Қағаз бетіндегі саяхат
Ынтымақтастық атмосферасын, жылдамдықты, жүйелілікті, жағымды ахуалды қалыптастырады. Тыңдаушылардың әрқайсысы постерге ортақ сурет салуға өз үлесін қосады. Әр қатысушы кезек-кезекпен бір сызықшадан (фигура, кескін) қаламның ұшын қағаздан алмай жалғастырып кету керек. Әр адамға 10 секунд уақыт беріледі. Басты шарт қаламды қағаздан үзбей сурет салу. Сызықтар бір-бірімен қиылысуы мүмкін. Әр түсті маркер қолдануға да болады. Бұл жаттығуды топ болып орындаса да болады.
Сұрақтар пирамидасы
6 топқа Блум пирамидасының бөлімдері үлестіріліп беріледі: «Білім»,
«Түсінік», «Қолдану», «Талдау», «Жинақтау» және «Бағалау». Ол түрлі-түсті қағаз қиындыларынан жасалғаны жөн.
Содан кейін әр топқа қиындыларға жазылған бірнеше сұрақтар беріледі.Мысалы, «Не?», «Қалай түсіндіресіз?», «Салыстыр», «Қандай нәтиже шығаруға болады?», «Сіз бұл жағдайда қандай шешім қабылдар едіңіз?» т.с.с
Топ ішінде сұрақтарды талдап,өздеріне берілген Блум пирамидасының қиындысына сәйкесті келетін сұрақтарды жинақтап,оны желімдейді.
Осы жұмыстың қортыңдысында әр топтан бір тыңдаушы өздерінің таңдаған сұрақтарының осы бөлімге сәйкесті келетіндігін дәлелдейді.
Бұл жұмыс түрінің тиімділігі – тыңдаушылардың төмен және жоғары дәрежелі сұрақтарды ажыра білу дағдыларын жетілдіруде.Ол өз кезегінде мектеп тәжірибе кезінде оны үйлесімді пайдалануыңа көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |