Бір минут
Бұл әдіс студенттерде оқылған материалдан түйінді, басты ақпаратты іріктей білу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі, сондай-ақ белсенді тыңдау дағдысын дамытады. Аталған әдісті «Ыстық орындық» әдісімен байланыстыруға болады. Топқа қаратып бір «ыстық» орындық қойылады. Сондай-ақ барынша жайлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету мақсатында
«ыстық» орындықты дөңгеленіп отырған қатысушылардың ортасына қоюға болады.
Жүргізу барысы:
☺ студенттер тиісті тақырыпты зерделеп, өздері негізгі деп санайтын ақпаратты атап көрсетеді. Олардың мәселені топта немесе жеке зерттеуіне болады.
☺ оқуға берілген уақыттан кейін студенттер «ыстық» орындыққа отырып, бір минуттың ішінде өздерінің басты қорытындысын/ақпаратын ұсынады;
☺ басқалары мұқият тыңдаулары керек, егер де олар «ыстық» орындықтағы студенттің тақырыптан ауытқығанын немесе қайталанғанын, күмәнді деректер келтіргенін аңғарса, наразылық білдіре алады. Мұндай жағдай орын алса, жауап беру тоқтатылады;
☺ ұйымдастырушы наразылықтың дұрыс/бұрыстығын айтып, өз шешімін дәйектеуі қажет;
☺ Егер де наразылық дұрыс деп танылса, онда «ыстық» орындықтағы студент ойыннан шығып, орындықты босатады. Наразылық танытқан студент ұпай алады;
Егер де наразылықтан қабылданбаса, онда студент келесі наразылық білдірілгенге дейін немесе бір минут аяқталғанша өз сөзін жалғастырады. Сонымен қатар, өзіне тиесілі минут бойынша «ыстық» орындықта отыра алса, ұпай алады.
Қосымша тапсырма ретінде студенттермен «Тұжырымдамалық карта» әдісі бойынша тақырыпты талқылауға болады, онда олар «Бір минут» тапсырмасын орындаған кезде алған барлық ақпаратты жинақтайды және құрылымдайды.
Достарыңызбен бөлісу: |