Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



бет7/146
Дата26.01.2022
өлшемі10,79 Mb.
#24394
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   146
Оқыту тәсілі -әдіс элементі, оның құрама бөлігі, әдістің көлемі бойынша кішігірім, құрылымы бойынша жай болатын болса, онда әдісті және әдіс модификациясын орындау жолындағы өзгеше қадам болып табылады. Әдіс пен тәсіл арасында өзара ауыспалық байқалады. Беріліп отырған пәннің мазмұнына қарай әдіс тәсілге, тәсіл әдіске айналуы мүмкін.

Негізінде әдіс те, тәсіл де - нәтижесінде білім, шеберлік пен дағды берілетін оқытушы мен білім алушы арасындағы өзара әрекет. Айырмашылығы: тәсіл – бір ғана нақты білім, шеберлік, дағдыны қалыптастыру үшін қолданылатын, қысқа мерзімді амал. Ал әдіс — бірнеше тәсілдерді біріктіріп, көптеген кезеңдерден тұратын ұзақ үдеріс. Сол себепті де оқыту тәсілі әдістің құрамдас бөлігі ретінде қарастырылады.



Стратегия – көпмағыналы түсінік. Бұл термин көбінесе күрделі міндетті орындауға жету тәсілі ретінде қарастырылады, жалпы мақсатқа жету үшін басшылық ету өнері.

«Стратегия» түсінігі ежелгі Грецияда соғыс жүргізу өнері, сол туралы ғылым ретінде пайда болып, қалыптысқан. Кейіннен ол сөздің мағынасы кеңейе

келе, қазіргі кезде іс жүргізудің ойластырылған жоспары ретінде қолданылып жүр. Ол көбінесе іс-тәжірибелік қызмет саласына қатысты айтылады.

Стратегия – барлық ресурстарды үйлестіру жолымен ұзақ мерзімді мақсатқа жету үшін қажет болатын әрекет моделі.

Соңғы кездері әдістеме саласында әдіс-тәсілдердің баламасы ретінде қолданылып жүр, дегенмен, олардың айырмашылықтарын білген жөн.

Оқытудың интербелсенді және белсенді әдістері бойынша оқыту мен оқу үдерісіне оқытушы мен білім алушы бірдей деңгейде қатысады. Білім алушылардың өздері сабақты оқытушымен бірге құрастырып шығады, мақсатқа, нәтижеге бірге жетеді. Оқытудың белсенді әдістерін ХХІ ғасыр жаңалығы ретінде танудың қажеті жоқ. Себебі ол мәселе Я. Коменский, И. Песталоцци, А. Дистервег, Г. Гегель, Ж. Руссо, Д. Дьюи еңбектерінен көрініс табатыны бәрімізге белгілі.

Интерактивті әдістерді қолдануда кейбір ережелерді есте сақтау қажет:

☺Бірінші ереже. Жұмысқа білім алушылар толығымен қатысуы керек.

☺Екінші ереже. Қатысушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау, сабақ барысында сергіту сәті, білім алушыларды белсенділігі үшін марапаттау, өзін-өзі көрсетуіне мүмкіндік тудыру.

☺Үшінші ереже.Кабинет талапқа сай болуы қажет .

☺Төртінші ереже. Жұмыс орнына назар аудару қажет. Оқу орны ыңғайлы және жайлы болуы тиіс. Студент өз пікірін, көзқарасын білдіріп, дәлелдеп беруге мүмкіндік жасалуы керек.

☺ Бесінші ереже. Оқу барысында процедураға және регламентке назар аударған жөн. Мысалы, белгіленген уақыттан асып кетпеу, бөгде кісінің пікірін сыйлау, сөзді бөлмеу, оның ар-ожданын сыйлау.

☺Алтыншы ереже. Студенттерді проблема шешу барысында шағын топтарға біріктіруге мұқият қарау .

Интерактивтік әдістеме өзара қарым-қатынастың мол ауқымын қамтиды. Дегенмен, әдістемелік амал қандай болса да, студенттердің өздерінің өмірлік тәжірибелері білім берудің негізгі көзі саналады. Оқу үдерісінің барысында мынадай қарым-қатынасқа түседі:

☺оқытушымен (студенттер оқытушының сұрағына жауап берген кезде);

☺өзге білім алушымен (бірге жұмыс істеу барысында)

☺шағын топтармен (3-5 қатысушымен);

☺тұтас топпен (көбіне пікірталас, барлығы әлдебір мәселені талқылау барысында);

☺студенттер тобымен және халықпен (топ әлеуметтік сауалнама жүргізетін болса);

☺кейбір техника түрлерімен (мысалға, компьютермен).

Оқытудың белсенді әдістерінің сипаты:

☺ ойлау қабілетінің белсенденуі, қатысушы белсенді болуға міндетті;

☺ қатысушының белсенділігі эпизодтық қана емес, оқу үдерісінің өн бойында сақталады, яғни бір ғана тапсырманы орындауда ғана көрінбей, сабақ соңына дейін толық қатысады;

☺ мақсатқа жету үшін өз бетімен шешім қабылдауға мүмкіндік беріледі;



☺ оқуға деген уәжі болады.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет