Интербелсенді («Inter» - өзара, «act» - әрекет) – үнемі біреумен» - өзара, «act» - әрекет) – үнемі біреумен әрекеттестікте, диалог құрып, әңгімелесу үстінде болуы тиіс. Басқаша айтқанда, белсенді әдіске қарағанда студент тек оқытушымен ғана емес, бір-бірімен кең көлемде әрекеттестікте болулары шарт және оның белсенділігі басымдылыққа ие. Ал оқытушы - сабақтың мақсатына жету жолында оларға бағыт беруші. Сонымен қатар, студентті белсенді әрекетке жұмылдырып, оқу материалын өз беттерімен меңгеруге жетелеп отыратын өзара белсенді жаттығулар мен тапсырмаларды әзірлейді. Интербелсенді сабақтың негізін өзара белсенділікке жұмылдыратын әдіс-тәсілдер құрайды. Студенттер жаңа тақырыпты да өздері меңгереді. Интербелсенді әдістер арқылы студенттер оқу материалын жылдам меңгереді, естеріне сақтауға да тиімді. Сондықтан да инновациялық оқытудың негізі интербелсенді әдістерде жатыр.
«Қалай оқыту керек?» дейтін дәстүрлі дидактикалық сұрақ заңды түрде оқыту әдісінің категориясын шығарады. Әдіс жоспарланған мақсат пен соңғы нәтиженің арасын байланыстыратын оқу үдерісінің өзегі болып табылады. Оның жүйедегі айқындаушы рөлін «мақсат – мазмұн – форма – оқыту әдісінің құралдары» көрсетеді.