СЫҒымдалған табиғи газды пайдаланатын автобустар жұмысының Қауіпсіздігі жөніндегі



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата03.03.2017
өлшемі3,36 Mb.
#6648
1   2   3   4   5   6

CNG-СТГ неге сығымдалған табиғи 

газ?

Автомобиль отыны ретінде сатылған табиғи газ көлемінің жыл-

сайынғы өсімі 20 % құрайды . Сонымен, табиғи газдың 1 куб . м 1 

лит . бензинге немесе дизель отынына тең, бірақ бұл ретте табиғи 

газдың 1 куб . м бензиннен шамамен 50 % арзан . Табиғи газдың 

запасы мұнай запасынан артық . Мұнай өнімдерімен салысты-

рғанда ол арзан; табиғи газбен жұмыс істеген автокөліктерден 

шығатын газдар ішкі жану қозғалтқыштары бар «дизельмен» не-

месе «бензинмен» жұмыс істейтін автокөліктерге қарағанда таза-

рақ . Әлемнің көптеген елдерінде осындай автомобиль иелерінің 

бірқатар басымдықтары бар . Мысалы, Лондонда олар қала ор-

талығына кірген кезде күн сайын алым («автокөліктер тығында-

лып қалған кезде» 5 фунт) төлейді .Ауа жоғары ластанған кезде 

Миланда (Италия) қала ортасына тек табиғи газбен жүретін ав-

токөліктер ғана кіре алады, ал АҚШ жолдарында автобустардың, 

таксилердің (тек жолаушылары болған жағдайда) табиғи газбен 

жүретін автокөліктердің, тіпті ішінде тек жүргізуші ғана болса да 

жүруіне рұқсат етілген арнайы жолақтар бар . Пайдаланылған 

сығымдалған табиғи газ бензинмен дизель отынына қарағанда 

көп нәтижелі және пайдалы . Жанатын қоспаның құрамында ауа 

мен отынның мінсіз пайызы болады, соның арқасында жану про-

цесі жақсы қамтамасыз етіледі және улы заттардың шығарылуы 

2–3 есе төмендейді .

Қозғалтқыштың поршен мен цилиндрінде күйе пайда болу бай-

қалмайды және ондағы майды ауыстыру, бензинмен жұмыс 

істейтін қозғалтқышқа қарағанда сирек жасалады . Газдың құны 

әдеттегідей бензиннен төмен, ал жөндеу аралық жүрісі көбірек 

болады .


Метанның 93–98 % құрамында жанатын қоспаның колориясы 

жоғары, октан саны 120–130 бірлікке жоғары болатынын, бұл 

цилиндрлерде детонациялық жануды болдырмайтынын айттық .


20

Сығымдалған табиғи газды пайдалану, артық жоғары қысымды 

қоректендіру жүйесінде болатындықтан, белгілі бір қауіпсіздік 

ережелерін сақтауды талап етеді . Ауамен қосылу кезінде шек-

ті жол берілген 15 % концентрациядан асып кеткен жағдайда, 

ол жанады (2,5–15 метанның ауада жарылу қаупі бар концен-

трациясы), ауа мен қоспа көлемі бойынша тұтану шегіне жеткен 

кезде жарылу қаупі туындайды .

Газдың сапасы: газды бір нәрсемен сұйылтудың мәні жоқ, ол газ 

құбыры арқылы құю станциясына тікелей келіп түседі .



СТГ пайдалану үшін газбаллонды 

жабдықтар

Көлік құралдарының мотор отыны ретінде сығымдалған табиғи 

газды (СТГ) пайдалану үшін газбаллонды жабдықтар (бұдан 

әрі – ГБЖ) –автомобиль көлік құралдарының жұмысын қамта-

масыз ететін баллондарды, баллондарды монтаждау жиын-

тықтарын, жалғайтын тұрба құбырларды, электр жабдықтары 

мен электрондық қондырғыларды қоса алғанда, агрегаттар, 

элементтер мен тораптар жиынтығы қолданылады . ГБЖ – бұл 

қозғалтқышты газ тәрізді отынмен қоректендіретін жабдық .

Халықаралық мемлекеттік стандарт МЕМСТ 31972–2013 «Авто-

мобиль көлік құралдары . Газ баллонды жабдықтар орнату тәртібі 

мен процедуралары» (2014 жылғы 1 қыркүйекте қолданысқа 

енгізілді) ГБЖ жиынтығы деп оны автокөлікке орнату оның тиісті 

түрдегі газ отынымен функционалдық жұмыс атқару қабілетін 

қамтамасыз ететін ГБЖ-ның құрамы деп түсіну керек деп бел-

гілейді . Басқаша айтқанда, ГБЖ жиынтығы қозғалтқыш пен ав-

токөліктің тұтастай алғанда оны пайдаланудың түрлі режиміндегі 

қауіпсіз, тұрақты, орнықты жұмысын қамтамасыз етуі тиіс .

Сондықтан СТГ қолданылатын ГБЖ жиынтығының құрамына 

міндетті тәртіппен мына жинақтауыштар енгізіледі:

1)  СТГ үшін Газ (ды) баллон (дар);


21

2)  Қажет болған жағдайда газ өтпейтін былғары қаптамамен 

жабдықталатын баллонның қосалқы жабдықтары;

3)  Қысым реттеуіш (сақтандырғыш қақпақшамен жабдықта-

луы мүмкін);

4)  Буландырғыш (қысым реттеуішпен қатар қолданылуы мүмкін);

5)  Құю блогы;

6)  Газ араластырғыш;

7)  Газ инжекторы;

8)  Газ өлшеуіш;

9)  Қысым дачигі;

10)  Температура датчигі;

11)  Электронды басқару блогы (ЭМК);

12)  Газ фильтрі;

13)  Отын түрін қайта қосатын жүйе және электр жүйесі;

14)  Қосымша автоматты қақпақша (қысым реттегішпен бір то-

рапта орындалуы мүмкін);

15) Қатты тұрба құбырлары мен иілгіш тұрба құбырлар 

(шлангтар);

16) Баллонның қосалқы жабдықтарына қол вентильі, ма-

нометр, сақтандырғыш қақпақша және сақтандырғыш 

құрылғы, баллонның автоматты қақпақшалар (қашықтан- 

реттейтін жұмыс қақпақшалар), шектеуші құрылғы жатады .

СТГ қойылатын жалпы техникалық талаптар:

1)  Стандарт талаптары мен конструкторлық құжаттамаларға 

сәйкес болуы;

2)  СТГ қозғалтқышының 26 МПа до 0,5 МПа қысымдағы 

тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;

3)  ГБЖ орташа ресурсы ол орнатылатын автокөліктің орташа 

ресурсынан кем болмауы тиіс;

4)  ГБЖ климаттық орындау ол орнатылатын автокөліктің кли-

маттық орындалуына сәйкес болуы тиіс;



22

5)  температуралар диапазонында жұмыс істеу: баллондар 

–45 тен бастап+65 дейінгі градус Цельсия, қозғалтқыш 

бөлігіндегі құрылғы –45 тен бастап +120 дейінгі градус 

Цельсия, автокөлік бортындағы қондырғы –45 тен бастап 

+80 дейінгі градус Цельсия;

6)  ГБЖ конструкциясы диагностикалау, реттеу және техника-

лық қызмет көрсету үшін оның жеке құрылғысына қосылу 

мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс;

7)  Қозғалтқыштың жұмысын отынның бір түрінен екінші түрі-

не ауыстырып қосу жүргізушінің жұмыс орнынан жүзеге 

асырылуы және бақылануы тиіс, ауыстыру автоматты түр-

де ІЖҚ жұмысын бұзбай, бірқалыпты; газдизельді қозғал-

тқыштар үшін қоспа беру бір уақытта жасалады;

8)  Қоректендіруді борттық жүйесі ажыратылған кезде және 

ІЖҚ сөндірілген кезде (оталдыру құлпының орналасуынан 

тәуелсіз) газдың берілуін басқаратын электромагнит-

ті қақпақшалар беруді автоматты түрде жабуы және осы 

жағдайда қозғалтқыш іске қосылғанға дейін қалуы тиіс;

9)  Жоғары қысым магистралына баллоннан кейін автокөлік 

төбесіне магистралды электромагнитті қақпақша орна-

тылуы тиіс;

10) СТГ баллондары жоғары қысымды магистралға орна-

тылған автобустың төбесіне автоматтыға қосымша маги-

стральды қолмен бұралатын вентильдің бетіне қол жетімді 

шекте қосымша керек жарақсыз орнатылуы тиіс;

11) Егер металл газ тұрба құбырлары пайдаланылатын болса, 

онда олар тігіссіз болат немесе мыс тұрбалардан жасалуы 

тиіс . Мыс тұрбалар үшін резеңке немесе пластмассадан 

жасалған қорғаныш қабы болуы тиіс, болатқа (тот баспай-

тынды қоспағанда) қоршаған ортаның әсеріне төзімді жа-

бын салынады;

Автокөлік құралына ГБЖ, отынның дәстүрлі түрі пайдаланыла-

тын отын жүйесін СТГ қайта жабдықтау арқылы орнатылуы мүм-

кін . Мұндай жағдайда газ отын жүйесімен бірге негізгі бензин 

отынының жүйесі сақталады, ал автокөлік био отынды болып 



23

шығады . Дизель автокөлігін қайта жабдықтағаннан кейін әдетте 

газ дизельді отын жүйесіне айналады, онда отын ретінде газ ди-

зельді қоспа пайдаланылады (бірақ, одан да күрделірек, қым-

бат бағалы толық газ отын жүйесіне айналдырып қайта жаб-

дықталуы мүмкін) . Био отындылық, газ толтыру үшін қажеттілік 

туындаған және АГҚКС бару керек болған немесе газ толтыру 

желісі дамымаған аймақта болған жағдайда дәстүрлі отынға 

икемді ауысуға мүмкіндік береді .

Қазақстанда пайдаланылғанына 5–7 жыл болған негізінен еу-

ропалық немесе ресейлік модификацияланған (жақсартылған) 

автокөліктер 4-буынды ГБЖ пайдалануға жарамды болып ке-

леді, ол қолданылатын құрамдауыштарының жиынтығы бой-

ынша мыс . 90-жылдары кең қолданылған 2-буынды ГБЖ са-

лыстырғанда элементтері мен тораптарының конструкциялық 

және электрондық жетілдірілуімен анағұрлым айрықшаланады . 

Сондықтан 4-буынды ГБЖ жинағында көбінесе функционалды 

түрде жоғарыда көрсетілген міндетті тізбеден бір конструкци-

яда екі немесе одан да көп жинақтауыштар қоса атқарылатын 

тораптар мен элементтер пайдаланылады . Сонымен, 5 дәре-

желі қорғануды қамтитын баллон вентильі – Solenoidvalve, PSV, 

Temp . valve, overFlow, manual; қатар қолданылған реттеуіш-бу-

ландырғыштар (редукторлар); бензин/дизель отынынан газға 

бір қалыпты ауыстыруды, температура мен қысым датчиктерінің 

дабылы бойынша газ қоспасының құрамын түзетуді, газбен 

және бензин/дизель отынымен АОҚ жұмыс уақытын есептеу-

ді, пайдалану кезінде және істен шыққан жағдайда датчиктерді 

автоматты түрде тестілеуді, бұзылған датчикті ажыратуды, те-

стілеу нәтижесінен кейін әрбір газ форсункасын сапқа қосуды 

қамтамасыз ететін 64-разряды бар процессорлары болатын 

электронды басқару блоктары (бақылаушылар) (барлығын 

дайындаушы-зауыт technical-report кепілдендірген); автокөлік 

жұмысының түрлі режимінде тұтану бұрышын автоматты түр-

де анықтауға, автокөліктің жүру сапасын сақтауды және отын 

шығынын азайтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін элек-

тронды түрлендіргіш және басқа заманауи жабдықтар пайдала-

нылады .


24

Бұл ретте, қозғалтқыш жұмысының оңтайлы параметрлерін 

реттеу үшін негізгі көліктің отын және электр жүйесіне «басып 

кіретін» ГБЖ электроникасы, олардан қажетті ақпарат ала оты-

рып жұмыс істеп тұрған датчиктерді пайдаланады . Осыған бай-

ланысты 4-буынды ГБЖ автокөліктің кез келген негізгі техника-

лық бұзылуларына (газ аппаратурасы бойынша емес), негізгі 

датчиктер жұмысының техникалық қызмет көрсетуден уақтылы 

өтпеуімен және сапасыз жасалған жөндеумен байланысты қа-

теліктеріне сезімтал болып келеді .

ГБЖ орнату жөніндегі жұмыстарды және автокөліктің газ отын 

жүйесіне сынақ жүргізуді тек:

1) АКҚ техникалық қызмет көрсету мен және жөндеуге жүр-

гізуге, отын жүйесін СТГ (сондай-ақ сұйытылған көміртек га-

зына СКГ, сұйытылған табиғи газға СТГ) пайдалануға қайта 

жабдықтауға сертификациялау компаниялар берген сәйкес 

сертификаты;

2) Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу 

құқығына ТЖ жөніндегі уәкілетті органдар берген аттестаты;

3)  Қауіпті техникалық құрылғыларды (баллондар мен жоғары 

қысымға арналған жабдықтар жиынтығы) қолдануға ТЖ 

жөніндегі уәкілетті органдар берген рұқсаты;

4)  Персоналды қауіпті техникалық құрылғылармен жұмыс істе-

уге жіберулер (арнайы куәліктер);

5) Ұйымның, диагностикалық стендтермен, қажетті техника-

лық жабдықтар және СТГ реттеу мен жөндеудің бағдарла-

малық қамтамасыз етулерімен жарақталған, маманданды-

рылған өндірісінде тиісті санаттағы автокөлікті СТГ (негізгі 

және қосымша отын ретінде) қайта жабдықтау бойынша жұ-

мыстарын жүргізуге арналған стандарты .

6) Дйындаушы-зауыттың жинақтық жабдығына (technical-

report) сәйкестік сертификаттары;

7) Автокөлік ГБЖ дайындаушы-зауыттың СТГ орнатуға (және 


25

пайдалануға) арналған техникалық құжаттамасы (бас-

шылық, нұсқаулық, монтаждық сызбалары немесе схемасы) 

немесе зауыттың (не құзыретті органның) автокөліктің осы 

түрінің қоректендіру жүйесінің конструкциясына өзгеріс ен-

гізуге берген рұқсат құжаты;

8)  Автокөліктің (мердігер әзірлеген және тапсырыс берушімен 

келісілген) нақты бір түріне СТГ орнатуға (және пайдала-

нуға) арналған техникалық құжаттамасы (басшылық, мон-

таждық сызбалары) бар мамандандырылған компаниялар 

ғана жүзеге асыра алады .

ГБЖ барлық құрамдауыштарының ҚР Техникалық регламент-

тері мен стандарттарына сәйкестігіне арналған сертификаттары, 

соның ішінде газ баллондарында дайындаушы-зауыттың төлқұ-

жаты мен баллонның корпусында тиісті таңбасы болуы тиіс . 

ГБЖ орнату Халықаралық мемстандарттың МЕМСТ 31972–

2013 талаптарына жауап беруі тиіс . ГБЖ ажырамас бөлігі, осы 

ГБЖ автокөліктің нақты бір түріне сәйкестілік сертификатын 

(автокөлік дайындаушы-зауытпен келісімі), автокөліктің нақты 

бір түріне орнатылатын ГБЖ пайдалану жөніндегі басшылығын, 

автокөліктің нақты бір түріне ГБЖ орнату жөніндегі нұсқаулықты 

немесе ГБЖ монтаждау схемасын қамтитын құжаттамалар па-

кеті болуы тиіс .

ГБЖ оны механикалық бұзылулардан, соның ішінде тасымал-

дайтын жүктен қорғалуы қамтамасыз етілетіндей етіп орнатылуы 

тиіс . ГБЖ элементтері сенімді бекітілуі, баллондар ауытқусыз 

және элементтерге, тораптарға, датчиктерге, оларға техника-

лық қызмет көрсету, көзбен көріп бақылау, саңылаусыздығын 

тексеру үшін қол жетімділік қамтамасыз етіліп кемінде екі ме-

талл таспа қамыттарды пайдалану есебінен жылжымайтындай 

етіліп орнатылуы тиіс .

ГБЖ құрамына енетін электр жабдықтары артық жүктелу-

ден қорғалуы, қоректендіру кабельінде кемінде бір айыратын 

сақтандырғыш болуы тиіс . ГБЖ құрамына енетін электр жаб-

дықтары артық жүктелуден қорғалуы, қоректендіру кабельінде 

кемінде бір айыратын сақтандырғыш болуы тиіс . Газ құбырла-



26

рын қоса алғанда, электр жабдықтарының барлық элементтері 

газ жүретін тораптар арқылы электр тоғының өтуін болдырмай-

тындай етіліп жалғануы және оқшаулануы тиіс .

Орнатылған ГБЖ габариттік көлемдері негізгі модельдің шегі-

нен шықпауы тиіс (толтыру құрылғысының мойыны 10 мм ар-

тық емеске шығып тұруына және газ отын жүйесінің габариттік 

көлемдерінің биіктігі бойынша газ баллондарының есебінен 

ұлғаюына жол беріледі), автомобиль клиренсі кішіреймеуі тиіс . 

Агрегаттар мен тораптарды орналастыру пайдаланылған газды 

шығару жүйесінен кемінде 100 мм қашықтықта жүзеге асы-

рылады (немесе олардың арасына қызып кетуден қорғайтын 

экран орнатылады) жасалады

Жолаушылар автокөлігі салонының ішіне газ баллондарын ор-

наластыруға үзілді-кесілді тыйым салынады, оны еденнің асы-

на немесе төбеге орнатуға болады . Әрбір баллонның, оны 

автокөліктің газ отын жүйесінен ағытатын вентильде электро-

магнитті автоматты қақпақшалар болуы тиіс . Баллонды багаж 

бөліміне орнату кезінде ол қосқыш элементтермен және арма-

турамен бірге саңылаусыз газ өтпейтін бөліктің ішіне қойылуы 

тиіс немесе баллонның мойыны, вентильдер және газ құбыры-

ның қосқыштары, соның өзінде оларды қолмен ашып жабу үшін 

баллон вентильдеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін, жеке 

саңылаусыз былғары қаптамаға салынуы тиіс . Ауа тазартқыш 

каналдың шығатын жері пайдаланылған газды шығару жүйесі-

нен немесе басқа жылу көздерінен кемінде 100 мм қашықтықта 

жүзеге асырылады және СТГ жұмыс істеу кезінде төмен қарай 

бағытталуы тиіс . Баллонды ұзына бойлық бағытта орналасты-

рған кезде баллонның алдына тірек қойылуы тиіс .

Баллонның металл бетімен бекіткіш тораптардың металл бет-

терінің арасында байланыс болуына, бекіткіш бөлшектерді 

бекітілетін жерге қосу үшін пісіргіш пайдалануға, тостарды пай-

далануға, бекіткіш элементтерден газ баллонының бұзылуына 

жол берілмейді .

ГБЖ орнатқаннан кейін монтаждау жөніндегі басшылыққа сәй-

кес ГБЖ стендке монтаждау арқылы оның саңылаусыздығына 



27

тексеру жүргізіледі . Сынақты қалыпты температурада бақылау 

газымен (ол үшін ГБЖ арналған сығымдалған ауа немесе газ) 

20 МПа дейін баспалдақтап көтерумен кемінде 3 минут бойы 

жүргізеді; қысымның төмендеуіне және кемуіне жол берілмей-

ді .


СТГ арналған ГБЖ пайдалану кезінде басты нақты талап – ол 

жұмыс басталған кезде жолға шығр алдында, сол сияқты көлік 

учаскесі аймағына немесе тұраққа кірер алдында жасалуы тиіс 

болатын жалғанулар мен тораптардың саңылаусыздығын газ 

ағынын іздегішті пайдаланумен немесе түйіскен жерлерді суса-

бынды эмульсиямен сабындап жүйелі түрде тексеріп отыру .

ГБЖ қауіпсіз пайдаланудың екінші аса маңызды шарты газ ап-

паратуралары мен ГБЖ өз бетімен жөндеуге тыйым салу болып 

табылады, оны тек мамандандырылған компаниялар мен ГБЖ 

және СТГ арналған жоғары қысымды баллондар сияқты қауіпті 

техникалық құрылғылармен жұмыс істеуге рұқсаты бар маман-

дар ғана жүзеге асыра алады .

Тек газ отын жүйесіне ғана емес, сонымен бірге негізгі автокөлік 

жүйесіне де техникалық қызмет көрсетуді уақтылы жүргізу 

мен ТО-1, ТО-2 техникалық қызмет көрсету талаптарын сақтау 

және маусымдық ТБ өткізіп отыру, сондай-ақ газ баллондарын 

уақтылы техникалық куәландырудан өткізу қажетті шарт болып 

табылады . ГБЖ орнатылған автокөлікті пайдаланатын кәсіпо-

рындардың ол үшін қажетті жабдықтармен, құрал-саймандар 

және арнайы көмекші құралдармен жарақталған жөндеу және 

газ аппаратураларына қызмет көрсететін техникалық учаскесі, 

баллондардың саңылаусыздығын тексеретін және газдан тазар-

татын учаскесі бар . Дайындықтан өткен кадрлары болатын то-

лыққанды өндірістік құрылымы болуы өте маңызды .

Ең соңында, жүргізушілер мен қызмет көрсетушілерді, тиісті түр-

де оқытпай газбаллонды автокөліктерге қауіпсіз қызмет көрсету 

мен пайдалану мүмкін болмайды, оқыту жүйелі түрде жүргізілуі 

тиіс .


28

СТГ арналған жоғары қысымды 

ыдыстармен жұмыс істеуге 

қойылатын талаптар

ЕЭК шешімі бойынша 2013 жылғы 2 маусымда қабылданған 

№ 41 ЕАЭО КО ТР 032/2013 «Артық қысыммен жұмыс істей-

тін жабдықтардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламент 

қабылданды, оған сол сияқты ҚР пайдаланылатын автокөлік-

тердің газ баллондары да жатады, ол айналысқа шыққанға дей-

ін міндетті тәртіппен осы КО ТР мен жабдықтың осы түріне ар-

налып әзірленген басқа техникалық регламенттердің таптарына 

сәйкестігін бағалаудан (растаудан) өтуі тиіс .

Осылайша, пайдаланушыға (тұтынушыға) газ баллоны мен газ 

баллоны жабдықтарының жинақтамаларын жеткізу кезінде 

сәйкестік сертификатымен немесе белгіленген техникалық та-

лаптарға сәйкестік декларациясымен қорса берілуі тиіс, бұған 

ұдайы көңіл аударып отыру қажет .

Қазақстанда ТО ТР 032/2013 растау (үйлестірілім) мақсатында, 

бұл талаптар нақтыланады, бірқатар ұлттық стандарттар мен ті-

келей баллондардың конструкциясына және оларды пайдалану 

ережелеріне қатысты басқа нормативтік-техникалық құжатта-

маларда (бұдан әрі – НТҚ) толық түгенделеді .

Бірінші кезекте, ҚР Инвестициялар және даму министрі 2014 

жылғы 30 желтоқсанда бекіткен № 358 «Қысыммен жұмыс 

істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қа-

уіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету ережелерін» (бұдан әрі – 

№ 358 Ереже), сондай-ақ ұлттық стандарт ретінде мойын-

далған МЕМСТ Р ИСО 11439–2010 «Газ баллондары . Табиғи 

газды отын ретінде көлік құралдарында сақтау үшін жоғары 

қысымды газ баллондары . Техникалық ережелерін» білу қажет .

Өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі уәкілетті органдар одан әрі 

тексеру үшін көлемі тек 100 л (сулы) асатын жоғары қысым-

ды ыдыстарды ғана тіркейді . Автокөлік баллондары тіркелетін 



29

ыдыстар тізіміне Ережемен енгізілмеген . ГБЖ бақылау функ-

циясы автокөліктің отын жүйесіне енгізілген конструктивтік өз-

герістерді тіркеуді жүзеге асыру кезінде оның Халықаралық ЕЭК 

БҰҰ № 110 және 115 (БҰҰ Еуропалық экономикалық комисси-

ясы) ережелерінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан ішінара 

әкімшілік полициясына жүктелген . Өкінішке орай, полиция әлі 

күнге дейін ГБЖ автокөліктерді тіркеуді олар пайдаланылатын 

газды (СТГ немесе СКГ) түрі бойынша бөліп есепке алмай жүр-

гізіп келеді .

Сондықтан аталған № 358 ережеде ГБЖ жай-күйіне және оның 

қауіпсіз пайдаланылуына барлық жауапкершілік осындай ав-

токөлікті пайдаланатын газбаллонды автокөлік иесінің өзіне

кәсіпорын басшысына жүктеледі . Ереже автокөлік құралдарына 

арналған баллондарды пайдалануға және техникалық қызмет 

көрсетуге талаптарды бекітеді, терминологиясы мен анықтама-

сын береді .

Сонымен, ыдыс деп химиялық, жылу және басқа технологиялық 

процестерді жүргізуге, газ тәрізді, сұйық және басқа заттарды 

сақтау және тасымалдауға арналған саңылауы жабық сыйым-

дылық аталады . Ыдыстың шекарасы кіретін және шығатын шту-

церлер болып табылады .

Баллон деп сығымдалған, сұйытылған немесе қысыммен ерітіл-

ген газды тасымалдауға, сақтауға және пайдалануға арналған 

фланцтары немесе штуцерлері, вентиль орнатуға арналған бір 

немесе екі мойыны бар сыйымдылық аталады .

Лейнер деп оған қажетті төзімділікке қол жеткізу үшін армир-

леу талшықтары оралатын баллонның ішкі газ өтпейтін қабығы 

аталады .

Көлік құралдарындағы мотор отыны ретінде СТГ тасымалда-

уға, сақтауға және пайдалануға арналған баллондар МЕМСТ Р 

ИСО 11439–2010 «Газ баллондары . Табиғи газды отын ретінде 

көлік құралдарында сақтау үшін жоғары қысымды газ баллон-

дары . Техникалық ережелер» ұлттық стандарттарының талапта-

рына жауап беруі тиіс .


30

Олар болаттан, мыс ерітінділерінен және металл емес матери-

алдардан жасалады . Дәнекерленген баллондарды пайдалануға 

тыйым салынады . Осы стандарт бойынша баллонның 4 түрі 

шығарылады:

CNG-1 – тігіссіз жасалған болат баллон;

CNG-2 – баллон, ол металл лейнер мен үздіксіз талшықтармен 

армирленген, май сіңірілген (сақиналап оралған) қабықты бо-

лады . Демек армирленген талшықтар лайнердің цилиндрлік 

бетімен жүргізіледі, сондықтан талшық баллонның өсіне қандай 

да бір жүктеме түсірмейді . Бұл металл композициялы баллон .

CNG-3 – баллон, ол металл лейнер мен үздіксіз талшықтармен 

армирленген, шәйір сіңірілген (толық оралған) қабықты бо-

лады . Демек армирленген талшықтар лайнердің бүкіл бетімен 

жүргізіледі, сондықтан талшық баллонның өсіне қандай да бір 

жүктеме түсірмейді . Бұл металл композициялы баллон .

CNG-4 – баллон, ол металл емес лейнер мен үздіксіз талшықтар-

мен армирленген, шәйір сіңірілген (толық композициялы) қа-

бықты болады . Демек армирленген талшықтар лайнердің бүкіл 

бетімен жүргізіледі, бірақ металл төселген элементі бар . Бұл ме-

талл композициялы баллон .

Талшықтарға сіңірілетін материал термореактивтік және термо-

пластикалық шәйір болып табылады, мысалы эпоксид шәйірі . 

Армирлеу материалы ретінде шыны, армидті немесе көміртекті 

талшықтар пайдаланылады .

Баллондардың қауіпсіз пайдалану үшін қызмет ету мерзімін 

дайындаушы белгілейді . Ол 210 жылдан аспауы тиіс . Баллон-

дардың, CNG-4 қоспағанда, барлық түрі үшін қызмет ету мерзімі 

циклды жүктеме кезінде шаршаған жарықтар бойынша анықта-

лады . 15 градус Цельсия температура кезіндегі жұмыс қысымы 

20 МПа, толтырудың ең көп қысымы кезінде 26 МПа . Баллон-

ды 20МПа қысым кезінде 15 градусов Цельсия температура-

мен бір жыл бойы пайдаланғанда кемінде 1000 рет толтыруға 

(тұтастай алғанда 1000 Т цик, мұндағы Т- қызмет ету мерзімі, 

жылдары), сондай-ақ газдың –40 бастап + 65 градус Цельси-


31

яға дейінгі температурасы мен –40 бастап +82 градус Цельсия 

дейінгі баллон материалының температурасына төзуі тиіс .

Баллондар ұзақ уақыт механикалық немесе химиялық әсер етуге 

арналмаған, бірақ, су, тұз, тасқа соғылуы, ультракүлгін радиа-

ция, еріткіштер, қышқылдар, сілті, автокөлік сұйықтары, пайда-

ланылған газ сияқты кездейсоқ сыртқы әсерлерге шыдауы тиіс .

Баллонды дайындаушы өз өнімдерінің сапасын көрсетілген 

стандартқа сай етіп дайындауды, сынақтау мен бақылаудың 

белгіленген әдістерін қолдануды қамтамасыз етуге міндетті . 

Дайындаушы-зауытта және осы үшін сертификатталған компа-

нияларда баллон жұмыс (Р) ден 1,5 қысым кезінде, демек 30 

МПа кезінде сынақталады . Баллон үшін шын мәнінде бұзатын 

қысым кемінде 2,6Р – демек СТГ арналған газ баллондарының 

жоғары төзімділік запасы осындай, 4-типті кейбір баллондар 

үшін төзімділік запасының коэффициенті пайдаланылған тал-

шық материалына байланысты (шыны – 3,65, армидті –3,1) 

3,65 дейін жетуі мүмкін .

Дайындаушы-зауытта үлгілер баллонның түріне байланы-

сты отқа төзімділігіне, атуға, бұзылмай тұрып кемуге, созуға, 

соққыға және т . б . сынақталады . Баллонның конструкциясында 

әрқашан қысымның көтерілуіне қарсы сақтандыру құрылғысы-

ның болуы көзделеді . Баллон оған есептелмеген артық қысым-

ды қолдану баллонның конструкциясында бұзылу іздерінің қа-

луына соқтыратындықтан бұл өте маңызды, бұдан кейін баллон 

пайдаланудан шығарылып кәдеге жаратуға тапсырылуға жа-

тады . Вентильдердің жанатын газдар мен сутегі үшін пайдала-

нылатын бүйірлік штуцерлерінің сол жағында оймасы, ал оттегі 

мен жанбайтын газдарға арналған баллондарда оң жақ оймасы 

болады . Жарылу қаупі бар жанатын заттар үшін баллонның әр-

бір вентильінде бүйірлік штуцерге оралған бұқтырмасы болады .

Баллонды таңбалау былай жүзеге асырылады . Баллонның 

жоғарғы сериялық бөлігінде дайындаушы-зауыттың деректері 

(тауар белгісі), баллонның нөмірі, оның бос кг салмағы, дай-

ындалған күні мен кезекті куәландырылу мерзімі, паскальмен 

жұмыс қысымы және сынақтау қысымы, баллонның литрлік 



32

сыйымдылығы, дайындаушы-зауыттың дөңгелек нысандағы 

белгісі (егер көлемі 55 л үлкенірек болса, онда осы баллонды 

дайындау стандарты көрсетіледі) салынуы тиіс .

Таңбалау әріптерінің биіктігі 6 мм кем емес және сыйымдылығы 

55 л және 55 л астам баллондарда сәйкесінше 8 мм . Жолда-

рының ұзындығы баллон шеңберінің 1/3 аз еместі құруы тиіс . 

1-типті баллондарға таңба түбіне және мойнына соғу тәсілімен 

салынады . Баллонның цилиндрлік бөлігінде мына төмендегі 

жазулар жазық мөр әдісімен салынуы тиіс (әріптерінің биіктігі 

25 мм кем емес):

«ТАБИҒИ ГАЗ»

«…КЕЙІН ПАЙДАЛАНЫЛМАСЫН (дайындалу айы 

мен жылы, оған қоса қызмет мерзімі)»

«ТЕК САҚТАНДЫРҒЫШ ҚҰРЫЛҒЫМЕН ҒАНА ПАЙ-

ДАЛАНЫЛСЫН»

Баллондардың түсі табиғи газ үшін қызыл, жазу ақ түспен орын-

далады . Егер баллонның сыртындағы жазуда барлық деректер 

түгел болмаса немесе оқылмаса, бұзылса және куәландыру 

мерзімі аяқталғаны, орнатылған белгісі жоқтығы көрініп тұрған 

басқа бұзылулар болса пайдалануға жол берілмейді . Мұндай 

баллондарға газ толтыруға үзілді-кесілді тыйым салынады .

Бұдан басқа, баллонда әрқашан артық қысым болуы тиіс, демек 

газ толықтай жұмыс істемейді, СТГ баллондарын жаңадан тол-

тыру кезінде ауаның кіруі мен газдың жарылу қаупі туындайтын 

қоспа пайда болатын жағдайды болдырмау үшін қалдық қысым 

кемінде 0,05 МПа (0,5 кг/см

2

) болуы тиіс .



Әрбір баллонның төлқұжаты болуы тиіс, онда пайдалану жөнін-

дегі нұсқаулық, қауіпсіздік шаралары, баллонның түрі мен мін-

детті түрде оны қауіпсіз пайдалану мерзімі көрсетіледі . Осы 

мерзім аяқталған жағдайда баллондар техникалық куәланды-

рудан, демек сыртқы, ішкі көріп байқауға және монтаждалған-

нан кейін жұмысқа жіберуге дейін және пайдалану кезінде ке-

зеңдік гидравликалық сынақтауға жатады .


33



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет