14. Статистикалық әдіс.
Оның шеңберінде мынадай нақты әдістемелер қолданылады:
Тіркеу- белгілі сыныптың белгілі бір сапасын анықтау және осы сапаның барлығын немесе жоқтығын сан бойынша білу;
Ранжирлеу – жиналған деректердің белгілі бір жүйемен орналасуы, объектілердің осы қатардағы орындарын анықтау;
Шәкілдеу- зерттеу сипаттамаларына балдар мен басқа цифрлық көрсеткіштер беру.
Шәкілдердің негізгі орналасу реті:
аталым шәкілдері (номиналды);
тәртіп (немесе рангілік) шәкілдері;
арақашықтық шәкілдері;
қарым-қатынас шәкілдері.
Аталым шәкілдері- ең “әлсіз” шәкілдер. Оларда сандар мен басқа да белгіленімдер таза символдық түрде пайдаланылады. Объектілердің аталымдарын білдіреді. Бірден-бір математикалық сипаттама- объектілердің неге жататындығы: зерттеу объектісі сол сыныпқа жата ма… Мысал мамандар тізімі, оқушылар мінездемелерін саралау. Тәртіп шәкілдерінде шама тәртібі, “үлкен” мен “кішінің” қарама-қатынасы, жалпы иерархия белгіленеді. Олар қолданудың мысалы ретінде “бойы сұңғақтау” “бесеуден көбірек”, т.с.с. типтегі ранжирлеу қызмет етеді.
“Күшті” шәкілдер- арақашықтық және қарым-қатынас шәкілдері болып саналады. Арақашықтықшәкілі шәкілдегі жекелеген сандардың арасындағы белгілі бір арақашықтықты көздесе, ал қарым-қатынас шәкілінде нөлдік нүктенің өзі де анықталып қойылған. Мысалы: термометрлер, вольтметрлер шәкілдері және басқалар.
Педагогикалық эксперимент – алдын ала зерттеу мақсаты белгілі, оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдіс-тәсілдерін, формалары мен мазмұнын тексереді. Егер педагогикалық экспериментті зерттеушінің өзі жүргізсе, онда белсенді эксперимент, ал оның орнына басқа адам жүргізсе, онда енжарлы эксперимент деп аталады. Егер мәнді педагогикалық құбылыстар зерттелсе, онда констанция, ал егер болжам тексерілсе, онда нақтылаушы не тексеруші, егер констанция және теориялық зерттеуден кейін жаңа педагогикалық құбылыстармен ақиқаттар тексеріледі, бұл қалыптастырушы эксперимент деп аталады.
Эксперимент құбылысты тек қана сипаттауға емес, сонымен бірге оны түсіндіруге мүмкіндік беретін психикакалық, педагогикалық зерттеу әдісін көрсетеді. Зерттеуші болып жатқан оқиғалардың заңдылықтарын ашу, аса қолайлы жағдайлар кешенін бөлу мақсатында жоспарлы түрде ықпал етеді. Бұл әдіс негізінен педагогика саласындағы ғылыми жұмыстарда қолданылады. Сондай-ақ жаңа жұмыс тәсілдерінің және оларды оңтайландырудың күнделікті іс-әрекетінде қолданыла алады.
Зертханалық эксперимент балаларға арналған жасанды арнайы құрылған және нақты дәл ескерілген жағдайларда жүргізіледі. Ол әртүрлі приборлар мен тіркеу аппаратураларын белсенді қолдану барысында арнайы жабдықталған орынжайларда / жарықтан және дыбыстан қорғайтын кабиналарда / жиі жүргізіледі. Эксперимент жағдайының табиғи болмауы сынаққа қатысушының тосын жағдайлардан ұялуына, қажуына әкеледі. Бұған қоса зертханалық эксперимент белгілі бір деңгейде нақты өмірлік жағдайларды бейнелесе де, көбінесе олардан қашықта болады. Сондықтан ол оқу-тәрбие үдерісінің педагогикалық проблемаларын шешуде сирек қолданылады. Алынған нәтижелерді салыстыру мақсатында экспериментті жүргізер алдында, екі топқа бөлу керек, экспериментік және бақылау тобы.
Дегенмен, басқа әдістен өзгешедігі, жағдайларды дәлме-дәл ескеруге, эксперименттің жүруіне және барлық кезеңдеріне қатаң бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Нәтижелерінің сандық бағасы, беріктілігі мен анықтылығының жоғары деңгейі психикалық, педагогикалық құбылыстарды сипаттап, өлшеп қана қоймай, түсіндіруге де мүмкіндік береді.
Табиғи эксперимент балалардың ойын, оқу немесе еңбек іс-әрекеттің табиғи жағдайда өтілуінде психикалық-педагогикалық зерттеу жүргізілуін сезінбеуі мен білмеуімен ерекшеленеді. Табиғи эксперимент нақтылығы аз болса да өзіне бақылау мен зертханалық эксперименттің басым бөлігін қосады, оның нәтижелерін сандық өңдеуге салу күрделі болады. Табиғи эксперимент табиғи жағдайда, зерттелушілер оған енгенін білмеуі керек, зерттеуші өзі тәрбиеші ролін атқарып, бақылау жасырын жүргізіледі.
Модельдеуші эксперимент психикалық құбылыстарды модельдеу арқылы жүргізіледі. Эксперименттік жағдайда бала өзіне қатысты барлық табиғи іс-әрекетті жаңадан өндіреді / модельдейді/: эмоционалдық немесе эстетикалық әсерленушілік, қажетті ақпаратты есте сақтау. Осы модельдеу уақытында зерттеушілер аталған үдерісте аса қолайлы жағдайларды айқындауға тырысады.
Эксперимент ұзақ және қысқа да болады. Тұтас педагогикалық үдерістің мазмұнын, ұйымдастыру формаларын, принциптері мен әдістерін, жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент жүргізіледі.
Рейтинг және өзін-өзі бағалау әдісі
Достарыңызбен бөлісу: |