Тақырыпқа байланысты өзін – өзі тексеруге арналған сұрақтар: Плагиат дегеніміз не?
Плагиаттан қалай сақтануға болады?
Төл сөздерді қалай қолдануға болады?
Парафраз дегеніміз не?
Сілтеме жасаудың қандай стильдерін білесіз?
Неліктен өзге авторларға сілтеме жасауымыз қажет?
Плагиат жасаған кезде қандай жаза қолданылуы мүмкін?
№8дәріс
Тақырып: Зерттеу әдісі
Қарастырылатын сұрақтар: 1. Зерттеу әдісін сипаттау
2. Зерттеу әдісінің бірі – сауалнама, оның құрылымы
3. Зерттеу әдісінің бірі – сұхбат алу
Мақсаты:Белгілі бір тақырыпқа байланысты студенттерді теориялық еңбектерге шолу жасау арқылы зерттеу жүргізуді үйрету.
Академиялық жазылым - белгілі бір зерттеу жұмысын баяндап бағытталатын жазба жұмысы. Зерттеу жұмысы әдетте белгілі бір тақырыпқа байланысты теориялық еңбектерге шолу жасау тақырып жөнінде автор қандайда бір пікірге келуі мүмкін. Ал, зерттеу жұмысының екінші түрі теориялық еңбектерге шолу жасау арқылы қорытылынған пікірді олардың өзі мәліметтер жинау арқылы негіздеуі немесе жоққа шығаруына бағытталған жұмыстар болуы мүмкін. Бұл жұмыстар негізінде біршама зерттеу үдерісін қажет етеді.
Зерттеу жұмысыүдерісінде студент мынадай он қадамды жүзеге асыруына тура келеді:
1.Тақырыпты түсіну;
2.Ойшақырту амалдарын қолдану;
3.Идеяларды шағын тақырыпшаларға біріктіру;
4.Кіріспені, негізгі ойлар мен сұрақтарды жазу;
5.Негізгі бөлімнің параграфтарын жазу - негізгі сөйлемдерді жазу;
6.Негізгі бөлімнің параграфтарындағы түсініктемелер мен әңгімелер, мысалдарды жазу;
7.Қорытынды, зерттеу нәтижесі бойынша нақтыланған мәліметтерге сүйене отырып қорытынды жасау;
8.Бөлімдерін тексеру;
9.Идеясы мен сұрағынан ауытқымауын тексеру;
10.Мәтінді тексеру, оның нақты және дәлелді болуына көз жеткізу;
Әдетте, мақала немесе шағын зерттеу жұмысында оның әдісін бөлімдерден бөліп көрсетеді. Себебі, зерттеу әдісі мәтіннің бөлімдеріне қарағанда атқаратын қызметімен ерекшеленеді.