Соңғы екі онжылдықта медицинада жаңа білім саласы қалыптасуда - ол айғақты медицина (ДМ - evidence-based medicine). Тікелей аударғандат - «айғақтарға негізделген медицина», немесе «ғылыми негізделген медициналық тәжірибе», «ғылыми – айғақты медицина». Ғылыми - айғақты медицина - бұл жаңа тәсілдер, ғылыми ақпаратты жинақтау, талдаудағы бұл ең жоғарғы ғылыми мәліметтерді дәрігердің клиналық тәжірибесі мен науқастың құндылықтарымен үйлестіру болып есептеледі. Сонымен қатар нақты, түбегейлі талдаудан өткізілген клиникалық зерттеулердің нәтижелерін нақты науқастың еміне қолдану болып табылады.
Осыған орай, бүгінгі таңдағы дәрігер тек жаңа медициналық технологиялардан хабардар болып ғана қоймай, сонымен бірге әр бір қолданылатын емнің өте нәтижелі және қауіпсіз екеніне көз жеткізу қажет.
Клиникалық лаборатория диагностикада айғақты медицина ережелері халықаралық және отандық стандарттардың сақталуына мүмкіндік береді.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина мамандықтарының түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы медициналық білім беру аясындағы төмендегі құзіреттіліктерді дамытуға бағытталады:
Ғалым, зерттеуші. (1) Білімін қолдану: медициналық емес, биомедициналық, клиникалық, әлеуметтік ғылымдарды тәжірибелік жүзінде қолданады.
0,2
Б1.3
Ғалым, зерттеуші.(1) Ғылыми әдістеме: ғылыми зерттеуді жоспарлау мен жүргізу қағидаларын түсінеді, алынған нәтижелерді сыни тұрғыдан қарастырып, статистикалық өңдеуден өткізе алады, медициналық публикациялардың ережелерін біледі.
0,2
Б2.4.
Дәрігер-клиницист.(2)Айғақты медицина: айғақты медицина қағидаларын түсінеді.
0,3
Б3.2
Кәсіби тұлға. Этика және құндылықтар: мәдениет аралық ерекшеліктерді, өз жауапкершілігін мойындай алады, этикалық қағидаларға, өз қызметінің сапасын және біліктілігін арттыруға деген ынтасын көрсетеді.