Ассоциация латынның «біріктіру» деген сөзін білдіреді. Ол сезіну, түсіну, ойлау және елестету қабілеттері арқылы екі түрлі танымның өзара байланысы болып табылады. Ассоциация әдісі
сөйлеуге үйретеді, тілдік әрекетін белсенді етуде көркем әдебиетте қолданылады. Осы арқылы білім алушылардың ойлау, сезіну, түсіну, дұрыс сөйлеу қабілеттері дамиды.
Сонымен, ассоциация әдісі – зат немесе кейіпкер жайлы жалпы мәлімет жинау. Бұл әдіс берілген мәселе бойынша ой қорытып, тұжырымдап, оны көрініс түрінде көрсетуге мүмкіндік береді. Ассоциация – жалпы мағынасында айнала қоршаған дүниенің үздігін таныту үшін қолданылатын білім алудың көзі. Мысалы: күз мезгілін таныту үшін логикалық танымда ең алдымен санаға келетін түсініктер: салқын, жаңбыр, қурайды, сарғаяды, сары жапырақтар, сыртқы жылы киімдер, бұлтты күн, қырман, т.б. Бұлардың барлығы - адамның бас сезім мүшелері арқылы, яғни сенсорлы перспективті қабылдап тануы негізінде санада жинақталған білім көздері, яғни күз мезгіліне берілген ассоциациялар. Орындалуы:
қадам. Шеңбер сызып ортасына тақырыптың атын жазу
қадам.Дәптерлеріне сол тақырыпта өздері білетін ақпаратты жаздыру
қадам.Сол тақырып бойынша жазғандарын талқылау немесе таныстырылым жасау
қадам.Тақырып бойынша алынған бүкіл ақпараттың тізімін жасау
қадам. Тақырып түсіндірілгенен соң алдыңғы студенттер берген ақпаратпен салыстыру.
Бұл әдіс пікірід ашық, еркін жеткізуге мүмкіндік туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |