Дәріс – оқу материалының логикалық тұрғыдан бірізділік қағидатына құрыла отырып, жүйелі, терең және нақты берілуі. Оның мақсаты білім алушыларға
тақырып бойынша ақпарат беріп қана қою емес, танымның іргелі мәселелерін меңгерту, ойлаудың жаңа көкжиегін көрсету болып табылады. Оқу үдерісінде дәрістің атқарар міндеті көп, атап айтатын болсақ, әдіснамалық, ұйымдастырушылық, ақпараттық, тәрбиелік, танымдық, т.б. Білім алуды ұйымдастырудың басқа түрлері: семинар, зертханалық жұмыстар, курстық жұмыстар, сынақ, емтиханның барлығы да дәріспен тікелей байланысты.
Сол себепті де шағын дәрістер теориялық материалды ұсынудың тиімді түрінің бірі болып табылады. Оны өткізуде мына мәселелер ескерілуі шарт:
☺Оны бастар алдында талқыланатын тақырыппен байланысты, миға шабуылды немесе рөлдік ойынды өткізу қажет, бұл қатысушылар үшін оның маңызын арттырады, оларды ақпараттандыру дәрежесі мен тақырыпқа қатынасын анықтайды.
☺Материал қатысушылар үшін ұғынықты тілде мазмұндалады. Әрбір терминге анықтама беру қажет. Теорияны «жалпыдан жекеге» қағидаты бойынша түсіндірген дұрыс. Келесі сұраққа көшер алдында айтылғандардың бәрін жинақтау және сізді дұрыс түсінгендеріне көз жеткізу керек.
☺Сенімді дереккөздерге сүйену маңызды және айтылғандардың бәрін сіз ойлап таппағаныңызға, оны осы саладағы мамандар зерттеп және сипаттағанына назар аударту абзал. Сосын қатысушыларда пайда болған
барлық сұрақты талқылау керек, аталған ақпаратты тәжірибеде қалай қолдануға болады және мұны қандай нәтижемен жүргізу керек, соны сұраған абзал.
☺Шағын дәрістерді интерактивті режимде өткізу реті: қандай да бір ақпаратты хабарлар алдында оқытушы қатысушылардан олардың бұл туралы не білетінін сұрайды; қандай да бір бекітуді ұсынғаннан кейін бұл мәселе бойынша қатысушылардың ой-пікірін талқылауға ұсыныс жасайды.
Мысалы:
Ал сіз қалай ойлайсыз?
Сіз мұны қалай істеуді ұсынасыз? т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |