SBTKA 4307 Сыныпта биологиялық тәжірибе қою әдістемесі пәнінің
СИЛЛАБУСЫ Білім беру бағдарламасы: 6В01513-Биология
Оқу формасы: күндізгі
Курс: ІҮ, семестр: ҮІІ
Академиялық кредит/сағат: 5/150
Оқу тілі: қазақша
Силлабус кафедраның ___.___.20___ж. (№ хаттама) мәжілісінде талқыланды
Факультеттің оқу-әдістемелік комитетінің төрайымы _________
Кафедра меңгерушісі ________________
Пән координаторы: ___________________
Пән оқытушысы туралы мәлімет:
Пәннің сипаттамасы: Мектеп бағдарламасы аясында сыныпта биологиялық тәжірибе қою техникасымен және әдістемесімен таныстырып, биологиялық тәжірибелерді жүргізу туралы заманауи түсініктерін қалыптастыру. Оқу курсы студенттерде мектепте биология курсындағы тақырыптар бойынша биологиялық тәжірибелер жүргізу үшін экспериментальды икемділіктері мен дағдыларын қалыптастырады. Пән биологиялық тәжірибелерді жүргізу әдістемесін үйрену арқылы мектеп жағдайына тиімді әдістемелерді зерттеуге бағытталған.
Білім беру бағдарламасындағы оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі құзыреттіліктердің дамуына бағытталған.
Құзыреттер (Қ)
Білім беру бағдарламасының оқыту нәтижелері (ББ ОН):
Б4. Биологияны оқыту саласындағы әдістерді педагогикалық қызметінде қолдану қабілеті
ОН 10 - сыни тұрғыдан ойлауы мен ұйымдастыру, басқару икемі, келісімдер жүргізе алу қабілетін, күнделікті кәсіби қызметте және білімді жалғастыруға қажетті жаңа білімдерді алу дағдыларын меңгереді