Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



бет41/146
Дата26.01.2022
өлшемі10,79 Mb.
#24394
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   146
Байланысты:
әдіс тәсілдер коучингқа

Жеделхат

Жеделхат – телеграф (телетайп) арқылы берілетін жедел сипатты құжат. Оны кез келген тұлға құрастырып жібере алады. Оның мәтіні қысқа, дәл, ең ұзақ дегенде

300 сөзден аспауы керек. Цифрлар жазбаша түрде беріледі, ешбір түзетулер болмағаны жөн. Жеделхаттар ішкі және халықаралық болып бөлінеді. Ішкі жеделхаттарға мемлекет ішінде жіберіліп қабылданатындар, ал халықаралық жеделхаттарға шет елдерге жіберілген немесе шет елдерден келгендері жатады. Ішкі жеделхаттар “үкіметтік”, “жедел”, “жай” болып үшке бөлінеді. Басқа құжаттар сияқты жеделхаттың да өз реквизиттері болады. Олар: жеделхаттың санаты мен түрі, нөмірі, датасы, жіберілген уақыты, алушының аты мен мекенжайы, мәтін, қол.

Жеделхаттың негізгі мақсаты керекті ақпаратты тез жеткізу болғандықтан, оны қысқа және түсінікті етіп жазу керек. Бірақ сөздерді түсініксіз етіп қысқартып тастаудың қажеті жоқ, түсінікті, стандарт қысқартуларды ғана пайдаланған жөн. Егер жеделхат мақсаты алушыдан ақпарат алу немесе мәселені шешу т.б. болса, онда етістіктерді бұйрық рай тұлғасында беріңіз. Мысалы: “жіберіңіз”, “салып жіберіңіз”, “шешім қабылдаңыз” т.б. Ал жеделхат жауап беру мақсатында жазылса, етістік ашық рай тұлғасында қолданылады. Мысалы: “алдым”, “жеткізілді”, “келеді”, “орындалады”, “барады” т.б.

Сабақ басында, ортасында немесе соңында 10-15 сөзден тұратын тақырып туралы ата-аналарына, құрбыларына немесе өзі таңдаған басқа тұлғаларға жеделхат жазу ұсынылады. Оның мәтінін құруға 2-3 минут уақыт беріледі, содан соң барлығы өз жазғандарын өздері оқиды. Қорытынды жасайды.

Жеделхатты тақырыпты өткенен кейін де жаздыртуға болады. Онда не ұққанын немесе ұқпағанын жаза алады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет