Байланысты: Силлабус педагогикалы зерттеуді діснамасы ж не дістері
5-семинар. «Педагогика әдіснамасының даму эволюциясы». Педагогиканың әдіснамасы өзінің үдерістік онтогенетикалық, қызметтік, құрылымдық-морфологиялық жүйелілігі арқылы педагогикалық метабілімнің келесі ірі блоктары арқылы көрініс табады.
педагогиканың әдіснамасы туралы жалпы түсінік, оны анықтауға қажет тұғырлар;
педагогиканың әдіснаманың ұғымдық аппараты;
педагогиканың әдіснамасының қызметтері және әдіснамалық білімдер құрылымы;
әдіснамалық бағдарлар жиынтығы, педагогика әдіснамасының даму кезеңдері және үрдістері.
Кеңес Одағы тұсында педагогика саласы мамандарының біліктілігін арттыру бағдарламасында жоғары оқу орындары оқытушылары арнайы әдіснамалық даярлықтан өтетін. Оның жоспарында педагогиканың әдіснамасы:
педагогика ғылымындағы зерттеу әрекетінің бағыттарын, мақсатын және құрылымын, сондай-ақ жаңа білім алудың ұстанымдары мен әдістерін анықтайтын жалпы гносеологиянлық нұсқаулар жүйесі;
педагогикалық зерттеу үдерісі және оны қамтамасыз ететін әдістері зерттеу пәні болып табылатын педагогиканың әдіснама аясындағы арнайы пән;