Силлабус педагогикалық зерттеудің әдіснамасы және әдістері


-семинар. «Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық тұғырларын таңдау»



бет154/213
Дата16.04.2022
өлшемі1,88 Mb.
#31230
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   213
Байланысты:
Силлабус педагогикалы зерттеуді діснамасы ж не дістері

6-семинар. «Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық тұғырларын таңдау».
Ғылым дамуының басты шарты – жаңа деректермен үздіксіз толығып отыру. Ал деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негізделген зерттеу әдістеріне тәуелді келеді. Әдістер өз кезегінде ғылым аймағында әдіснама атауын алған теориялық ұстанымдардың бірлікті тобымен міндетті байланыста болады.

Ғылымда әдіснама деп ғылыми-танымдық іс-әрекеттердің түзілу принциптері, формалары мен тәсілдері жөніндегі білімді айтамыз. Ғылым әдіснамасы - зерттеу жүйесіндегі құрылымдық бірліктердің нысаны, талдау пәні, зерттеу міндеттері, зерттеу құралдар тобы т.б. сипаттамасын береді. Сонымен бірге зерттеу міндеттерінің шешімін табу үрдісіндегі әрекеттер бірізділігін белгілейді. Осыдан, педагогика әдіснамасын педагогикалық таным және болмысты қайта жасаудың теориялық ережелер топтамасы ретінде қарастыруға болады.



Э.Г. Юдин әдіснамалық білімдер тобын төрт деңгейге бөледі: философиялық, жалпы білімдік, нақты ғылымдық және технологиялық. Әдіснаманың ең жоғары деңгейі философиялық деңгейі - танымның жалпы принциптері мен бүкіл ғылымның категориялар құрылымын негіздейді. Осыдан философиялық білімдердің барша жүйесі әдіснамалық қызмет атқарады. Екінші – жалпы ғылымдық әдіснама деңгейінде ғылымдардың баршасында не көпшілігінде қолданылуы мүмкін теориялық тұжырымдарды белгілейді. Үшінші деңгей – нақты ғылым әдіснамасы қандай да нақты ғылыми тануға тән мәселелерді, сондай-ақ жоғарылау келген әдіснамалық деңгейлерге байланысты алға тартылатын мәселелерді де қамтиды, мысалы: педагогикалық зерттеулердегі жүйелестіру мен жобалау (модельдеу) мәселелері. Төртінші деңгей – технологиялық әдіснама – зерттеу әдістері мен техникасын белгілеп, деректі эмпирикалық материалдарды жинақтап, алғашқы өңдеуден өткізіп, кейін оларды ғылыми білімдер өрісіне қосу қызметтерінен хабар береді. Бұл деңгейдегі әдіснамалық білім нақты көрсетпе нұсқау сипатына ие. Әдіснаманың барша деңгейлері күрделі жүйеде бірігіп, өзара сабақтастықпен байланысты келеді. Ал әрқандай әдіснамалық деп танылған білімнің мазмұндық негізі философиялық деңгейден іздестіріледі, себебі, таным үрдісі мен болмысты қайта жасау әрекеттерінің дүниетаным, көзқарас бағдары осы философиямен анықталады.

Әрқандай әдіснама - қалыпты көрсетпе – нұсқау және реттестіру қызметтерін атқарады. Дегенмен әдіснамалық білім екі күйде іске асырылуы мүмкін: дескриптивті немесе прескриптивті.

Дескрептивті әдіснама – ғылыми білімдердің құрылымы мен ғылыми таным заңдылықтары жөніндегі білім ретінде зерттеу үрдісіне бағыт-бағдар береді, ал прескрептивті әдіснама – зерттеу іс-әрекеттерін реттеп барудың жол жобасын белгілеп, көрсетеді.



Дәстүрлі әдіснамалық талдауда ғылыми іс-әрекеттерді жұзеге асыру тиімділігімен танылған ұсыныстар және ережелеріне байланысты құрастыру міндеттері басымдау болса, ал дескриптивті талдауда ғылыми таным үрдісінде іске асырылған зерттеу әрекеттерін қайталап баяндау, түсіндіру қызметтері атқарылады.

Педагогикалық ғылыми әдебиеттерде “әдіснамалық ұстанымдар” ұғымы сирек кездесетіні белгілі. Әдіснамалық білімдер жүйесінде “әдіснамалық талаптар” ұғымы педагогиканың теориялық және практикалық әрекеті ретінде әдіснамалық ұстанымдардың бір түрі ретінде үлкен маңызға ие. Сол себепті “әдіснамалық талаптар” ұғымы “әдіснамалық ұстанымдардың” қолдану аспектісін нақтылай түседі.

Әдіснамалық ұстанымдардың мазмұны мен құрылымы Б.Г. Ананьев, В.И. Андреева, В.И. Беляева, Ю.К. Бабанский, Л.С. Выготский, Б.С. Гершунский, В.И. Загвязинский, А.Н. Леонтьев, Б.Т. Лихачев, В.А. Сластенин, Н.Д. Хмель, Ш.Т. Таубаева және т.б. педагог және психологтардың еңбектерінде көрініс тапты.

Педагогикалық зерттеудің негізін қалаушылардың ішінде В.И. Загвязинский әдіснамалық білімдер жүйесіндегі ұстанымдар мен талаптарды белгіленген заңдар мен заңдылықтардың жалпы зерттеушілік тұғыры деп қарастырады. Оның пікірі бойынша ғылыми ұстаным ұғымының терең ғылыми негіздемесі болуы қажет деп есептейді.

В.И. Загвязинский педагогикалық зерттеудің мынадай ұстанымдарын көрсетеді:


  • ғылымилық;

  • тарихи және логиканың бірлігі;

  • зерттеушілік және практикалық оқу-тәрбие жұмысының бірлігі.

Көптеген зерттеуші ғалымдар педагогика және барлық қоғамдық ғылымдарға қоғамдық құбылыстарды меңгерудің негізгі әдіснамалық ұстанымдары ортақ екендігін ескеріп, мынадай негізгі ұстанымдарды ұсынады:

  • барлық нақты – тарихи қоғамдық құбылыстарды меңгерудің жан-жақты байланысы мен бағыныштылығы;

  • бір ғылыммен екінші бір ғылым заңдылықтарының сәкессіздігі (зерттеу нысаны мен ерттеу пәні жақын болса да);

  • жалпы педагогикалық құбылыстардың диалектикалық бірлігі ;

  • тәрбие мен өмірдің бірлігі;

  • педагогикалық теория мен практиканың өзара байланысы мен өзара бағыныштылығы;

Жалпығылымдық әдіснама қоршаған болмыс құбылыстары мен үрдістерінің жалпыланған байланысы және өзара шарттастығына негізделген жүйеліліктен танылуы мүмкін. Ол әрбір зерттеуші мен практикті белгілі құрылымға, сондай-ақ өзінің жасау заңдылықтарына ие өмір құбылыстарының белгілі жүйесін бағдарлайды.

Жүйелілік мәніне орай әрқандай салыстырмалы дербес бірліктер өз бетінше шектелмей, өзара байланысқан даму мен қозғалыста қарастырылады. Осыдан ол жүйені құраушы элементтерде көріне бермейтін біріктіруші жүйе қасиеттері мен сапалық белгілерді анықтауға көмектеседі. Жүйеліліктің заттасқан және тарихи қырлары мынадай зерттеудің ұстанымдарын бірлікте іске асыруды қажет етеді: тарихилық, нақтылық, көптарапты байланыстар мен дамуды ескеру.



Ғылыми – педагогикалық зерттеулер жүргізуде төмендегідей ұстанымдарды басшылыққа алу қажет:

  • педагогикалық құбылыстардың шынайылылығы мен шарттасқандығын ескеру, себебі дүниедегінің бәрі өзінің ішкі объектив заңдары, қарама-қарсылықтары және себепті - салдарлы байланыстарына орай жасалады әрі дамиды;

  • құбылыстарды даму барысында зерттеу;

  • бір құбылысты екіншілерімен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу;

  • зерттеу үрдісінде қалаған ғылыми мәселенің шешімі бірін-бірі толықтырып отырушы көптеген әдістер кешенімен орындалатынын естен шығармау;

  • зерттеу әдістері зерттелетін құбылыстың мән-мағынасына сай келуі;

  • даму процесін сол дамудың қозғаушы күші және даму көзі саналатын оның қарама – қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс және өзіндік даму ретінде қарастыру;

  • сынақталушыға білім-тәрбие үрдісіне зиян келтіретін, адамгершілік - инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу.

Білім беру мен педагогикалық ізденістерде әдіснамалық ұстанымдардың болжамдарын жасаушы ғалымдар көп. Мысалы, Б.С. Гершунский “әдіснамалық ұстаным” ұғымын теория мен практикада мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттің қалыпты басқарушысы деген өз ойын ұсынады.

Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде тарихи- педагогикалық зерттеудің әдіснамалық ұстанымдарының нақты ортасын көруге болады. Атап айтқанда Г.Б. Корнетов және И.А. Колесникова педагогиканың өркендеуі мен даму кеңістігінің өткені мен бүгінгі жағдайының жан-жақты даму тұғырларын ұсынған. Олар: табиғи педагогика, өндірістік педагогика және креативті педагогика. Сонымен қатар үш педагогикалық кеңістікті анықтаған: ғылыми - технократикалық, гуманитарлық, эзотериялық. Ал Г.Б. Корнетовтің пікірінше тарихи – педагогикалық процесс – бұл ойлау мақсатының жолы мен құралы, механизмі, шарты, жеке тұлғаның табиғи жаңаруының нәтижесі, қамтамасыз етілетін педагогикалық анализ феномені олардың ойлау мәнерінің бірлестігінің жалпы адамзаттықтан даму деңгейіне дейін.

Зерттеу көздерінің нәтижесі көрсетіп отырғандай әдіснамалық ұстанымдарды әдіснаманың тұғырлар ұғымынан кейін қарастырады. А.М. Столяренко “салыстырмалы педагогика” саласы бойынша әдіснамалық ұстанымдар мен тұғырлардың мынадай түрлерін ұсынады: нақтылық, кешендік, жүйелілік, педагогикалық тәжірбеге нақты – тарихи тұғырдың қарама-қайшылығы.

Г.К. Нұрғалиева, А.Қ. Құсайынов, Н.С. Мусина секілді отандық ғалымдардың пікірінше жоғарыда атлған ұстанымдардың үшеуімен ғана шектелуін ұсынады. Өйткені төртіншісі салыстырмалы педагогикалық зерттеулердің тұғрына жатады. Бұл авторлар салыстырмалы педагогиканың тұғырларын әлемдік тәжірибеге сай анықтады. Олар: өлкетанымдық, индуктивтік, дедуктивтік, әлеуметтік, экономикалық, тарихи және этномәдени тұғырларын анықтады.

Қорыта келгенде ғылыми педагогикалық ұстанымдар біріншіден – зерттеудің негізгі мәселесі мен стратегиясын анықтап, оны шешудің негізгі жолдарын көрсетеді; екіншіден – барлық білім беру мәселелеріне талдау жасауға және мағынасын жүйелі орнатуға; үшіншіден – жалпы нақты жобалауға мүмкіндіктер береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   150   151   152   153   154   155   156   157   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет