Симбаева белсенді оқу мен оқытуда қолданылатын әдістер әдістемелік қҰрал



бет114/146
Дата26.01.2022
өлшемі10,79 Mb.
#24394
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   146
Байланысты:
әдіс тәсілдер коучингқа

Семантикалық карта


Семантикалық карта - әңгіменің тірек терминдері арқылы студенттердің ассоцицияларын анықтауға бағытталған графикалық органайзер.

  1. Тірек сөзді таңдау, ол сирек қолданылатын немесе студенттерге белгісіз сөз болуы мүмкін. Дегенмен ол мәтінді түсінуде маңызды болуы керек.

  2. Студенттерге ұсынылған сипаттамаларды жіктеудің негізгі сұрақтарын анықтау.

  3. Студенттердің ұсыныстарын жаза отырып, сөздің барлық жіктеулерін қамту үшін оларға өз сұрақтарын қойғызу.



Тұжырымдамалық карта

Тұжырымдамалық карта – бұл ақпаратты ұйымдастырып, белгілі бір тәртіпке келтіріп ұсыну үшін пайдаланылатын диаграмма. Оны тақырыпты түсіндіруде де, талдауда да қолдануға болады. Басқаша айтар болсақ, бұл – шағын топтардың барлық топқа көрсету үшін өз ойларын тәртіпке келтіріп жазудың анағұрлым қолайлы тәсілі.



Жұмыс алгоритмі:

  1. Диаграмманың ортасына негізгі идеяны жазу.

  2. Негізгі идеядан негізгі тақырыптарға тарайтын «тармақтарды» сызу. Негізгі тақырыптарды сөздер/тіркестер немесе бейнелер түрінде белгілеу.

  3. Айтарлықтай маңызды емес, бірақ тақырыппен байланысты мәселелерді көрсету үшін тақырыптардан туындайтын «тармақтарды» сызу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет