Силлабус пән туралы ақпарат «хіх ғасыр қазақ әдебиеті» Кредиттер саны -5 курс семестр 2022-2023 оқу жылы



бет2/4
Дата21.10.2022
өлшемі111,69 Kb.
#44523
1   2   3   4
Байланысты:
Силлабус

Оқу курсының типі: ТК
Пәннің мақсаты: Қазақ әдебиетінің XIX ғасырдағы кезеңін құрайтын мұраларды қазіргі заманғы әлемдік өркениет талаптарына орай оқыту. Бұл кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларын студенттерге терең жан-жақты меңгертуде жаңаша әдістемелік-технологиялық бағдарлама жүйесімен сәйкестендіру. Студенттердің ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті үдерісін, жеке ақын-жыраулар мен жазба әдебиет мұраларын қазіргі заманғы әлемдік өркениет талаптарына қарай оқыту. XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті – ауызша дәстүрлі жыраулық және ақындық поэзияның табиғи сабақтастығы, көркемдік, стильдік жалғастық мәселелері ғылыми-теориялық тұрғыда түсіндіріледі. Сонымен қатар, кезең әдебиетінің қоғамдық-әлеуметтік оқиғалармен, құбылыстармен байланысты дамыған ерекшеліктеріне де ғылыми баға беріледі. XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің әлемдік озық көркемдік әдістермен, жанрлық-стильдік шеберлік үлгілерімен үндестігіне де айрықша назар аударылады. Әлемдік әдеби дамудың ортақ заңдылықтарын игерген, жаңашылдықпен түлеген реалистік әдебиетіміздің алыптары шығармаларындағы көркемдік шеберлік сырлары да тереңдетіле оқытылады.
Пәннің негізгі міндеті «6В020500- филология мамандығы» ББ бойынша оқытудың келесі нәтижелерін қалыптастыру болып табылады: ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті және ұлт тағдыры. Дәстүрлі ақындық поэзия. Махамбет Өтемісұлы өлеңдерінің философиялық-психологиялық сипаты. Шернияз Жарылғасұлының шығармашылық мұрасы. Шортанбай Қанайұлының зар замандық толғаулары, Сүйінбай Аронұлы өлеңдерінің тақырыптық- идеялық сипаты. Ақан сері Қорамсаұлының лирикалық өлеңдері мен айтыстары. Сара Тастанбекқызының лирикалық өлеңдері мен айтыстары. Шоқан Уәлихановтың ғылыми очерктері мен күнделіктерінің әдеби сипаты. Ыбырай (Ибраһим) Алтынсариннің өлеңдері. Хакім Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының философиялық, махаббат лирикасы бойынша теориялық білімді меңгерген, алынған білімді жұмыста қолдана алады.
– Әлеуметтік, мәдени және құқықтық жағдайларға, қазақстандық қоғамның құндылықтар жүйесіне, олардың ара-қатынасына талдау жасайды. Өзгеріп отырған әлеуметтік-экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын болу мақсатымен маңызды қарым-қатынас жасау, тиімді диалог жүргізу әдісін қолданады, академиялық адалдық мәдениетін сақтап отырып, қағидаларын түсіне алады;
- Этномәдени және конфессиялық айырмашылықтарды, қоғамның әлеуметтік-мәдени құрылымының ерекшеліктерін танып, көп мәдениетті ортада ғылыми пікірталас жүргізу қабілетін көрсетеді. әлеуметтік-саяси фактілерге қатысты, яғни қазақ қоғамының дамуының түрлі кезеңдері, саяси бағдарламалары, мәдениеті, тілі, әлеуметтік және тұлғааралық қарым-қатынастары туралы өз ұстанымын қорғай алады.
- Қазіргі заманғы қазақ әдебиеттанудың теориялық негіздерінің ғылыми тұжырымдарын қорытындылай алады, қазіргі қазақ тілі салаларының теориясы мен тарихы, қазақ әдебиетінің тарихы мен кезеңдерінің негізгі қағидаларына талдау жасайды;
- Ақпаратты іздеу, өңдеу және тарату үшін Интернет-ресурстар қызметтерін сауатты пайдалана алады. Қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданумен мамандық бойынша жобалық іс-шараларды жүргізе біледі.
– Қазақ әдебиетінің тарихы және тіл білімі мәселелері бойынша соңғы компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы рефераттар, мақалалар, эссе, шолу-рефераттар, ғылыми есептер, ғылыми баяндамалар, филологиялық пікірлер жазады.
– Қазіргі әдеби үдерісті, қазіргі әдебиеттің даму бағыттарының теориялық негіздерін жүйелі түрде зерттеуге, оның шешімін таппаған түрлі мəселелерін талқылауға қабілетті болады.
– Қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті материалдары негізінде көркем шығарманы талдап, талқылай алады. Әдебиеттану ғылымының даму заңдылықтарын, әдеби үдерістегі шығармашылық мазмұнын, жаңа бағыттардың, әдеби мәтіндердің өзекті мәселелері бойынша теориялық білімді меңгерген, алынған білімді жұмыста қолдана алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет