Силлабус пән туралы ақпарат: Пәннің атауы: Қазақ тілін оқыту әдістемесі


« Қазақ тілін оқыту әдістемесі »



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата15.11.2023
өлшемі409,38 Kb.
#123982
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Қазақ тілін оқыту әдістемесі силлабусс Рахметова қазан 2

«
Қазақ тілін оқыту әдістемесі
»
» курсынан студенттер қазақ тілін оқыту әдістемесін 
зерттеген ғалымдардың ғылыми-әдістемелік тұжырымдарымен танысады. Білім беру 
жүйесіндегі нормативтік құжаттармен жұмыс істеуге үйренеді. Қазақ тілін оқыту 
әдістемесінің педагогика, психология және т.б. ғылым салаларымен байланысын біледі. 
Оқытудың технологиялары, білім берудің әдіс-тәсілдерімен танысып, оны қолданудың 
жолдарын игереді. Қазақ тілінің салаларын жалпы білім беретін мектептерде оқытудың 
жолдарын меңгереді. 

«Қазақ тілін оқыту әдістемесі» курсының 


мақсаты
– студенттерге мектепте қазақ 
тілін оқытудың әдіснамалық негіздері мен әдістемелік жүйесін, тілді меңгертудің 
практикалық жолдарын үйрету арқылы кәсіби деңгейі жоғары, теориялық білімі терең,
практикалық дағдысы жетілген, ұлттық ділі қалыптасқан, бәсекеге қабілетті, ғылыми 
және интеллектуалдық әлеуеті жоғары маман даярлау. 

Пәннің негізгі міндеттері: 
-
студенттерге қазақ тілін оқыту әдістемесінің әдіснамалық-теориялық негіздерін 
меңгерту және қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаған ғалым-
әдіскерлердің еңбектері мен ой-тұжырымдарымен таныстыру; 
-
студенттерді педагогика және әдістеме ғылымындағы жаңа тенденциялармен, 
қағидалармен, бағыттармен таныстырып, оны оқыту үдерісінде тиімді 
қолданудың жолдарын үйрете отырып, мектепте оқытылатын қазақ тілі 
курсының мақсат-міндеттері және жаңартылған білім мазмұнымен
таныстыру;
-
пән бойынша базалық-нормативтік құжаттар мен оқулықтарды, оқу-әдістемелік 


кешендерді талдап, тануға үйрету, оларды оқыту үдерісінде басшылыққа алып, 
пайдалану дағдыларын қалыптастыра отырып, қазақ тіл білімі салаларын 
мектепте оқытудың әдістемелік жүйесін меңгерту; 
-
білім берудің жаңа технологияларымен таныстырып, оны оқу үдерісінде 
пайдаланудың жолдарын үйрету; 
-
болашақ мамандарға қазақ тілін оқытудың жолдарын игерту (мектеп 
оқушыларының білім, білік, дағдылары мен білім сапасын бақылауды 
(жиынтық, қалыптастырушы бағалау) үйрету, білім нәтижелерін сараптау және 
оны жетілдірудің жолдарын (рубрика, модерация) табуға баулу); 
-
өзінің кәсіби біліктілігі мен құзіреттіліктерін үздіксіз дамытуға төселдіру.
6В01701 - Тіл мен әдебиет мұғалімін дайындау (қазақ тілі мен әдебиеті) мамандығы
бойынша білім беру бағдарламасы бойынша оқытудың келесі нәтижелерін
қалыптастыру болып табылады: 
ОН 10 - 
тіл мен әдебиет салаларын оқытуда педагогикалық-психологиялық 
ерекшеліктерді 
меңгереді,
кәсіби өсу жолында өзінің білім траекториясын 
құрастырады; 
ОН 11
- қазақ тілін оқытудың интерактивті әдіс-тәсілдерін, инновациялық 
технологияларын 
меңгереді
, педагогикалық тәжірибеде орынды 
қолданады; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет