Фоdоs)рум
Бұл әдіс те белгілі бір тақырыпты талқылауға, соның төңірегінде ой өрбітуге негізделеді. Жалпы “ТВ-шоуға” ұқсас. Үлкен форумдардың өтуі сияқты алдын ала мәселе қойылады, ол өтілген тақырыпқа немесе тұтас бір тарауға қатысты болуы шарт. Форумға топтың барлық мүшелері
қатыса алады. Модератор үдерісті бақылап, тақырыптан ауытқып кетпес үшін бір арнаға бұрып отырады. Ал қалған қатысушылар өз орындарынан сұрақ қойып, өз пікірлерін берілген уақытта қысқа түрде баяндайды, тайм-
менеджмент қатаң сақталуы тиіс. Осы арқылы бүкіл аудитория пікірталасқа түседі.
Жалпы форум – адамдардың алқалы бас қосуы, онда көп мәселелер талқыға түседі, тәжірибе алмасады. Форум сөзі Ежелгі Рим тарихымен тікелей байланысты. Ол кезде мәмілелер жасалатын, келісімге келетін, бір сөзбен айтқанда қаланың қайнаған өмірі өтетін орталық алаңды атаған.
Достарыңызбен бөлісу: |