Фильмдерді көру және оdоs)ны талдау
Сабақ барысында көркем фильмдерді және шағын бейне-баяндарды, олардың үзінділерін қолдануға болады. Тақырып пен мақсатқа сай материалды тек қана қосымша емес, сабақтың кез келген кезеңінде көрсетуге болады. Көрсетілімнің алдында студенттерге бірнеше (3-5) кілтті
сұрақтарды беріп қою қажет. Бұл талдауға негіз болатын сұрақтар. Фильмді арнайы таңдалған жерлерінен тоқтатып дискуссия өткізуге болады. Пікірталас барысында оқиға әрі қарай қалай өрбиді немесе қалай аяқталады деген сияқты да сұрақтарды қоюға болады. Соңында студенттермен бірге талдап, қорытындысын шығару қажет. Бұл да - өте ұтымды жұмыстың бір түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |