Өрмекшінің тоdоs)ры
Жұмыс күнінің соңында тыңдаушылармен күні бойы қарастырылған материал бойынша
міндетті түрде рефлексия жасау қажет. Ол рефлексияларды «Өрмекшінің торы», «Аялдама», «Сен –маған, мен-саған», «Қар кесегі» сияқты әдістемелік ойындар түрінде ұйымдастырса болады.
Ойынға қатыса отырып, өзін емін-еркін сезінетін жағдайда бүгінгі өткен тақырыпты қайталай отырып, меңгерген, өзіне қызықты болған материалдарды есіне түсіреді және күмән тудырған мәселелелер, өзін мазалаған сұрақтар бойынша қосымша мәлімет алады, білім қоржынын толықтырады.
Ойынға қатысу арқылы тыңдаушыларға әдістемелік ойындардың техникасын меңгеруге жағдай жасалады.
«Өрмекшінің торы» ұйымдастырылу барысы:
☺ белгілі бір тақырыпты қорытындылаған кезде тыңдаушылар шеңбер құрып тұрады;
☺ араларында тұрған оқытушы немесе тренер не болмаса топтың бір
студенті қолына шумақ жіп алады;
☺ күн тақырыбын тыңдаушылардың есіне түсіріп, әңгіменің басы болатындай фразаны айтады да (мысалы: «Бүгін тақырыпта мынадай мәселе қарастырылды: ...», «Менің ойымша..»), қолындағы шумақ жіптің ұшын алдын ала өз саусағына орап, шумақты шеңберде тұрған кез келген қатысушыға лақтырады;
☺ ол адам қарастырған тақырып бойынша маңызды ақпаратты, тақырып
идеясын ашатындай сөйлемді айтып, жіптің ұшын өз саусағына орап, шумақ жіпті келесі адамға лақтырады;
☺ шумақ жіп барлық тыңдаушының саусағына оралған кезде шеңбердің
ортасында «өрмекшінің торы» тоқылады;
☺ енді шумақ жіпті ең соңында алған тыңдаушы саусағына оралған жіпті тарқатып, өзін мазалаған немесе түсініксіз болған, күмән тудырған сұрағын айтып, шумақ жіпті керісінші бағытта лақтырады.
☺ жіпті алған адам қойылған сұраққа жауап беруге тырысады. Ол жауап
бере алмаса, шеңбердің ішінде тұрған кез келген адам жауап бере алады.
☺ Бұл іс-әрекет «өрмекшінің торы» толық тарқатылғанша жалғаса береді.
Осылайша тыңдаушылар ойнай отырып, тақырыпты қорытындылап, мәліметтерді нақтылап, белгісізді анықтап алады. Тыңдаушылардың пікірінше, бұл жұмыс өте тиімді. Сабақ соңында материал тағы бір қайталанып, есте көбірек сақталады.
Жалпы, «Өрмекшінің торы» әдісін сабақ соңында кері байланыс не рефлексия түрінде пайдалану да өте тиімді.
Достарыңызбен бөлісу: |