Силлабус 2021-2022 оқу жылының көктемгі семестрі


ТАҚЫРЫБЫ: Сын мен сыншыға қойылатын заманауи талаптар



бет24/36
Дата29.01.2023
өлшемі124,26 Kb.
#63581
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36
Байланысты:
Әдеби үдеріс және сын 2022-23

ТАҚЫРЫБЫ: Сын мен сыншыға қойылатын заманауи талаптар.
Әр түрлі түсіндірмені синхронды және диахронды түрде қатар салыстыру шығарманы замандастырдың түсінуіне ауырлық тудырады, оның тереңіне бойлауларын қиындатады, сондай-ақ классикалық шығарманың басқа кезеңдегі оқырмандардың қабылдауында жаңа қырларынан ашылуына да күрделілік алып келеді.
Әдеби-сыни мақалаларды зерттеу әр түрлі репродуктивті (жаңғырушы және шығармашылықпен құбылта әңгімелеу) және продуктивті монологты лебіздерді (оның ішінде әр алуан әдеби-сыни жанрлар – рецензия, эссе, портрет, шолу, проблемаық мақала және т.б. оқыту кезінде) үйретуде негіз бола алады.
Әдебиетті тереңдетіп оқытуды көздейтін гуманитарлық мамандықтарда әдеби-сыни мәтіннің ерекшеліктеріне баса мән беріп, оның поэтикасын игеруге, сыншының жазушының көркемдік әлемін ашудағы құралдары мен тәсілдерін ашуға көбірек көңіл бөлінгені абзал. Сыни материалдар мәтіннің лингвистикалық белгілерін, ғылыми, публицистикалық және көркем стилдер тәсілдерін, әдеби тіл ерекшеліктерін танып білу үшін қосымша материал қызметін атқарады. Әдебиет сабағында сынды пайдалану мәдениетке тұтас, ал әдебиетке жанама тұрғыдан қарай білуді қалыптастырады. Білім алушыларға қазіргі көркем шығарманың көп қырлылығын түсінулеріне жол ашып, оған әр буын өкілдерінің қызығушылық танытуларын ынталандырады.
Әдеби сын – қазіргі әдебиет құбылысына деген кәсіпқой көзқарас, ғылыми саралап-бағалау. Бұл ретте әдебиет тарихына да қазіргі қажеттілікке қарай талдау жасалады. Кез келген көркем шығарма ұрпақ пен халық арасын байланыстыратын аралық буын ретінде болашақ пен өткеннің қажеттілігіне қарай жауап бере алады. Бұл өз кезегінде классикалық туындыларды әдеби сынның нысанасына айналдырады. Мысалы, Мұхтар Әуезовтің классикалық «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абай бейнесі арқылы ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ халқының өмірін жан-жақты, реалистік тұрғыда көркем сипаттаған шығармасына әр кезеңде жазылған сыни мақалаларға талдау жасауға болады. Жан-жақты зерттеу барысында, әр ғылым саласы (филология, философия, тарих, этнография, экономика, ауыл шаруашылығы, заң т.б.) өз іздегеніне жауап алады.
Сыни мақала біріншіден - жазылған уақыттың айнасы, құжаты десек, екіншіден, сол немесе өткен кезең әдебиетінің және әдеби шығармашықты тану деңгейінің көрінісі. Сыни мақаланы көркем шығарманы зерттеу барысында, шығарманың мәнмәтіні (контекст) арқылы әлеуметтік-тарих, тарих-әдебиет жайлы мағлұмат береді. Студенттерге ертеде жазылған сыни мақалаларды оқыту арқылы әдебиеттің даму сатыларымен танысуларына мүмкіндік ұсынамыз.
Әдебиеттанушылар тарапынан теріс пікірлі сыни мақалаларға талдау жасаудың өзіндік тәжірибесі бар. Сондай-ақ бір шығармалар болады, бастапқы жарық көргенде теріс бағаланады да, кейініннен уақыт өте келе оқырмандардың ықыласына бөленіп, сыншылар әдебиеттің жетістігі ретінде бағалап жатады. Осындай мәселелер көтерілген мақалаларды оқыту, сабақ барында проблемалық жағдай тудырып, студенттердің ойлау қабілетін арттырады. Сонымен қатар әдебиет сабағында классик жазушылар шығармалары бойынша жазылған мақалаларды талдау студенттерді қызықтырады.
Сыни мақалалардың тарихи-функциональдық тұрғыда зерттеу мәселелері
Сыни мақалаларды оларды туғызушылардың әрекет еткен кезеңінен тыс (олардың оқырманға, басқа кезеңдегі эстетикалық санаға ықпал ету формаларынан) қарастыру – аз зерттелген тақырып. Өткен кезеңдердегі сыни мақалаларды, қазіргі кезеңдегі эстетикалық таным бойынша талқылау мәселесін - орыс әдебиетінде ХХ ғасыр екінші жартысында көтерген болатын. А.В.Дружинин: «Нағыз сыншы – өз буынының қайраткері, өскелең ұрпаққа арналған бірнеше өсиеттің көзі. Оған ұлы қуат берілген, бірақ бұл қуаттың ғұмыры қысқа. Оның қызмет ету аясы – қазіргі қоғамның ақыл-ойы», деп жазды (Дружинин А.В. Прекрасное и вечное. М.,Современник, 1988.С.462.
Орыс ғалымы В.Н.Крылов «Орыс әдебиетінің тарихы» атты монографиясында жоғарыда айтылған пікірге тұтастай келіспейтінін айтады. «Орыс әдебиеті тарихында әдеби сынның қоғамдағы мәні туралы басқа да көзқарас бар. Н.В. Гоголь былай деп жазған: «терең талғам мен білімге сүйенген сын, тума дарыннан туған сын кез келген бірегей шығармамен тең дәрежеде: онда талғампаз жазушы көрініс табады. Онда ұғынушыдан да терең жан көрінеді. Таланттың қолынан шыққан сын журнал секілді өмір сүру тезінен өтеді. Әдебиет тарихы үшін мұның маңызы зор» (Гоголь Н.В.Собр.соч.: в 9 т.Т.7. М.: Русская книга,1994.С.451. Жазушының терең ойы зерделеуді қажет етеді».
Ғалымдар пікіріне сүйене отырып, сыни калссикалық еңбектерді функционалдық тұрғыдан зерттеу, осындай тәсілдің әдістемелік негіздері туралы мәселесін қою заңды. Өткен кезеңдегі әдеби сынның қызмет етуінің сынның мәні, ерекшелігі мен міндеттері тудырған өзіндік заңдылықтары, бар.
В.Н. Крылов белгілі сыншылардың сыни мақаласындағы риторикалық шеберліктің оқырманға деген әсері, көркем шығарманы оқығаннан жоғары болуы мүмкін деп, А.М.Штейнгольдтың сыни мақалалар мен шығарманың әсеріндегі айырмашылығын көрсеткен пікіріне сүйенеді: көркем шығарма мен оның сыни тұрғыдан «қайта жасалған нұсқасының» әсері бір-бірінен алшақ. Оқырманның өнер туындысымен сұхбаты – барынша жеке жанның оңаша мәселесі, мұнда рационалды фактормен салыстырғанда эмоционалдық фактордың да маңызы зор. Сыни мақала оқырманның назарын көркем феноменге белгілі бір көзқарас тұрғысынан қарауға (А.М.Штейнгольд Анатомия литературной критики (Природа, структура, поэтика). СПб.: Дм. Буланин. 2003. С. 6-77.
Сынның басқа кезеңдегі қажеттілігінің маңызды шарты сыншының дарындылығына тәуелді. Бұл сирек кездесетін қасиет. Сондықтан оқырмандардың шығарманы қабылдауы сипаты ең алдымен мақаланың тұлғалық потенциалына байланысты. сыни классиканың көлемді мәтіндері осы кезге дейін тек талқылайтын шығармасына қатысты түсіндірме бергендігімен емес, өз бетінше құнды болғандығынан да маңыздылығын жоғалтпауда. Әлемге деген өз көзқарасы, өз тұжырымы, әдеби процестен тыс қоғам өміріне деген тұщымды пікірлері бар сыни мақалалар ғана өміршең болмақ. (В.Н.Крылов.Русская литературная критика. Москва. 2016. С.192.)
Сыни мақалаларда тарихи функциональды тұрғыдан зерттеу барысында дереккөз топтамасын ұсынған:
1. Сыншылар өз кезіңіндегі сыншылар туралы не жазды. (мақалада, хаттарда, күнделіктерде, естеліктерде,т.б.).
2. Сын тарихындағы тәжірибелер, сын және сыншылар жайлы зерттеулер.
3. Жазушылардың сыншылар туралы мақалалары.
4. Сыншы образы:
а) көркем және көркем деректі проза жанрларында;
б) сыншылардың поэзия жанрындағы образы;
в) көркем шығармалардағы интертекстуальдық көрініс.
5.Сынның ерекше интерпретация формасы пародия және автопортрет түрінде қосқан.
6. Сыншы туралы оқырман пікірі – сыни мақалаларды қарастырудағы алты түрлі концепцияны ұсынған. Әрине, студенттерді әр кезең бойынша жазылған сыни мақалаларды салыстырмалы түрде оқыту, студенттердің интеллектуальдық өмірге деген көзқарасын байытады, әдебиет тарихын меңгеруде проблемалық ойларды қоя біліп, олардың шешімін табуға бейімдейді.
Сыни мақалалардың дерек көздерін меңгеру жолындағы әдістемелік ұсыныстар
Әдебиет сынының тарихын зерделеу сыни мақалаларды оқып, мұқият талдаудан басталады. Сондай-ақ, өз қаламынан туған көркем мәтінге, яғни көркем еңбектерге жазылған сыни мақалаларға «қосалқы» шығармашылық немесе қажет цитаталар мен білімді ой-пікірлер дереккөз ретінде қарамау керек. Көркем шығарма мәтініне тән, әдеби сыни мақаланың, әр жанрына тән құрылым заңдылығы бар. Сыни көзқарасқа, ой-пікірге өзгерсіз қалып дереккөз ретінде қарауға болмайды. Мәселен, ХХ ғасыр ғалым-сыншылары А.Байтұрсынов немесе М.Әуезовтың сыни пікірлерімен студент келіспеуге құқығы бар, ол олардың позициясын қабылдауға міндетті емес, бірақ классик-сыншыларды білуге тиіс. Сыншы тарапынан айтылған пікірді ой-елігінен дұрыс өткізген маңызды. Онық логикалық ойы мен дәлемелерін анықтау керек. Әр филолог студент мақаланы талап бойынша талдай алу қажет.
Тәжірибе көрсеткендей, студент белгілі бір мақаламен жұмыс істеген кезінде оның ойына көбінесе мұны бұрын тарихи-әдеби курстарда өтіп кеткендей әсерде болады. Алайда бұл сынның өзіне тән ерекшеліктерін жете білмеуден туатын алдамшы елес қана. Мұндай олқылықты болдырмас үшін әдеби-сыни мақаланы талдау дағдыларын терең меңгерту қажет.
Көркем шығарманың мәтіні тәріздес сыни мақалалардың жанрлық сипатына тән құрылым заңдылығы болады. Сын мақалалардағы пікір өзгермейтін қағида ретінде қаралмауға тиіс. Дарынды сыншылардың сыни көзқарастары мен пікірлеріне де студенттердің келіспеуі әбден мүмкін. Яғни, студенттің өз көзқарасы мен позициясы болғаны дұрыс. Сыншының білдірген пікірін эмоционалды және интеллектуалдық тұрғыдан бастан кеше отырып, оның логикасына бойлауға, дәлелдерінің дәйектілігіне көз жеткізуге болады. Сыншылардың талдап отырған мақаласын қарастыруға негіз болған критерийлері тұжырымдалған қоғамдық-эстетикалық поциясын анықтау маңызды. Студенттің білімі мақаланың мазмұның қайталаумен шектелмеуге тиіс, студент талдау барысында оның композициясына, жанрлық ерекшелігіне, көркем шығармадан келтірілген мәтін үзіндісіне өзіндік пікірі және сыншының ойына, келтірілген сілтемелерге баса назар аударғаны жөн.
Мақалаларды зерттеу барысында автордың жазып отырған мәселесін және сұрақтарды тізіп немесе жалпы түсініктеме беру, содан кейін барып сол мәселе бойынша тезис жазылғаны жөн. Конспект жасаудың екінші түрі мақаланың таза тұсына қысқа-қысқа, үзік ойларды жазу.
Мақаланы талдау схемасы
Әдеби-сыни мақалаларды талдау барысында белгілі әдістемелік тәсілді ұстанған дұрыс:
1.Мақаланың жарияланған жылы, қандай журнал-газеттерде, сыни мақалалар жинағында жарияланған, бағыты, мақалада қандай қоғамдық оқиғалар мен әдеби жағдайлар көрініс тапқан, әдеби сын тарихындағы орны.
2.Сыншының мақаладағы мақсаты мен міндетін анықтау, тақырыптағы тарихи-әлеуметтік және әдебиеттік мотивтер.
3.Мақаланың концепциясы (Философиялық, Эстетикалық, Публицистикалық, Тарихи әдебиеттік аспект, Полемикалық аспект) Мақалалар белгілі бір аспектіде жазылады.
Философиялық аспект - мақалада көркем шығарманың немесе әдебиеттің философиялық тұрғыда онтологиялық мәселелердің қарастырылуы.
Эстетикалық аспект – шығарманың өнерді тану, эстетикалық категориялар мен әдебиеттің байланысы тұрғысынан зерттелуі.
Тарихи- әдебиеттік аспект нақты бір шығарма туралы, жазушы шығармашылығы, әдебиеттің тарихи жайлы зерттеу барысында жауап береді.
Публицистикалық – шығарманы сол кезеңдегі зәру мәселемен байланыстыра пікір жазу.
Полемикалық аспект сыншының басқа сыншылармен немесе авторлармен арасында туындаған даулы мәселеле тұрғысынан жазылған мақалалары арқылы анықталады.
4.Сыншының шеберлігін айқындау – (жанр, композиция, логикалық құрылым, дәйектеу ерекшелігі, стилі, оқырманды қызықтыру тәсілі). Сыншының алдындағы тағы бір мәселе шығарманың басталуы мен аяқталуы, нәтижесі жайлы анықтау. Мақаланың байланысы әрқилы болып келеді. Мәселен басталуы логикалық және эмоциональды, публицистикалық және көркем- эстетикалық болып келуі әбден мүмкін.

15 ДӘРІС, 15 апта, 1 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет