Пәннің мақсаты - студенттерге дәлелді медицина негіздерін, болашақ тәжірибеде тиімді қолданылатын медициналық ақпаратты сын көзбен қарауды, білім-дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Оқыту мақсаттары:
Айғақты медицинаның негізгі терминдері жайлы білім беру;
Студенттерге негізгі клиникалық зерттеулерді ажыратуды үйрету;
Дәлелді медицинаның ақпараттық базасын қолдануды үйрету;
Дәлелді медицина фильтрлерін қолдану арқылы медициналық ақпаратты бағалауды үйрету.
Б1.1. БІЛІМІН ҚОЛДАНУ: медициналық емес, биомедициналық, клиникалық, әлеуметтік ғылымдарды тәжірибелік жүзінде қолданады.
Білім (когнитивті) домені: Қолданады:пәннің алғы реквизиттері бойынша сабақтас пәндерден алған білімін қолдана алады.
Дағдылар (психомоторлы) домені:
Дәлділік: презентация жасауды дәлдікпен орындайды.
Қарым-қатынас/мінез-құлық (аффективті) домені: Құндылықтарды үйлестіреді:студент түсіндірілген мәліметтерді дұрыс қабылдайды және берілген сұраққа жауап береді, қабылдаған мәліметтердің құндылықтарын үлестіреді.
Б1.3. ҒЫЛЫМИ ӘДІСТЕМЕ: ғылыми зерттеуді жоспарлау мен жүргізу қағидаларын түсінеді, алынған нәтижелерді сыни тұрғыдан қарастырып, статистикалық өңдеуден өткізе алады, медициналық публикациялардың ережелерін біледі.