығын тудырып қышқылданады, оның улылығы СО – әскери 

улау затынан 41 есе асып түседі . Осы компоненттерден басқа, 

қозғалтқыштың пайдаланылған газды шығарындысында көмір-

сутегі мен жану камерасының қабырғасы қыртысында түзілетін 

олардың толық қышқылданбаған өнімдері болады, мұнда су-

мен салқындатылған қабырғалар қозғалтқыштың жұмыс циклі 



14

уақытының қысқалығынан сұйық отынның булануына мүмкін-

дік бермейді және оттегінің отынға түсуін шектейді . Газ отынын 

қолданған жағдайда барлық көрсетілген факторлар анағұрлым 

әлсіз әрекет жасайды, негізінен қоспалардың мейлінше кедей 

болуы салдарынан . Толық жанып кетпейтін өнімдер іс-жүзінде 

пайда болмайды, өйткені оттегі әрқашан артығымен болады . 

Азот тотығы аз мөлшерде түзіледі, өйткені кедей қоспада жану 

температурасы тым төмен . Жану камерасының қабаты газды 

ауа қоспасы кедей болған кезде, отын анағұрлым бай бензинді 

ауа кезіндегіден аз болады . Осылайша, газ қозғалтқышы дұрыс 

реттелген жағдайда бензиндіге қарағанда, тұншықтырғыш газ-

дың ауаға шығарылуы 5–10 есе аз, азот тотығы 1,5–2,0 есе аз 

және көмірсутегі 2–3 есе аз болады . Бұл қозғалтқыштар тиісті 

түрде күйленген кезде автокөліктердің перспективалы норма-

ларын («Евро-2» және мүмкін «Евро-3», «Евро-5») сақтауға 

мүмкіндік береді .

Жылыту газы – қос тотықты көміртегі – отынның құрамына 

енетін көміртегі жанған кезде пайда болады . Метанның құра-

мында салмағы бойынша көмір тегінің болуы 75 %, бензиннің 

құрамында 85 % . Сондықтан метан толық жанып кеткен кезде 

қос тотықты көміртегі (СО

2

) бензинге қарағанда 13 % аз пайда 



болады . Демек, автомобиль отыны ретінде бензиннің орнына 

табиғи газды пайдаланған кезде, соңғы кездері Жердің ең ба-

сты экологиялық проблемасы болып отырған парниктік газдар-

дың бөлінуі төмендейді .



15

Қазақстан автокөліктерінде СТГ 

пайдаланудың жай-күйі және 

перспективалары

Соңғы 25 жылда халықаралық қоғамдастықтың бірлескен қыз-

метінде қоршаған ортаның жай-күйінің нашарлауымен де, сол 

сияқты әлемдік климаттың өзгеруі мен бүкіл адамзаттың өмір 

сүруі үшін кейін жағымсыз салдарларға соқтыратын жалпы жер 

атмосферасы температурасының тоқтаусыз жоғарылауымен де 

байланысты ғаламдық экологиялық апаттың алдын алу күресі 

алдыңғы қатарға шықты .

Осы кезеңде Климаттық өзгеруі жөніндегі шектемелі конвен-

ция (РКиК), Киот хаттамасы сияқты құжаттар қабылданды, оған 

ағымдағы жүзжылдықтың соңына дейін жер атмосферасы тем-

пературасының 2 градустан артыққа көтерілуіне жол бермеу 

жөнінде мемлекеттердің ерікті күш салуларын беркіткен соңғы 

желтоқсандағы 2015 жылғы Париж саммитінің құжаттары жа-

тады, халықаралық . Бұл міндеттер мемлекеттердің атмосфе-

раға зиянды заттар шығарындыларын төмендету, сондай-ақ 

әлемдік экономиканың дамуын немесе ең жуық перспективада 

ұлттық мемлекеттер экономикасының жекелеген секторларын, 

әсіресе индустриялық дамыған елдерді төмен көміртекті жолға 

көшіру бойынша нақты міндеттемелер қабылдауын талап етеді .

Қазақстан, өз экономикасы мен қолданатын технологияларын 

жаңа уақыт талаптарына сәйкестендіруге дайын екендігін атай 

отырып осы құжаттардың барлығына қол қойды . 2007 жылғы 

9 қаңтарда Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі, 

2012 жылғы 13 қаңтарда «Энергия үнемдеу және тиімділікті 

арттыру туралы» заң, ҚР Президентінің Жарлығымен Қазақстан 

2013 жылғы 30 мамырда Қазақстан Республикасын «жасыл 

экономикаға» көшіру жөнінде тұжырымдама, 2014 жылғы 5 

желтоқсанда ҚР Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республика-


16

сының газ секторын 2030 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы 

қабылданды, ел экономикасын қажетті бағытта дамыту үшін қо-

лайлы құқықтық және ынталандыру жағдайларын жасау мақса-

тында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге маңызды 

қосымшалар мен түзетулер енгізілді .

Қазақстан Республикасын «жасыл экономикаға» көшіру жөнін-

де тұжырымдамада салаларды модернизациялау, көмір су-

тек газдарын шығарындыларын қысқарту, көлік саласында газ 

отынын пайдалануды кеңейту, газ отынын пайдаланушыларды 

қоса алғанда, көліктің баламалы түрлерін, жол инфрақұрылы-

мын дамыту, автокөліктен шығарындылар бойынша еуропалық 

норма орнату, 2020 жылға дейін Алматы қ . және басқа ірі қала-

лардың авто парктерін сығымдалған табиғи газ тұтынуға көшіру 

(бұдан әрі – СТГ) міндеттері қойылды . ҚР газ секторын 2030 

жылға дейін дамыту тұжырымдамасында Алматы қаласы мен 

газдандырылған облыс орталықтарының қалалық қоғамдық 

көліктері мен жол-коммуналдық қызметтерін СТГ, Астана қ . мен 

газдандырылмаған облыс орталықтарын – басқа газ моторлы 

отынға, атап айтқанда сұйытылған көміртек газына (бұдан әрі – 

СКГ) көшіру жөнінде нақты міндеттер қойылды . Алматы қ . мен 

Астана қ . газдандырылған автокөліктер үлесі 2022 жылға қарай 

30 %, 2030 жылы – 50 % құрауы тиіс . Бұл мақсаттар Мемлекет 

басшысының 2014–2015 жылдары «Алматы қ . дамыту тура-

лы» мәселелер жөніндегі мәжілістерде жасаған кейінгі тікелей 

тапсырмаларында да нығайтылды .

Еуроазиялық экономикалық одақ кеңістігінде (бұдан әрі 

-ЕАЭО)»2020 жылға дейінгі кезеңде ТМД қатысушы-мемлекет-

тердің көлік құралдары үшін мотор отыны ретінде табиғи газды 

пайдалануды дамыту және ынталандыру жөніндегі кешенді ша-

ралар» туралы бірлескен құжатқа қол қойылды .

Қазіргі уақытта Қазақстанда отын ретінде СТГ пайдаланатын 2 

мыңға жуық автокөліктер, соның ішінде 1200 ден астам бір-

лік Алматы қ . Бұл Қазақстанда жұмыс істейтін 12 АГТКС іші-

нен 6 оңтүстік астанада орналасуымен байланысты, оның 5 

«ҚазТрансӨнімдері» ЖШС компаниясы тобының меншігі болып 



17

табылады . Бірнеше жыл бұрын «ҚазТрансӨнімдері» ЖШС ҚР 

газ моторлы отын рыногын дамыту мақсатында қазіргі уақытта 

6 АГТКС пайдаланып отырған «Kor-Kaz CNG Investment Limited» 

бірге «АвтоГаз Алматы» ЖШС бірлескен кәсіпорынын құрды, 

оның 5 Алматы қаласында .

Қазақстан бойынша СТГ сатудың жалпы көлемі өткен жыл үшін 

40 млн . м3/жыл . Астамды құрады . СТГ неғұрлым қажет ететін 

тұтынушылар – бұл қалалық қоғамдық жолаушылар автопаркі, 

соның ішінде Алматы қ . 3 коммуналдық автопаркі, оның СТГ жұ-

мыс істейтін 800 автобусы бар . Алматы қ . Әкімдігі қалалық жо-

лаушылар автопаркі мен жол-коммуналдық қызметтері көлік-

тері газға көшіру үшін, «Алматы қ . 2020 жылға дейін дамыту» 

бағдарламасына қалалық көліктерді газдандыру, ауа атмосфе-

расының тазалығын жақсарту жөніндегі міндеттерді енгізе оты-

рып үлкен жұмыс атқаруда . Осы бағдарламаға сәйкес оңтүстік 

астананың қоғамдық жолаушылар көліктерін басқаруды оңтай-

ландыруға шақырылған жеке инвестор «Greenbuscompany» 

ЖШС СТГ мен жүретін автобустар санын 1200 бірлікке көбейту-

ді жоспарлап отыр .

Солай бола тұрғанымен, ҚР барлық автокөліктерінің санынан 

СТГ арналған ГБЖ автокөліктерінің үлесі әзірге 0,02 % аспайды, 

ал СТГ мен жүретін автобустар үлесі олардың республикадағы 

жалпы санының 1 % құрайды .

«ҚазТрансГаз» АҚ ұлттық оператор іске асыратын Қазақстан Ре-

спубликасын газдандырудың бас сызбасы шеңберінде АГНКС 

желісін 2030 жылға қарай шамамен 500 млн . м3/жыл СТГ са-

тумен бірге кемінде 100 бірлікке кеңейту болжануда .

Автокөліктерді СКГ қоса алғанда, отынның дәстүрлі түрлерімен 

салыстырғанда көліктерден парниктік газдардың шығарын-

дылары анағұрлым төмен болып келетін СТГ пайдалануға 

көшіру тек экологиялық таза мотор отынына көшу тұрғысында 

ғана емес, сонымен бірге, ол бойынша Қазақстанда әлемдік 

қоғамдастық алдында алып отырған маңызды міндеттемесі бар 

парниктік газдар (ПГ) шығарындыларын қосымша төмендету-

ді қамтамасыз ету тұрғысынан да бағалауға мүмкіндік береді . 



18

Сонымен, ҚР Үкіметі 2020 жылға қарай ПГ шығарындыларын 

1992 негізгіге қарағанда 15 % және 2050 жылға қарай – 25 % 

қысқарту жөнінде ерікті шешім қабылдағаны туралы жарияла-

ды . Қазақстан 2012 жылы осы мақсатты қосымша қайта қарады 

және 2013 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңде шығарынды-

ларды 5 % қысқартуға дайын екені туралы мәлімдеді .

Қазақстанда негізгі парник газдарына: көміртегі диоксиді 

(СО

2

) – 78,23 %, метан (СH



4

) – 17,72 %, азот қышқылы (N 

2

O)- 


3,26 % жатады . Парниктік газдардың жалпы эмиссиясында 

қалған үш түрі қосылып не бәрі 0,84 % құрайды . Парниктік 

шығарындылардың негізгі көлемі қазба отын көмірді пайдала-

натын электр энергетикасына, өңдеу мен тау-кен өндіру сала-

ларына және көлікке келеді . Алдағы жылы ПГ шығарындылары 

бойынша Квота бөлудің ұлттық жоспары бар . Көлік құралдары 

санының жылдам өсуі оның әлемдік климаттың өзгеруіне әсерін 

көбірек ескеруге мәжбүрлейді .

Осыған байланысты «ҚазТранс-Өнімдері» ЖШС-ның баста-

масы бойынша Азия даму банкі осы салаға халықаралық са-

рапшыларды тартумен ҚР үшін 2025 жылға дейін есептелген 

төмен көміртекті дамудың NAMA «ҚР көлік секторын табиғи 

газға көшіруді ынталандыру» ұлттық жобасын әзірледі, ол 2016 

жылғы шілдеде БҰҰ-ның РКИК Хатшылығында ҚР ұлттық кли-

маттық жобасы ретінде тіркелді . Бұл жобалар ғаламдық кли-

маттық қорлар тарапынан халықаралық қаржыландыруда кең 

қолдау тауып отыр .

Осылайша, ҚР автокөліктерінің СТГ пайдалануы бұл тағы аркти-

калық мұздардың еруімен, мұхит деңгейінің көтерілуімен, жаға-

лауға жақын қалалар мен аралдардың су астында қалуымен, 

климаттық аймақтардың ауысуымен және бүкіл адамзат үшін 

орасан экономикалық және әлеуметтік катаклизмалар туды-

руымен т . б . қауіп төндіретін атмосферадағы температураның 

өсуіне жол бермеу үшін жалпы күреске өте маңызды үлес қосу .



19


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет