3. Пәннің қысқаша мазмұны. Оқу курсының типі: ТК
«Су және азық-түлік өнімдері анализі» пәні – Су және тағамның құрамындағы негізгі химиялық заттары. Белоктық заттар, жіктелуі, қасиеттері. Белоктардың тағамдық құндылығы. Липидтер. Майлар мен сұйық майлардың тағамдық кұндылығы. Азық-түлік өнімдерін шығаруда липидтердің өзгеруі. Тағамтанудағы майлардың ролі. Көмірсулар. Азық-түлік өнімдерін шығаруда көмірсулардың өзгеруі. Тамақтанудағы көмірсулардың ролі. Витаминдер, олардың ролі. Минералды заттар. Макро- және микроэлементтер, тамақтанудағы минералды заттардың ролі. Тағамдық қоспалар, тағамның дәмін жақсартатын заттар, тағам өнімдерінің физикалық-химиялық қасиеттерін өзгертетін заттар. Консерванттар, антитотықтырғыштар, ароматизаторлар, табиғи токсиндер және ластағыш заттар білімін игереді.
Пәннің мақсаты:Студенттерді суға және азық-түлік өнімдеріне химиялық анализ жасау түрлерімен таныстыру, эксперименттік-зертханалық жұмыстар жасау дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Талдаудың теориялық негіздерін зерделеу, алған білімдерін қоршаған орта объектісі анализінде пайдалана білу; сонымен қатар педагогикалық кәсіби іс-әркетінде қолдану; азық-түлік өнімдерінің химиялық құрамына анализін жасай білу; әр түрлі есептеулерде негізгі химияның заңдары мен заңдылықтарын пайдалана білуі мен эксперименттік жұмыстар жасай білу құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Білім алушыда пәндік құзыреттіліктерімен қатар келесі арнайы құзыреттіліктерді қалыптастырады:
– химияны ғылым ретінде дамытудың негізгі бағыттарын, негізгі принциптерін, заңдары мен теориялары туралы қазіргі заманғы идеяларын жетілдіреді және дамытады;
– ғылыми-техникалық прогресті және халықаралық практиканың дамуын ескере отырып, химияның ғылым ретінде дамуының ғылыми үрдістерін түсіндіреді;
- практика жүзінде эксперименттер жасап, зертханалық жұмысқа икемділік пен дағдысын қалыптастырады;
- ақпаратты іздеудің, жинаудың, өңдеудің, талдаудың, берудің және түсіндірудің әртүрліәдістерін қолдануды біледі;
- ғылыми ақпараттарды логикалық және дәйекті түрде түсініп, жеткізе біледі (ауызша жауап, визуализацияны қолдану арқылы есеп бере алады (презентация, модельдер, диаграммалар);
- қойылған міндеттерге қол жеткізудің балама тәсілдерін көре біледі, оларға жетудің тиімді әдістерін таңдай алады;
- нақты аналитикалық мақсаттарды шешу үшін жаратылыстану пәндерінің заңдылықтарын ескере отырып тиімді шешім қабылдай алады;