ТАҚЫРЫБЫ:70-90 жылдардағы әдеби үдеріс. 1937-жылғы ойраннан кейін казақ сынының тоқырауға ұшырауы. Ұлы Отан соғысының әдеби сынның дамуына тигізген өзіндік зардаптары. Халық ақындарының шығармашылығына, социалистік реализм мәселелеріне көп назар аударылуының себептері. Елуінші жылдарда әдебиетке партиялық талаптың күшейе түсуі. КОКП ОК — нің әдебиетке қатысты арнайы қаулыларының қабылдануы. Қазақ сыншыларының қуғынға ұшырауы. Дөрекі социологизмнің дауылы тез көтерілгенімен, саябырлап басылды. Әдебиеттің сын саласына білімді жастардың, әсіресе, сынды өздерінің өнерпаздық арнасы деп таныған Е.Ысмайылов, М.Қаратаев, Қ. Жұмалиев, Т.Нұртазин, Б.Шалабаев, Қ.Өтепов, Р.Жаманқұлов, Ә. Қоңыратбаев, Н.Ғабдуллин сияқты сыншылардың, алғашқы қадамдарын сынай бастаған С.Ерубаев пен З.Шашкин, Х.Есенжанов сынды жазушылардың қазақ әдебиетінің әлеміне келуіне байланысты білікті, мәдениетті, эстетикалық сауатты сын өріс алып, аз жылда жетекші тенден-цияға ие болар деген үміт оты жылт етті. 20-жылдарда жемісті еңбек еткен кеп сыншылар өзінің идеялық-эстетикалық нысанасын қайта қарап, өрелі, білімді сын жолына түсті. F. Тоғжанов, X. Жүсіпбеков, Б. Кенжебаев, Ә, Мәметова тағы басқалардың қаламдары құнарлана түсті. Қайсыбіреулері сынмен қош айтысты. Әдебиет сыны мен әдебиетті зерттеу ғылымы үшін бұл дәуірде аса бір қиын, күрделі кезең болды. Партияның идеология саласындағы қаулылары, космополитизмге қарсы күрес ең алдымен әдебиет пен өнерді»бұрмалаушылықтардың» бәрін сын мен ғылымнан көрді. Қазақ әдебиетінде! Ұлтшылдықты» әшкерелемей отырған да сын мен ғылым болып шықты. Сондықтан да Қазақстан орталық комитетінің» Қазақ ССР Ғылым Академиясының тіл және әдебиет институтының жұмысындағы саяси өрескел қателер туралы»(1947) қаулысы ең алдымен қаһарын сын мен ғылымға төкті. Тарихшылар мен белгілі әдебиетшілер орнынан алынып , жұмыстан қуыла бастады. Қазақстан жазушылар одағындағы ұлтшылдық қателіктер туралы арнайы қаулылар қабылданды. Осылардың нәтижесінде қазақтың ауыз әдебиеті мен тарихының көп шығармалары ескішіл деп жарияланып, оларды оқуға тиым салынды. Батырлар мен эпос кейіпкерлері шыққан тегіне қарай жіктелді. Қобыланды, Алпамыс-байдың балалары, байды қорғаған батырлар, Төлеген-бай баласы, Қыз-Жібек-хан қызы ретінде бағаланды. Қазақтың бай эпосынан кедейдің ішінен шыққан Қамбар батыр мен Тазша бала жайлы ертегілер халықтық деп танылды. Осы саладағы асыра сілтеушілік Е.Ысмайылов пен бірге тарихшылар Е.Бекмаханов, Б.Сүлейменов, әдебиет зерттеушілері Қ.Жұмалиев, Қ.Мұхамедханов тұтқынға алынды. Жазушылар одағы жүйесіндегі» ұлтшылық қателері» үшін одақ төрағасы мен кей ақындар жазаға тартылды. Осындай жағдайда әдебиет сыны мен әдебиет зерттеу саласында ғылымдық пікір күтудің өзі де қиын еді. Газет-журналдар бетіндегі мақалалар сынау мен әшкерелеу сарынына құрылды. Олар көрнекті қаламгерлер мен ұлттық мұраға қарсы қоғамдық пікір тудырды. 1953- жылы И.В: Сталин қайтыс болмағанда, Қазақстанда 1937 жылдың қайғылы оқиғалары қайталануы ғажап емес еді. Өкімет басына келген Н.С.Хрущев жеке адамға табыну кезіндегі заңсыздықтарды сынап, демократияға жол ашуға тырысты.
Бұл дәуірде туған күрделі еңбектер қатарына» Қазақ әдебиеті тарихы»(1том1948) мен «Қазақ совет әдебиеті тарихының очеркі(Қ.Жұмалиевтің басқаруымен-1949), «Совет дәуіріндегі қазақ халық поэзиясының очеркі» (1955-Н.С.Смирнованың басқаруымен) атты ұжымдық зерттеулерді атауға болады. Одан бөлек жеке ақындар шығармашылығына қатысты бірнеше еңбектер жарық көрді. 1954 жылы Абайдың қайтыс болуының 50 жылдығы аталып өтті. Күнделікті әдеби сынға Т.Нұртазин, Қ.Жармағамбетов, С.Сейітов, С.Төлешов, т.б. белсене араласты.Соғыстан кейінгі дәуірдің әдебиеті осындай қиыншылықтарға қарамастан, барлық жанрда ізденіп кемелденуге аяқ басқан әдебиет болғаны бүгін дау тудырмайды. Қазақ қаламгерлерінің таңдаулы туындылары бүгінгі заман мен тарихи тақырыпты қатар жырлауда едәуір табыстарға жетті. Олар одақтық оқырмандар талғамына толып, шетелге танымал бола бастады. Бұл саладағы аға буын ақын-жазушылардың таланты мен тәжірибесі жетекшілік роль атқарды. Мұның бәрі қазақ әдебиетінің әлемдік даңқын көтерген жаңа әдебиетті жасаудың қадамы болатын.
Тапсырмалары мен сұрақтары: 1.F. Тоғжанов, Ә. Байдилдин, Б. Кенжебаев, Ы. Мұстамбаев, Ә. Маметова, I. Қабылов, М. Көшеков, Ә. Марғұлан, Б. Байтуаев, Ш.Тоқжігітова, X. Жүсіпбеков сынды сыншылардың мақалаларында әдеби мәселелерді талқылаудағы ой-пікірлері. 2.Елжас Бекеновтың, Жәкен Сәрсинбин, Даниял Ысқақов, Абдолла Байтасов сыни еңбектерінің мәні. 3.Сыншылар жасағының арнай білім алған жаңа тобы, Е. Ысмайылов, С. Ерубаев, М. Қаратаев, Қ. Жұмалиев, Т. Нұртазин, 3. Шашкин, Б. Шалабаев, Ә. Қоңыратбаев, Р. Жұманқұлов, Қ. Өтепов, М. Ғабдуллин сынды эстетикалық биік деңгейден табылған дарындарыдң сынға келуі, жазған мақалаларының мәні. № 12 ДӘРІС, 12 апта, 1 сағат