емес, өйткенi оның қоғамға қажетi шамалы. Сондықтанда әрбiр тауар қажеттi тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзiнiң өндiрушiсiне қатынасы бойынша айырбас құны ретiнде
Әрі қарай «ИНСЕРТ» тәсіліндегідей жалғастыруға болады, яғни мәтін тағы қайталанып оқылады. Бағандағы пікірлер толығуы, ауысуы ықтимал. Сосын талдау жұмысы басталады: әрбір бағандағы пікірді неге сол позицияға жазылғанына түсінік беріледі. Қатысушылар құрбылары, оқытушы тарапынан түсініктеме алады немесе ойлана отырып, ақиқатты өзі анықтайды.
Бұл әдісті сабақ мақсатын, тақырыбын ашу кезінде де пайдалануға болады. Ол үшін оқытушы сабақ тақырыбын хабарлап, бірге мақсат қойылған соң жасыл, сары, қызыл қызыл түсті стикер немесе параққа үш түрлі пікір жазуларын ұсынады. Жасыл – күтілетін нәтиже, сабақ соңында нені толық меңгеріп шығуы мүмкін. Сары – нәтижеге жетуі ықтимал, бірақ әлде де күмән тудыратын мәселе. Қызыл – түсінбей қаламын деп қауіптенетін мәселе. Осы парақтарды апарып белгіленген жерге жабыстыруға немесе өздерінде құпия ұстауға болады. Сабақ соңында жеткен нәтижемен салыстырылады.
Сонымен қатар рефлексия түрінде пайдалануға да болады. Мысалы, топтық жұмыс кезінде өзін немесе басқа топты, басқа қатысушы әрекетін бағалау үшін: жасыл- топтың жемісті жұмыс істеуі үшін барлық мүмкіндігімді пайдаландым; сары–бұдан да жақсы жұмыс жасауға болатын еді; қызыл–қанағаттанбаймын, барлығын жасап үлгермедім (немесе басқа топқа баға берсе, «үлгермеді»).
Тезис-коdоs)нспект
Жалпы тезис - ғылыми жұмыстың немесе баяндаманың, т.б. не туралы екендігі бірден айқын болатын қысқаша түсініктеме. Ойды білдіруге негіз
Тезис – грек тілінен аударғанда «ереже», «пайым», «тұжырым» дегенді білдіретін екінші кезектегі құжат. Себебі ол бірінші кезекте жазылған мақала, кітап т.б. жазылады. Тезис – бұл дәлелдейтін немесе жоққа шығаратын тұжырымдама-пайымдаулар. Тезистің көшірмелерден өзгешелігі, ұсынылатын дәйектерге дәлелдер келтірілуі тиіс.
Тезис-конспектәдісі бойынша әрбір студент алдымен мәтінді оқып танысады. Оған арнайы уақыт белгіленеді. Басты ұғымдар, ережелер, негізгі идеялар бөліп алынып, тезис-конспект жасалады. Бұл жердегі мақсат – студенттің тақырыпты меңгергенін бақылау. Сонымен қатар, түйінді ой, ұғымдарды бөліп қарастыра отырып, есте сақтау жолын жеңілдету. Шағын топта бірлесе орындап, топ ішінде талқылау арқылы да есте ұзақ сақтауға ықпал етуге болады.
Тезистердің бірнеше түрі бар, мәтін ерекшелігіне байланысты соның кез келгенін жаздыруға болады.
Негізгітезистер- дереккөзінің мазмұнын жалпылайтын басты тұжырымдамалар. Мұндай тезистерден кейбір жағдайда материалдардың мазмұнын тұтастай айқындайтын жеке жазбалар жасалады.
Қарапайымтезистер – бұл басты ой-пайымдаулар, кейде конспект, рефераттың құрамдас бөлігі ретінде енгізіледі. Кез келген еңбекте, оның әрбір бөлімшелерінде қарапайым тезистер көбірек кездеседі. Қарапайым тезистерді еңбектің тұтастай мазмұнының жалпы бағыттылығына қарамастан, оның барлық бөлімшелерінен бөліп алуға болады.
Тезистердің келесі түрі, алдыңғы екеуімен салыстырғанда өзінің құрылысы жағынан күрделі болып келеді. Өйткені мұнда негізгі және қарапайым тезистер қатар қолданылады. Сондықтан оны күрделі тезистер деп атайды.
Күрделі тезисте негізгі тезистерден кейін қарапайым тезистер келтіріледі. Бұл оқығанды бекітудің пайдалы және жетілген түрі болып келеді.
Тезистерді тұжырымдамалау нақты және қысқа болуы керек. Онда негіз болатын фактілер мен мысалдар келтірілмейді.
Егер, дайын тезистерді пайдаланған кезде олардың негіздемелері мен дәлелді жақтарын білмесеңіз, онда жалаң қорытындылар шынайы білім алу үшін жеткіліксіз. Дәлелдер тезис жасалып отырған кітапта немесе мақалада беріледі, ал негіздеме мен дәйектерге жазбада сілтеме жасау қажет. Сондықтан әдебиеттермен жұмыс істеген кезде оларда берілетін тақырыпқа қатысты дәлелдік- дәйектеу тұстарына аса мән беру қажет.
Дәйексөз тезистері.Тезистердің бір бөлігі дәйексөз ретінде келтірілуі мүмкін. Мұндай әдісті әртүрлі көзқарастарды салыстыру үшін пікірлеме, аннотация жазғанда қолданады. Сондай-ақ, жасалатын қорытындыларға қатысты аса сақтық қажет болған жағдайда пайдаланылады. Алайда дәйексөз тезистері кейбір жағдайда өте ұзақ болуы мүмкін. Сондықтан оларға жоспар бөлімшелерін жасау керек.
Мысалы,«Абылай хан» атты 2 беттік мәтін тезисін былай беруге болады:
Абылайхандықазақелітарихындағыасакөрнектімемлекетқайраткері ретінде танимыз. Оның аты қалмақтың бас батыры – Шарыштыжеңгененкейіналтыалашқамәлімболадыда,ортажүздіңсұлтаныатанады. Кейіннен үш жүздің басын біріктіреді және ұрыстағы барлық өкімсоныңқолынаөтіп,басқолбасшыретіндехалықтыңсүйіктітұлғасынаайналады. Сөйтіп, Қазақ мемлекетінің іргетасы нығайып, өркендеуі жолындақажырлыеңбек етеді.
Бұл жерде негізгі мәтінде берілген басты ой, бірізділік сақталған, бірақ, қысқа да нұсқа беріліп тұр.
Тезис жазу да асқан шеберлікті талап етеді. Ол үшін негізгі ойды, жанама пікірлерден айыра білу талап етіледі. Шығармашылық қабілетті, сыни ойлауды шыңдайды.