Сауалнаманың құрылымы: Сауалнама құрылымы зерттеу жұмысы мен сауалнаманы кімдерден алатынына байланысты. Егер бетпе - бет сұрақ қойылатын кезде түсінбеген сұрақтар жөнінде сұрақтарды түсіндіріп беру керек, егер көп адамнан сауалнама алуға тура келсе, электронды поштаны қолдану тиімді.
Сауалнаманы мүмкіндігінше қысқа етіп жасаған жөн, себебі сауалнаманы жауап берушілер аяқтамауы мүмкін. Егер көп жауап алуға тура келсе, жауаптарын таңдау және деңгейлерін сай нақты сұрақтарды жиі қолдануға болады.
Сауалнама түсініктеме ақпарат берумен басталғаны дұрыс. Сауалнаманы алмас бұрын, ақпарат берушіге зерттеу жұмысының мақсатын және ол кісінің берген ақпараты қандай мақсатта қолданылатынын сыпайы түрде түсіндіру қажет. Алдымен сауалнама алушы өзін таныстырып; не себепті зерттеу жұмысын алайындеп жатқандығы жөнінде ақпарат беруі тиіс.
Сауалнаманы алуды бастамас бұрын зерттеу жұмысы үшін қандай мәліметтер керек екенін және оны қалай қолдануға болатыны жөнінде білу керек.
Қойылатын сұрақтар жауап берушілерден толық қанды жауап алуы үшін бағытталады. Ашық сұрақтарда таңдау үшін жауаптар беріледі. Мұнда жауап берушінің өзіндік тәжірибесі мен түсінігіне қарай жауап алуға бағытталады.
Ашық сұрақтар мынадай мәліметтерден құрылуы мүмкін:
«Сіз негізінен қандай тауарлар сатып аласыз?»
«Сіз тауарды қайдан сатып аласыз?»
«Бұл жерде сауда жасау жөнінде кім кеңес берді?»
Сонымен қатар, ашық сұрақтар бұған дейін қойылған сұрақтарды нақтылау үшін де өте маңызды. Мәселен, «Неліктен бұл орынды таңдап алдыңыз?».
Жабық сұрақтар арнайы мәліметтерді жинау үшін қолданылады. Яғни, жауап беруші берілген мәліметтер ішінен жетісін таңдауына тура келеді. Мұндай сұрақтардың жауабы ия немесе жоқ; рас немесе жалған; келісемін немесе келіспеймін деп беруге болады.
Жабық сұрақтар мынадай түрде берілуі мүмкін.
«Осы дүкеннен бұрын тауар сатып алатвн ба едіңіз?» (ия немесе жоқ)
«Егер сатып алсаңыз, қаншалықты жиі сатып аласыз». Мәселен, мұндай сұрақтардың жауабы «аптасына бір рет», «айына бір рет» және т.б. негізде құрылуы мүмкін.
«Дүкеннің қызмет көрсету сапасына қаншалықты көңіліңіз толады?» Мұндай сұрақтардың жауабы «өте жоғары» деп берілуі мүмскін.
«Дүкенде сауда жасауды басқаларға ұсынар ма едің» (Иә/жоқ)
Сонымен қатар, сұрақтарды құрастыруда мына жайттарды ескеру қажет:
Зерттеу сұрақтарының орналасу реті өте маңызды. Жауабы зерттеуші үшін маңызды деген сұрақтардан басталғаны дұрыс. Сұрақтар күрделі грамматикалық құрылыммен жазылғаннан да қарапайым түсінікті тілмен жазылуы тиіс.
Тақырыптары ұқсас сұрақтарды бірге топтауға тырысу керек, бұл жауап берушілерге жылдам, әрі оңай жауап беруге мүмкіндік жасайды.
Кейбір зерттеушілер сұрақтарды араластырып беруге мүмкіндік береді. Бірақ, мұны зерттеу жұмысын жүргізуден тәжірибесі бар адамдар жүргізгені дұрыс.
Сонымен қатар, тест сауалнамасын жүргізген де дұрыс, себебі шағын топтан жылдам сыни пікір алып зерттеу туралы қорытынды жасауға көмектеседі.
Зерттеу барысында жиі кездесетін қателік зерттеу сұрақтарын дұрыс құрмау.
Сауалнама сауалдарын құрып болған соң, оны таратудың жолын қарастыру қажет. Сауалнамаларды ғаламторды қолдану арқылы таратуға болады.
Сауалнаманы таратпай тұрып, оны тексеріп алған жөн. Яғни, сұрақтардың түсінікті және орынды қойылғанына көз жеткізу қажет. Содан кейін сауалнаманы таратуға болады.