4. Оқыту әдістері және жоспарланған оқу іс-әрекеттері, оқытуды басқару 1. Кіріктірілген және белсенді оқыту әдістерін қолдану: Тақырыптар бойынша өзіндік жұмыс: Ақпараттық-іздестіру әдістері – қоршаған орта компоненттерінің өзара әрекеттесу нәтижелерін талдау үшін қажетті білімді (ақпараттық материалдарды) іздеуде, іріктеуде оқушының өзіндік жұмысының әдістері болып табылады. 2.Дәрістер (жеке тақырыптар бойынша презентациялар мен талқылаулар) Барлық негізгі идеялар дәріс тақырыбымен байланысты болуы керек, презентация теориялық ережелерді (сурет, графика, фотосурет және т.б.) суреттеуге және түсінуге қиын позицияларды түсіндіруге арналған (схема, алгоритм және т. б.). 3. Топпен жұмыс, оқушылардың ерекше назар аударуын талап ететін кейбір математика есептерін шешудің тәсілдері мен алгоритмдерін талдау. Топтық жұмыстың түрлері: жабық тапсырма (мұғалім оқушыларға оқудан күтетінін нәтижедерді түсіндіреді); ашық тапсырма (оқушылар өздігінен оқу материалдарын таңдайды және өңдейді, оқудан күтетінін нәтижелерді ұсына алады); еркін тапсырма (оқушылардың өздері тақырыпты анықтайды, қажетті материалды өз бетінше табады және оқудан күтетінін нәтижелерді ұсынады). 4. IT-технологияларды пайдалана отырып кері байланыс беру. Кері байланыс – білім беру порталдары мен сайттарын құру технологиясы; ақпараттық ресурстарды сақтау және бір мезгілде пайдалану үшін бұлтты технологияларды пайдалану; оқу блогтарын құру технологиясы; онлайн-сабақтар; Кейс-стади (практикалық байланыстыра оқыту).
5. Бағалау әдістері және негіздері "Оқытушы-студент", "студент-оқытушы", "студент-студент" жүйелері арқылы бағалау кері байланысын беру