Силлабус 2022-2023 оқу жылының күзгі семестрі



бет1/4
Дата14.09.2023
өлшемі39,17 Kb.
#107061
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4
Байланысты:
6В01701. Ежелгі дәуір. қазақ әдеб. Силлабус.


Әл-Фараби атындғы Қазақ ұлттық университеті

Филология факультеті




СИЛЛАБУС
2022-2023 оқу жылының күзгі семестрі
«6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы негізінде

Пәннің коды

Пәннің атауы

Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ)

Сағат саны

Кредит саны

Студенттің оқытушы басшылығымен өзіндік жұмысы (СОӨЖ)

Дәрістер (Д)

Практ. сабақтар (СС)

Зерт. сабақтар (ЗС)

EDKA 1407

Ежелгі дәуірдегі қазақ әдебиеті

6

15

30

-

5

2

Курс туралы академиялық ақпарат

Оқытудың түрі және

Курстың типі/
сипаты

Дәріс түрлері

Семинарлық сабақтардың түрлері

Қорытынды бақылау түрі

Офлайн

Базалық

Мәселелік, ақпаратық, аналитикалық дәріс-конференция

Пікірталас, мәселелерді шешу, шығармашылық тапсырмалар

Универ жүйесінде тест

Дәріскер

Сағындық Нұрлан Берікбайұлы




e-mail

Sagyndyknb@mail.ru

Телефондары

87012502161




Курстың академиялық презентациясы




Пәннің мақсаты

Оқытудан күтілетін нәтижелер (ОН)
Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы қабілетті болады:

ОН қол жеткізу индикаторлары (ҚЖИ)
(әрбір ОН-ге кемінде 2 қ.ж. индикаторы)

Ежелгі дәуірдегі қазақ дебиетін оқытуда интербелсенді-лік технология-ларды қолдану және дамыту мүмкіндіктері, олардың мұғалімнің кәсіби қызметінде қолданылуы туралы жүйелі түсінік қалыптастыру. Сондай-ақ, студенттердің гуманитарлық білімдерін интеграциялауға ықпал ету.

ОН 1. Ежелгі әдебиеттің негізгі дәуірлері мен кезеңдері туралы білімін көрсету; қазіргі әде-биеттанудың әдіснамалық аппаратын және әдістемелік-зерттеу принциптерін білу; қазіргі ғылыми пәндердің өзара байланыс ерекшеліктерін білу және түсіну.

1.1. Ежелгі әдебиеттің негізгі дәуірлері мен кезеңдерін игереді және түсіндіреді.

1.2. Көне мұраларды зерттеудің, әдеби шығармаларды талдаудың принциптері мен тәсілдерін анықтайды.

ОН 2. Әдебиеттанудағы ғылыми концеп-цияларды және түркітану ғылымының жетістіктерін пайдалану.

2.1. Түркітанушы ғалымдардың еңбектерін талдайды, көне ескерткіштердің поэтикасы мен көркемдік ерекшеліктерін талдаудың әдіснамасы бойынша теориялық білімдерін қолдану қабілетін қалыптастырады, көне мұраларды талдау үшін ғылыми тұжырымдамалар мен әдістерді қолданады;

2.2. Көне мұралар мен шығармалардың табиғатына қатысты өзінің теориялары мен тұжырымдамаларын, мұраларға байланысты көзқарастарды дамытады;

2.3. Мұралаларды әр түрлі ғылыми тұжырымдамалар тұрғысынан талдайды;

ОН 3. Ежелгі әдебиетті игеру барысында қазіргі әдебиеттанудың әдіснамалық және ұғымдық аппаратын қолдану; ғылыми концепциалар мен теорияларды түсіндіру.

3.1. Көне мұраларды зерттеп-зерделеуде қазіргі әдебиеттанудың теориялық және тұжырымдамалық аппаратын қолданады;

3.2. Бітіру жұмысын дайындау және жазу кезінде қазіргі әдебиеттану мен түркітанудың ғылымының жетістіктерін қолданады

ОН 4. Көне мұраларды әртүрлі әдістердің тұрғысынан талдау; қазіргі түркітанудың даму тенденцияларын анықтау;

4.1. Көне шығармаларды әр түрлі әдіс-тәсілдер тұрғысынан талдайды;

4.2. Қазіргі түркітанудың негізгі бағыттары мен тенденцияларын анықтайды;

4.3. Түркітану ғылымының қазіргі жағдайына баға береді

ОН 5 Қазіргі түркітану ғылымында пайда-ланатын концепциялар мен теориялар туралы өз көзқарасын дәлелдеу; ескерткіштерді талдаудың өз тәсілдемесін жетілдіру.

5.1. Түркітану ғылымының болашағы мен тенденциялары туралы өзіндік көзқарасын дамытады және дәлелдейді;

5.2. Көне мұраларды зерттеудің өзіндік стратегиясы мен әдістемесін жасайды.

Пререквизиттер

1. Қаақ халық ауыз әдебиеті; 2. Әдебиеттану

Постреквизиттер

1.Қазақ-түрік әдеби байланыстарының тарихи және теориялық негіздері

Әдебиет және ресурстар

Негізгі:
1. Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы. І кітап. Алматы, 2001.
2. Дәдебаев Ж., Сағындықов Н. Қазақ әдебиеті: Ежелгі дәуір. І кітап. Алматы, 2002.
3. Келімбетов Н. Ежелгі дәуір әдебиеті. Алматы, 2005.
4. Қыраубайқызы А. Ежелгі әдебиет. Алматы, 2012.
Қосымша:
1. Ежелгі әдебиетті зерттеу мәселелері. Алматы, 2011.
2. Есембеков Т.У. Көркем мәтін поэтикасы. – А.: Қазақ университеті, 2012.
3. Көне түркі әдебиетінің типологиясы. Алматы, 2014.
4. Ежелгі дәуір әдебиетінің антологиясы. 5 томдық. – Алматы, 2019-21.
Интернет-ресурстары:
http: //lib.kaznu. kz/ default.asp
http://www.infoliolib.l/info/
http://www.openj-gate.org /




Университеттік моральдық-этикалық құндылықтар шеңберіндегі курстың академиялық саясаты



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет