Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



бет43/146
Дата26.01.2022
өлшемі10,79 Mb.
#24394
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   146
Екінші талдау кезеңінде жазылған сөздердің ішінен тақырыпты ашудағы маңызды деп танылатын үш сөзді таңдау ұсынылады. Сөздердің тұсына қара қарындашпен студент есімдерін оқытушы немесе студенттердің өздері жазып қалдырып отырады. Оқытушы ең көп таңдау түскен сөздерді анықтайды. Таңдап алынған сөз талқыланып отырған мәселе бойынша топтың пікірі ретінде қабылданады. Сөздердің авторлары анықталып, пікірлері тыңдалады немесе сол сөздің тұсында кімнің есімі жазылып тұр, сол қатысушыдан оны таңдау себебі сұралады.

Үшінші рефлексия кезеңі. Онда студенттер:

☺ тақырып бойынша бастапқы білімдерін, болжамдарын жазады;

☺ талдау кезеңінен кейінгі өз пікірінің өзгергенін немесе өзгеріссіз қалғанын;

☺ егер көзқарасы өзгерсе, оның себебін;

☺ тақырыпты меңгерудегі осы әдістің тиімділігі немесе тиімсіздігі. Рефленксия кезеңінде барлық студенттің сөйлеуіне мүмкіндік берілгені



абзал.

«Әліпби» әдісі жас ерекшелік және тақырыптық шектеудің болмауымен



ерекшеленеді. Оны бастауыш сыныптан бастап, жоғары оқу орындарының студенттеріне дейін қолдана беруге болады. Бұл әдісті шағын топтар арасында пікірталас ретінде де өткізу тиімді. Оның алгоритмі өзгеріссіз қалады. Тек бір тақырып төңірегінде екі немесе үш шағын топ өз технологиялық карталарын жеке-жеке толтырып, пікірлерін дәлелдеп, өзара пікірталасқа түседі. Сондай-ақ, күрделі тақырыпта қарастырылатын сұрақтарды әр топқа жеке-жеке бөліп беру де тиімді. Мысалы, «Табиғи орта» - «Әлеуметтік орта», - деген сияқты.
Әңгімеге негізделген жазу
Берілген әңгіме бойынша шақыру қағазын, хат, ашықхат, электрондық хат, күнделік жаздыру үшін студенттер шағын топтарға немесе жұптарға бірігеді. Берілген жұмыс түрлерінің бірін таңдайды немесе жеребе арқылы анықталады. Жазу уақыты белгіленіп,

студенттерге ескертіледі. Әр топта немесе жұпта бір хатшы сайланады. Студенттер не жазатындарын талқылап, бір-бірімен пікір алмасады. Жазып біткенен кейін олар өз жұмыстары төңірегінде ой бөліседі.



  1. Шақыру қағазы

Студенттер кеш, туған күн немесе басқа да мерекелер туралы айтылған әңгімені тыңдағанан кейін шақыру қағазын жазады.

  1. Хат

Әңгіме кейіпкерінің атынан хат жазады.

  1. Ашықхат

Қатысушылар әңгіменің кейіпкерінің атынан оның ата-анасына хат жазады.

  1. e-mailхат

Әңгіменің бір кейіпкеріне электрондық хат жазады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет